Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы


Лекция 8. Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы



бет26/73
Дата17.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191761
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Лекция 8. Тұтас педагогикалық үдерістің мәні және құрылымы.

8.1.«Мұғалімнің іс-әрекет обьектісі» және «педагогикалық үдеріс» ұғымдары.

8.2. Тұтас педагогикалық үдерістің құрылымы, қызметтері, тәрбиелік механизмдері және сапасы мен белгілері.

8.3. Тұтас педагогикалық үдеріс теориясы туралы білім-мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің негізі.
Негізгі ұғымдар : объект, пән, ғылым, жүйе, әлеуметтік жүйелер, “ұстаздар – оқушылар” жүйесі, педагогикалық процесс, педагогикалық ситуация, қозғаушы күштер, тәрбиелеуші тетіктер, диагностика, болжамдау.
Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихы. Қазіргі педагогикалық процесс түсінігі бірден қалыптасқан жоқ. М.А.Данилов “Педагогикалық процесс - педагогикалық теорияның обьектісі” деген еңбегінде, ең бастысы, әр түрлі құбылыстарды зерттеу негізінде педагогика теориясын одан әрі жетілдіруі айқындалатынын көрсетті.
“Педагогикалық процесс” анықтамасын ең алғаш Каптерев П.В. анықтады. Ол оны “білім беру процесі” ретінде қолданды. Ондағы өзіндік іс-әрекет сөзсіз болатын құбылыс. Каптерев ұсынып отырған анықтамада “педагогикалық процес” ұғымы біртұтас үлкен бір құбылысты көрсететіні, оның оқыту, білім беру, үйрету, тәрбиелеу, даму, нұсқау, иландыру, жазалау, т.б. сияқты кезеңдері болатынын көрсетуімен маңызды. Түйіндей келе, П.Ф. Каптерев педагогикалық процестегі оқыту мен тәрбие бірұтастықтың кейбір бөлшегі ретінде өмір сүреді деген пікірде болуы. Сонымен бірге, бұнда кейбір бөлшектердің күрделі қатынастары туралы ой байқалады.
Дидактика саласында, оқыту процесінің элементарлық бірлігі “кереге көзі” ретінде Лернер әрекетті негіздесе, Е.Н. Тонконогая сабақты, П.М. Эрдниев жаттығуды, В.И. Загвязинский - тапсырмаларды, Т.И. Шамова танымдық әрекетті көрсетеді.
Педагогикалық процеске қатысты элементарлық бірлікті Л.А. Левшин педагогикалық әсер етуді (1964), педагогикалық қатынасты (1968), педагогикалық құбылысты (1980) көрсетеді.
Жоғарыдағы авторлар педагогика теориясындағы кереге көзді негіздеуге ұмтылыстарын бағалай отырып, М.А. Данилов олардың толық нәтижеге жетпегенін көрсетеді.
Педагогикалық процестің түпкі мақсаты – ол “қоғамдық қатынастардың жиынтығы” жеке тұлғаны қалыптастыруы керек. Әрбір жаңа ұрпақ өткен ұрпақ тәжірибесін меңгеруі керек, жеке тұлғаның қалыптасу шарты осындай. Өзіне тән әрекетсіз тәжірибені игеру мүмкін емес.
Педагогикалық процестегі элементарлық бірліктің орны – алғашқы педагогикалық ситуацияның “кереге көз” қалыптасу сәті, оқушының қатысында, сынып ұжымында, паралельдік сыныптарда, жалпы мектеп ұжымында көрінеді. Микрожүйе “ұстаз – оқушы” іс-әрекетке баулиды. Әлеуметтік іс-әрекет түрлері түрлі жүйелердің барысында іске асады.
Педагогикалық процестің “ұстаздар – оқушылар “ қатынасындағы мақсат, міндеттер, мазмұн, құралдар, формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар айналымы үнемі жүріп отырады. Басқаша айтатын болсақ, педагогикалық процесс оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және қоғамдық өмір мен еңбекке дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсенді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.
Педагогикада педагогикалық ситуация тәрбиелілікті зерттеу әдісі ретінде және оқытудың әдісі ретінде кеңінен қолданылады. Ситуацияны талдау мен модельдеу, педагогикалық ойлауды қалыптастыру тәжірибесінде жүзеге асырылады. Қалыптасудың қас қағым сәті, элементарлық бірлігі педагогикалық ситуация. Педагогика пәні педагогикалық процесс қызметінің заңдылықтарын зерттейді, оның нәтижелері педагогикалық процесті ұйымдастыруда қолданылады.
Педагогикалық процестің мәні. Диалектикалық материализм ұстанымы бойынша мән – аттың ең басты, ішкі біршама тұрақты жағы. Мән заттың табиғатын анықтайды. Элементарлық бірлік “кереге көзді” талдау негізінде педагогикалық процестің мәні екі жақты сипатталынады: әлеуметтік жүйе ретінде; өзіндік ерекшелігі бар жүйе ретінде. Әлеуметтік жүйе ретіндегі оның белгілері мынадай: жүйенің жалпы мақсаты және оның өзара байланысты бөліктері немесе элементтері болады, жүйе белгілі ортада жұмыс істейді, ол сыртқы ортамен байланысты түрлі деңгейде жұмыс жүргізеді, өзінің ішкі қайшылықтары арқылы дамиды, ұйымдастыру орталығы арқылы басқарылады.
Педагогикалық процестің заңдылықтарына мыналарды жатқызуға болады: педагогикалық процес әлеуметтік-экономикалық жағдайға сай болуы; нақты мақсатқа бағыттылығы; педагогикалық процестің екі жақты сипаты; оқушылардың белсенділігін арттыру үшін мұғалімнің іс-әрекеттерді дұрыс ұйымдастыруы мен ойластыруы; оқушылардың өзара әрекеттерін ұйымдастыру арқылы, педагогикалық процестің тиімділігін арттыру; оқушылардың даму деңгейінне лайықты ұйымдастыру; педагогикалық процестің уақыт бірлігінің ұзақтығы.
Педагогикалық процесс бөліктерінің өзара байланыстылығын қамтамасыз ету үшін мұғалімнің басшылық рөлін ескеру қажет Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процестің деңгейі оған қатысушылардың құрамымен ғана емес олардың өзара қатынастарының ерекшеліктерімен анықталады.
Әлеуметтік тапсырысты орындау: мақсат, міндеттер мен мазмұын – негізгі мектептегі қоғамдық мүдденің мағынасын жасайды.
Құралдар мен формалар, әдістер мен тәсілдер, тапсырмалар – мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мүмкіншілігін көрсетеді, яғни педагогикалық процестің қозғаушы тетігі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет