Білім беру бағдарламасы: «6В01502 Математика-Информатика» үшін


STEM білім берудің артықшылықтары



Pdf көрінісі
бет4/29
Дата01.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#130413
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лекция

STEM білім берудің артықшылықтары: 

Пәндер бойынша емес, "тақырыптар" бойынша біріктірілген оқыту 

STEM-оқыту пәнаралық және жобалық тәсілдемені қамтиды. Оның негізі 

-  жаратылыстану  ғылымдары,  технология,  инженерлік  шығармашылық  және 

математиканы кіріктіру. Осы аталған пәндерді басқа пәндермен байланыссыз 

жекеоқытудан  бас  тарту  оқу  бағдарламаларының  ерекшелігі  болып 

табылады. 

Ғылымды, 

технологияны, 

инженерлік 

шығармашылықты 

және 

математиканы  кіріктіріп  оқыту  өте  маңызды,  себебі  бұл  салалар  тәжірибеде 



өзара тығыз байланысты. 

Ғылыми-техникалық білімді шынайы өмірде қолдану  

STEM-білім  беру  практикалық  сабақтардың  көмегімен  балаларға 

ғылыми-техникалық  білімді  шынайы  өмірде  қалай  қолдану  керектігін 

көрсетеді.  Әр  сабақта  олар  заманауи  индустрия  өнімдерін  құрастырып 

дайындайды  және  дамытады.  Олар  нақты  бір  жобаны  зерделейді, 

нәтижесінде шынайы өнімнің түптқрпатын өз қолымен жасап шығарады. 

Мысалы,  зымыранды  құрастыру  арқылы  жас  инженерлер  инженерлік 

дизайн  үдерісі,  іске  қосу  бұрышы,  қысым,  тартылыс  күші,  үйкеліс  күші, 

траектория және координаталар осьтері сияқты түсініктермен танысады. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  және  проблемалардың  шешу  дағдыларын 

дамыту

 

STEM  бағдарламалары  балалардың  сын  тұрғысынан  ойлау  және  өмірде 



кездесуі  мүмкін  қиындықтарды  жеңуі  үшін  проблемалардың  шешімін  табу 

дағдыларын  дамытады.  Мысалы,  оқушылар  жылдам  жүретін  көліктерді 

құрастырады, кейін оларды сынақтан өткізеді. Алғашқы сынақтан кейін, олар 

өз  көлігінің  неліктен  мәреге  жетпегені  туралы  ойланады  және  оның  себебін 

анықтайды.  Мүмкін  оған  алдыңғы  бөлігінің  дизайны,  дөңгелектердің 

арақашықтығы,  аэродинамика  немесе  іске  қосу  күш  әсер  еткен  шығар?  Әр 

сынақтан (тексеру) кейін олар алға қойған мақсатына жету үшін өз дизайнын 

жетілдіре түседі. 

Өз  күшіне  деген  сенімділікті  арттыру.  Балалар  әртүрлі  өнімдер  жасап, 

көпірлер мен жолдар салып, аэропландар мен көліктерді іске қосып, роботтар 

мен  электрондық  ойындарды  сынамалап  (тексеріп),  өздерінің  су  асты  және 

әуе  конструкцияларын  әзірлей  отырып  мақсатқа  жақындай  береді.  Олар  өз 

өнімін  жетілдіру  және  сынақтан  өткізу,  тағы  да  жақсарту  және 

қайтадансынау арқылы жетілдіреді.  

Оқушылар  барлық  проблемаларды  өз  күшімен  шешу  арқылы,  ақыры  өз 

мақсатына  жетеді.  Балалар  үшін  бұл  –қуаныш,  шабыт,  жеңіс.  Әр  жеңістен 

кейін олар өз күшіне одан сайын сенімді бола түседі.  

Белсенді коммуникация және командалық жұмыс 



STEM  бағдарламалары  сондай-ақ  белсенді  коммуникациямен  және 

командалық жұмыспен ерекшеленеді. Талқылау сатысында пікірталастар мен 

өз  пікірлерін  айтуға  арналған  еркін  орта  құрылады.  Олар  өздерін 

соншалықты  еркін  сезінеді,  тіпті  өздерінің  кез  келген  пікірін  айтудан 

қорықпай,  сөйлеуді  және  таныстырылым  жасауды  үйренеді.    Уақыттың  көп 

бөлігін  балалар  партада  отырып  емес,  өз  конструкцияларын  сынау  және 

дамытумен  өткізеді.  Олар  үнемі  нұсқаушылармен  және  командадағы  өз 

достарымен сөйлеседі.  Балалар үдеріске белсенді түрде қатысқанда сабақты 

есінде жақсы сақтайды.  

Техникалық пәндерге деген қызығушылықты дамыту 

Бастауыш 

мектептегі 

STEM-оқытудың 

міндеті 

оқушылардың 

жаратылыстану-ғылыми  және  техникалық  пәндерге  деген  қызығушылығын 

дамытуға  арналған  бастапқы  жағдай  жасау  болып  табылады.  Өзінің  істеген 

жұмысын  жақсы  көруі  оның  қызығушылығын  дамытудың  негізі  болып 

табылады. 

STEM-сабақтары  өте  көңілді  және  серпінді  болып  келеді,  сондықтан 

балалар  жалықпайды.  Олар  сабақта  уақыттың  қалай  өтіп  жатқанын 

байқамайды  және  мүлдем  шаршамайды.  Зымырандар,  көліктер,  көпірлер, 

зәулім  үйлер  сала  отырып,  өздерінің  электрондық  ойындарын,  фабрикалар, 

логистикалық  желілер  мен  сүңгуір  қайықтарды  құрастыра  отырып,  олар 

ғылым мен техникаға көбірек қызығушылық таныта бастайды.   



Жоба  дайындауда  қолданатын  креативті  және  инновациялық 

тәсілдемелер 

STEM-оқыту  алты  кезеңнен  тұрады:  мәселе  (міндет),  талқылау,  дизайн, 

жасау/құрастыру,  сынықтан  өткізу  және  жетілдіру.  Бұл  кезеңдер  жүйелі 

жобалық  тәсілдеменің  негізі  болып  табылады.  Әртүрлі  мүмкіндіктердің 

барлығын  қатар  немесе  біріктіріп  пайдалану  өз  кезегінде  креативтілік  пен 

инновациялардың  негізі  болып  табылады.  Осылайша,  ғылым  мен 

технологияны  бір  уақытта  зерделеу  мен  қолдану  арқылы  көптеген  жаңа 

инновациялық жобаларды құруға болады. Көркемөнер мен архитектура қатар 

өмір сүрудің керемет мысалы. 

Оқыту және кәсіптік өсу 

Әртүрлі мамандықтардың қажеттілігінің өсу деңгейін талдайтын көптеген 

басылымдар бар.  

Әртүрлі  болжамды  бағалаулар  бойынша  жоғары  сұранысқа  ие  10 

мамандықтың  9-ы  STEM-білімді  талап  ететін  болады.  Оның  ішінде,  2018 

жылға  дейінхимик-инженер,  «software»  әзірлеуші,  мұнай  инженері, 

компьютер  желілерінің  сарапшысы,  механик-инженер,  құрылысшы-

инженері,  робот  техниктері,  ядролық  медицина  инженері,  су  асты 

құрылыстарының  архитекторы  және  әуеғарыш  инженері  мамандықтарына 

деген сұраныстың өсетінін болжайды. 



Балаларды өмірдің технологиялық инновацияларына дайындау 

STEM-бағдарламалар балаларды технологиялық жағынан дамыған әлемге 

де дайындайды. Соңғы 60 жылда технологиялар қатты дамыды: Интернеттің 

(1960), GPS технологиясының ашылуынан (1978) ДНҚ сканерлеу (1984) мен 




IPod-қа (2001) дейін. Бүгінде адамдардың барлығы дерлік IPhone мен өзге де 

смартфондарды  пайдаланады.  Бүгінгі  күні  әлемді  технологиясыз  елестету 

мүмкін  емес.  Бұл  технологиялық  даму  жалғаса  береді  және  STEM-дағдылар 

осы дамудың негізі болып табылады деген сөз.  



STEM мектеп бағдарламасына қосымша ретінде  

7-14  жастағы  мектеп  оқушыларына  арналған  STEM-бағдарламалары 

олардың мектептегі сабақтарына деген қызығушылығын арттыруды көздейді. 

Мысалы,  физика  сабақтарында  оқушылар  жердің  тартылыс  күшін  өтеді, 

тақтаға  формулаларды  жазып  түсіндіреді,  ал  STEM-үйірмелерінде  олар 

парашют,  зымыран  немесе  аэропландар  құрастырып,  оларды  іске  қосу 

арқылы  өз  білімін  бекіте  алады.    Мектеп  оқушылары  үшін  олар  көрмейтін 

немесе  естілмейтін  терминдерді  түсіну  кейде  қиынға  соғады.  Мысалы, 

температураның  жоғарылауы  себебінен  болатын  қысым  немесе  көлемнің 

артуы. STEM-сабақтарда олар қызықты эксперименттер жасау арқылып, бұл 

терминдерді  оңай  түсіне  алады.  Сондықтан  да  АҚШ-тағы  орта  мектептер 

STEM-орталықтарымен белсенді ынтымақтастық орнатқан.  

Мектепке STEM-білім беруді енгізу алдағы уақытта жақсы инженерлерді 

дайындау мәселесінің шешімін табуға ықпал етеді деп күтіледі.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет