STEM технологиясын енгізу шарттары:
1. Талантты балаларды іздеу, қолдау және сүйемелдеудің тармақталған
жүйесін құру қажет.
2. Әрбір жалпы білім беретін мектепте дарынды балаларды анықтауға
арналған шығармашылық ортаны дамыту қажет. Жоғары сынып
оқушыларына бейіндік дайындық бағдарламаларын игеруге жағдай
туғызатын сырттай оқу, күндізгі-сырттай оқу және қашықтықтан оқыту
мектептерінде оқу мүмкіндігін ұсыну қажет.
3. Қалыптасқан талантты (дарынды) балаларды қолдау жүйесін дамыту
керек. Елдегі бірқатар университеттердің жанындағы физика-математикалық
мектептер мен интернаттардыңжұмыс тәжірибесін таратқан жөн.
4. Дарынды балалармен жұмыс экономикалық тұрғыда орынды болуы
тиіс. Жан басына қаржыландыру нормативін білім беру мекемесінің ғана
емес, оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес анықтаған жөн. Оқушының
жоғары нәтижеге жетуіне себепкер болған мұғалім айтарлықтай
ынталандыру төлемдерін алуы тиіс.
5. Отандық ұстаздықтыморальдық және материалдық қолдауы жүйесін
енгізу қажет. Ал ең бастысы - ұстаздық қызметке талантты жастарды тарту
керек.
Қазақстанда STEM-білім беру белсенді дамуда. Республика мектептеріне
Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде STEM-оқыту мәнмәтініндегі
жаңартылған білім беру мазмұны енгізілді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге
асыру үшін оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды, ғылыми
инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-
элементтерін енгізу жоспарланды.
Оқытудың жаңа пәнаралық және жобалық тәсілі енгізіледі. Ол
оқушылардың зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтуге, сын
тұрғысынан
ойлау,
инновациялық
және
шығармашылық
ойлау,
проблемаларды шешу, коммуникация және топтық жұмыс дағдыларын
дамытуға ықпал етеді. Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері
арасындағы «ортақ тақырыптар» саны артады. 2015-2016 оқу жылынан
бастап бірінші сынып оқушылары жоғарғы сыныптарда жаратылыстану
ғылымдарын оқуға негіз болып табылатын "Жаратылыстану" пәнін оқиды.
Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылынан бастап барлық мектептерді АКТ-
мен,
сандық
білім
беру
ресурстарымен,
Интернет
желісінің
қолжетімділігімен жабдықтауды бастау жоспарланған. Сонымен бірге 2019
жылы жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер
ағылшын тілінде оқытылатын болады, бұл жаңа білімді түпнұсқа тілінде
оқып білуге және әлемдік ғылыми қоғамдастыққа кіруге ықпал ететін
болады.
|