Білім беру бағдарламасы 6В01303 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі Шифр атауы



бет71/73
Дата17.11.2023
өлшемі0,56 Mb.
#191761
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Байланысты:
Дістемелік кешені-emirsaba.org

Ғылыми - педагогикалық зерттеу – педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Ғылыми педагогикалық зерттеулердің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық- педагогика ғылымында жаңа фактілер белгіленеді; теориялық-ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың болашақтағы дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы педагогикалық заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік және теориялық зерттеулер негізінде педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптастырылады.

Ғылымилық– оқыту принциптерінің бірі, ең алғаш оны дидактикада тұжырымдаған М.Н.Скаткин (1950). Ғылымилықтың негізгі талаптары: білім мазмұнының қазіргі ғылым деңгейіне сәйкестігі; оқушыларда ғылыми танымның жалпы әдістері туралы түсінік қалыптастыру; таным процестерінің (теория, оның элементтері, құрылымы және функциясы туралы білім) маңызды заңдылықтарын көрсету. Ғылымилық принципі оқытудың барлық процестік жағын (оқу іс-әрекетін ұйымдастыру түрін, сатыларын, әдістерін) реттейді.

Диалектикалық әдіснама - индукция мен дедукцияның, анализ бен синтездің, абстрактілік пен нақтылықтың, тарихилық пен логикалықтың бірлігі. Ғылыми зерттеулерде жеке пәндердің әдістерін дұрыс қолдану әдіснама ғылымына,яғни ақиқатты танудың диалектикалық заңдылығына сүйенеді.

Дидактика – білім беру мен оқыту теориясы, педагогиканың саласы.

Жеке оқыту – оқу сабақтарын ұйымдастырудың бір түрі.

Жеке тәрбие - тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бір түрі. Бұл кезде сыныптағы оқу-тәрбие жұмысында әрбір баламен жеке педагогикалық өзара қарым-қатынас жүзеге асырылады. Ол оқушының өзіндік ерекшелігі мен өмір жағдайына негізделеді.

Инновациялық процесс – білім беру ісіне тұрақты жаңа элементтер кіргізетін, жүйенің бір жағдайдан екінші жағдайға көшуіне апаратын жаңалық, жаңадан ендірілетін әрекет. Білім беру ұйымдарының жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты қызметі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет