Білім беру бағдарламасы: «6В01502 Математика-Информатика» үшін


Әдебиеттер:  [1-8].  Тақырып №2. Мектеп пен сыныптағы мәдениет



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата01.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#130413
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лекция

Әдебиеттер:

 [1-8]. 


Тақырып №2. Мектеп пен сыныптағы мәдениет 

Сұрақтар:  

1.Сыныпты қадағалау әдістемесі. 




2.Мұғалімдерге нені білу міндет? 

3.Сынып мәдениеті мен оқу ортасы. 

 

Жағымды  мектеп  мәдениетін  қалыптастыру  үшін  біз  не  істей  аламыз? 



Барлық адамға тән жалпы сипаттар, әр  адамның өзіндік айырмашылықтары. 

Жалпы  мәдениет  мәнмәтінін  жаңғырту  және  оны  мектеп  сыныбы 

жағдайында  маңызды  ету.  Мәдениет  –  адам  жасаған  «екінші  табиғат». 

Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның 

өмір  сүрген  ортамен  қарым  -  қатынасы.  Ол  -  өзара  қарым  -  қатынас 

нәтижесінде  қалыптасатын  ерекше  құбылыс.  Адам  өзінің  дамуы  барысында 

қоғамдық  маңызды  құндылықтарды,  әлеуметтік  нормалар  мен  бағдарларды 

меңгеретіні  белгілі.  Сол  әлемге  енген  әрбір  адам  бірден  сол  қоғамның 

мәдениетімен  ұштасады.  Жағымды  психологиялық  жағдайды  туғызу,  ол  ең 

алдымен өнімді қарым - қатынас бала мен мұғалім, бала мен құрдастарының 

өзара  әрекеттесуімен  белгіленеді.  Жағымды  қатынас,  мұғалімге  сенімділік 

білдіру,  оқу  іс  –  әрекетіне  деген  құштарлықты  туғызады,  оқудың  танымдық 

ынтасын  қалыптастырады.  Мәдениетке  біз  «толеранттылықты»  да  жатқыза 

аламыз,  бұл  -  жеке  тұлғаның  ішкі  рухани  күйі  мен  қоғамның  адамгершілік 

нормалары.  Осыдан  келе  біз  мектеп  қабырғасында  жұмыс  жасайтын  әр 

адамның  мәдениеті  -  мектеп  мәдениетіне  әсер  ететін  бірден  -  бір  фактор 

болып табылатынына көз жеткізе аламыз. 

«Мектеп  мәдениеті»  түсінігі  педагогикалық  менеджментте  мектеп 

ұжымындағы  әдет  -  ғұрып,  салт  -  дәстүр,  ұстаным,  адам  бойындағы 

құндылықтарының  жиынтығы  және  білім  беру  мекемесіндегі  өзара  қарым  – 

қатынас, әдеп нормаларын анықтайтын бірден - бір құрал. Мектеп мәдениеті 

-  бұл  ұжым  мүшелерінің  қабылдаған  рухани,  мәдени  құндылықтардың 

жүйесі.  Бұл  өз  ретінде  ұжым  мүшелерінің  ойлауындағы,  сезімдеріндегі,  іс  – 

әрекеттеріндегі  негізгі  ұстаным,  бағдар  беруші  және  жол  сілтеуші, 

нәтижесінде  мектеп  ұжымында  қалыптасқан  ынтымақтастық  орта  және 

жағымды  психологиялық  ахуал.  Ал,  қалыптасып  қалған  мәдениетті  өзгерту 

және  оны  басқару  –  өте  маңызды  іс  болып  табылады.  Әр  мектептің  өз 

мәселесі  бар,  сол  себепті  мәдениеті  де  әр  түрлі  болады.  Мектеп  мәдениеті 

басшылар  үшін  негізгі  мағынаға  ие,  әсіресе  дамудың  көптеген  жаңа 

бағыттары  туындап,  стратегиялық  жоспарлау  міндетті  әрі  қажетті  іске 

айналғанда.  Қазіргі кезде мектептің ұжымдық мәдениетін зерттеу, білім беру 

ұйымының  мәдениетін  қалыптастыру  мәселесін  зерделеу,  оның  әлеуетін 

қолдану  мәселесінің  өзектілігі  артуда.  Сол  себепті  мектеп  мәдениетін 

қалыптастыруда  тек  мектеп  басшылығы  емес,  «ұстаз  -  оқушы  -  ата  -  ана» 

қағидасымен  жұмыла  жұмыс  жасалса  ғана  мектеп  мәдениеті  сол  ортада 

жағымды болмақ. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет