Білім беру бағдарламасы: «6В01502 Математика-Информатика» үшін


Диалог және қолдау көрсету



Pdf көрінісі
бет9/29
Дата01.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#130413
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
лекция

Диалог және қолдау көрсету 

Диалог арқылы саралау әдісі — сыныпта қолданатын саралау әдісінің кең 

тараған түрі. Бұл тәсілді қолдану мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. 

Бұл  дегеніміз  мұғалім  мәселені  шешуде  өзінің  қарапайым  тілде  егжей-

тегжейлі түсіндіруін қажет ететін оқушылар және тек диалогқа түсу арқылы 

бағыттауды  ғана  қажет  ететін  жоғары  деңгейлі  оқушылар  тобын  анықтауы 

тиіс.  Мұғалім  сонымен  қатар  қабілеті  жоғары  оқушыларды  қолдау  үшін 

жоғары деңгейлі сұрақтарды қолдана алады. Тілдік қолдау мен ынталандыру 

да бұл тәсілде ерекше маңызға ие. 

 

Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі 



нақты көмек қажет болады.  

 

 Мұғалім оқушыларды ойланту үшін және бірқатар жауаптар алу үшін 



алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюына болады. Бұл әдісті қолдану 

барысында сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру да маңызды рөл 

атқарады.   

Бағалау 

Сыныптағы  саралау  әдістері  сыныптағы  жекелеген  оқушылардың  нені 

үйренгенін  анықтауға  және  оны  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Оны  үздіксіз 

жүргізу  арқылы  мұғалімдер  оқушылардың  табысты  оқуын  қамтамасыз 

етумен қатар, оқушының жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту 

қажеттігін  түсінуге  мүмкіндік  беретін  икемді  үдеріс.  Қысқаша  айтқанда, 

пәнді оқыту фокусын оқушыларды оқыту фокусына бағыттауға ықпал ететін 

үдеріс. 


 

Оқушылар үнемі бағаланып отырады, осылайша педагогикалық қызмет 

пен саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай үнемі 

түзетіліп отырылуы мүмкін.  

 

Педагогикалық қызмет табыстылықты, жақсартуды, түзетуді қажет ететін 



салаларды анықтайтын әмбебап үдеріс болуы керек. Сонда ғана біз пәнді 


оқытудан оқушыны оқытуға қарай жылжи аламыз.   

Топтастыру 

Ынтымақтастықта  оқу  сыныптағы  ұяң, әрі  ұялшақ  оқушыларды  үдеріске 

қатысуына  мүмкіндік  беретіні  мәлім,  бұл  сонымен  қатар  өте  тиімді  саралау 

әдісі болып табылады.  

Әртүрлі  қабілеті  бар  оқушылардың  шағын  топтарда  жұмыс  жасау 

барысында  қабілеті  төмен  оқушылар  өзінен  қабілеті  әлдеқайда  жоғары 

оқушылармен  жұптасу  арқылы  үйренуге  деген  мүмкіндік  ала  алады,  яғни 

топтың  ортақ  мүддесі  үшін  әрбір  топ  мүшесі  жауапкершілікте  болып,  бір-

біріне  қолдау  көрсету  арқылы  сыныпта  бірлесіп  оқу  іс-әрекеттері  орын 

алады.  


Оқытудың  болжалды  міндетіне  қарай  топ  құруда  пайдалы  көптеген 

тәсілдер бар: 

 

мүдделері ұқасас оқушылар (мысалы, қиындық деңгейі немесе қолдау 



деңгейі) 

 



талаптары әртүрлі оқушылар 

 



джигсо топтары 

 



кәсіби дағдыларына қарай бөлінетін топтар немесе сарапшы топ 

 



гендерлік топ 

 



аралас гендерлік топ 

 



ұйымшыл топ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет