Білім беру философиясы - білімді аксиология, онтология, гносеология, антропология тұрғысында әлеуметтік-мәдени гуманитарлық практиканың ерекше бір саласы деп қарастыратын жалпы теория.
Білім мазмұны – жас ұрпақтың өркениетті демократиялық қоғамда өмір сүруі үшін, оған қазіргі кезеңдегі білім жүйесі мен дүниетанымды игерту. Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік қағидаларды игерту бағыттарын белгілейді.
Білім берудің тиімділігі - қойылған мақсатқа сәйкес өлшем бойынша білім беру қызметінің нәтижесін сипаттайтын бағалау санаты. Педагогиккалық және әлеуметтік мақсаттардың мазмұнына қарай, сондай-ақ қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі әлеуметтік институт ретіндегі білім беру жүйесінің өзіндік міндеттеріне сәйкес бірнеше түрге бөлінеді.
Білім берудің ізгі сипаты – халықтың әр алуан топтарының қалаған деңгейде білім алу құқықтарына ешбір нұқсан келтірмейтін және кез келген білімділік сұранысты қанағаттандыра алатын оқу-тәрбие мекемесі жүйесі мен білімдік бағдарламалар құру.
Білімді меңгеру – ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой және дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Ақыл-ойды меңгеру арқылы заттардың байланыс қатынастарын ажыратуға болады. Бір нәрсені екіншісімен салыстырып дәлелдеуге, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын көре білуге үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің заңды байланысын түсінеді. Білімді меңгеруге ұмтылдыратын мотитвер бірден пайда бола қоймайды. Жасы өскен сайын баланың мотивтерінің де мазмұны өседі.
Ғаламдық білім – оқушыларда дүние жүзін біртұтастық деп ұғынушылық пен гуманистік көзқарас тұрғысын қалыптастыру. Ғаламдық білім тұжырымдамасы оқушыларда жер шары планетаның барлық тұрғындары үшін ортақ мекен, барша адамдар бір отбасы және әрбір адам дүниежүзілік құрылымға белсене қатысуға қабілетті деп ұғынуды қалыптастыруға бағдарланған.
Достарыңызбен бөлісу: |