Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы


Лекция 10. Ғылыми дүниетаным оқушылардың интеллектуалды дамуының негізі



бет28/73
Дата17.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191761
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Лекция 10. Ғылыми дүниетаным оқушылардың интеллектуалды дамуының негізі.

10.1. Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.

10.2.Дүниетанымның құрылымы, түрлері, оны қалыптастырудың әдіснамалық негіздері.

10.3.Оқушылар дүниетанымын қалыптастырудың құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, іс-әрекет түрлеріне қатыстыру, отбасы мен метептің өзара ынтымақтастығы.
Негізгі ұғымдар: дүниетаным, дүниеге көзқарас, әлеуметтік орта, әлеуметтену, жеке тұлғаны дербестендіру.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Жеке тұлғаның, оныңішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан кҰкейкесті мәселеге айналуда.
Қазіргі нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру процесіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатыр.
Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Арман-мұрат жеке тұлғадан басталады. Бұл арман-мұрат негізгі адамгершілікке байланысты белгіленеді, ал оған шартсыз мағынасындағы, шексіз қабілеттілігіндегі жеке тұлға ұғымы жатады. Қоғамда жеке тұлғаның өмірлік міндеттері қайталанып қана қоймайды, оның арман-мұратқа ұмтылысындағы күш-жігері де толығады. Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өмірі индивидуалдық өзін-өзі танытуға талпыну мен шартсыздық пен жоғары даралыққа ұмтылу сияқты тербелісте болады. “Жеке тұлғаның шартсыздық принципі қажет болған сайын бүкіл адамзаттық, ғаламдық ынтымақтастық арман-мұратына әкеледі... Қоғамдық арман-мұратқа еркін универсализм принципі деп анықтама беруге болады” (П. И. Новгородцев).
Дара тұлғаның дүниетанымы жалпы білімдер дегенді және оларды құбылыстарды тану мен бағалау үшін және шешім қабылдау үшін пайдалана алу біліктері дегенді білдіреді. Ол білімдердің ақиқаттылығына және оларды қызмет-әрекеттің құралы ретінде пайдаланудың нәтижелілігіне деген сенімдерден тұрады.
Тұлғаның дүниетанымы, сондай-ақ, дүниетанымдық білімдер мен сенімдер, дүниетанымдық көзқарастың кеңеюі мен тереңдеуі қажеттігінен тұрады. Қажеттілік дүниетаным сапасы ретінде: жеке тұлғаның дүниетанымы тек заттық-мазмұндық категория емес, ол, сондай-ақ, психологиялық категория, соның ішінде эмоционалды-жігерлік категория. Білім мен білікке негізделген қажеттілік пен сенімділік дүниетаным табиғатына сай, яғни тиісті, жетілген, сонымен қатар, шынайы мүмкін және қол жетерлік туралы түсінік болатын жалпы әлеуметтік, адамгершілік және эстетикалық арман-мұраттардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Арман, сенім, мұрат жеке тұлғаның дүниетанымының тағы бір элементінің негізін салады, ол – қызмет-әрекеттің бағыты мен дүниеге деген қатынасты айқындайтын жалпы принциптер. Ең соңғы дүниетаным элементі – дүниетанымдық сенім, принциптер мен арман-мұраттарға сәйкес қызмет-әрекет етуге деген эмоционалды-жігерлі әзірлік.
Құндылық бағыттары – адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады. Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілігінің интегралды көрсеткіші.
Құндылық дегеніміз, біріншіден, объектіге деген когнитивті қатынасқа, яғни көңіл-күйі басымырақ, субъектінің бойында құндылық сана мен жалпы әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан, тұратын қатынас. Екіншіден, ол – сананың ішіндегі құндылық бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер, олардың негізінде көзқарас, дәлелдің, білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады. Үшіншіден, санадағы құндылық – объективті шынайы заттық білім, ол дәл осы шынайылық, дұрыстық, ақпараттыңарқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады.
Дүниетаным тек дүние туралы жалпы мағлұматтардың жиынтығы ғана емес. Ол, сонымен қатар, қоғамның саналы мақсат-мүдделері мен адамгершілік, әлеуметтік, гуманистік құндылықтар – өмірдегі мінез-құлықтың бағытын таңдауды, оның қоғам мен өз өзіне деген жауапкершілікті қатынасын анықтауы.
Оқу оқушылардың іс-әрекетінің басты нәтижесі олардыңбойында теориялық сана мен ойлаудың қалыптасуы болып табылады. Оқу іс-әрекетінің психологиялық мазмұны– іс-әрекеттің жалпы тәсілдерін, білімдерді меңгеру болып табылады.
Білімдер сенімге айналу үшін, жеке тұлғаның қажеттіліктерінен, әлеуметтік үміт пен құндылық бағыттарынан биік болып тұрған көзқарастарының жалпы жүйесіне және оның сезіміне айналуы қажет. Оқушылардың жағымды эмоционалдық күйі, олардың жеке тәжірибесіне, әлеуметтік-психологиялық жағдайына сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет