Білім беру бағдарламасы: «6В01502 Математика-Информатика» үшін



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата01.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#130413
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лекция

Әдебиеттер:

 [1-8]. 


 

Тақырып №3. Оқушыларды ынталандыру. 

Сұрақтар: 

1.

 



Жақсы мұғалімнің қасиеттері қандай? 

 


2.

 

Мұғалімнің өз тәжірибесі туралы ойланғаны маңызды ма?



 

3.

 



Сіздің  ойыңызша,  мұғалімнің  өз  мектебіндегі  тәжірибені  өзгертудегі 

рөлі қандай?



 

 

Жаңартылған  білім  беру  бағдарламасына  сәйкес  жүзеге  асырылатын 



оқыту  үрдісінде  STEM-білім  берудің  маңыздылығы  зор.  Оқытудағы  осы 

ұғым  арқылы  оқушыларды  бір  тақырып  аясында  өзге  пәндермен 

байланыстыра отыра оқыту арқылы сабаққа ынталандыруға болады.  

STEM-білім беру дегеніміз не? 

Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр:  

қарқынды  ақпарат  ағыны,  жоғары  технологиялық  инновациялар  мен 

әзірлемелер  біздің  өміріміздің  барлық  салаларын  өзгертіп  жатыр.  Қоғам 

сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр. 

Егер  бұрын  қыздар  еңбек  сабағында  алжапқыш  тігіп,  ал  ұл  балалар 

ағашпен  немесе  металлмен  жұмыс  істесе,  онда  қазіргі  уақытта  бұл 

жеткіліксіз.  Робототехника,  құрастыру,  бағдарламалау,  үлгілеу,  3D-жобалау 

және  тағы  басқа  –  бұның  бәрі  енді  дүниежүзінің  қазіргі  оқушыларын 

қызықтырады.  Бұл  қызығушылықтарды  жүзеге  асыру  үшін  анағұрлым 

күрделі  дағдылар  мен  құзыреттер  керек.  Білу  мен  істеу  ғана  емес,  сонымен 

қатар  зерттеу  және  ойлап  шығару  маңызды.  Ғылым,  математика, 

технологиялар  және  инженерия  сияқты  басты  академиялық  салаларда  бір 

мезгілде  даму  керек,  оларды  STEM  (science,  technology,  engineering  and 

mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады. 

STEM  –  оқытудың  кіріктірілген  тәсілі,  оның  шеңберінде  академиялық 

ғылыми-техникалық  тұжырымдар  шынайы  өмір  мәнмәтінінде  зерделенеді. 

Мұндай  тәсілдің  мақсаты  –  STEM-сауаттылық  пен  әлемдік  экономикадағы 

бәсекеге  қабілеттіліктің  дамуына  ықпал  ететін  мектеп,  қоғам,  жұмыс  және 

бүкіл әлем арасында тұрақты байланыс құру (Tsupros, 2009). 

«STEM»  аббревиатурасын  алғаш  рет  1990  жылдары  америкалық 

бактериолог  Р.Колвэлл  ұсынды,  бірақ  ол  2000  жылдардан  бастап  белсенді 

түрде  қолданыла  бастады.  STEM  негізінде  осы  ұғымның  жаңа  нұсқалары 

пайда  болды.  Олардың  ішіндегі  ең  кең  таралғандары  STEAM  (ғылым, 

технология,  инженерия,  өнер  және  математика)  және  STREM  (ғылым, 

технологиялар, роботтехникасы, инженерия және математика).  

Қазіргі  уақытта  STEM  әлемдік  білім  берудің  басты  трендтерінің  бірі 

болып  табылады.  Технологиялардың  қарқынды  дамуының  арқасында  жаңа 

мамандықтар  пайда  болуда  және  STEM  мамандарға  деген  сұраныс  жаппай 

өсуде. Мысалы, ЕО елдерінде бұл салада жұмысқа орналасқан мамандардың 

үлесі  2000  жылдан  2013  жылға  дейін  12%-ға  артты.  Сонымен  қатар,  еуропа 

елдерінде  2025  жылы  басқа  мамандықтарға  сұраныс  3%-ға  өссе,  STEM 

саласындағы мамандарға деген сұраныс 8%-ға өсетіні болжануда. 2011 жылы 

ЭЫДҰ-ның  қарастырылған  16  мемлекеттің  ішінде  Финляндияда  STEM-

мамандықтар  түлектерінің  анағұрлым  көп  саны  байқалды:  20-39  жастағы 

халықтың  100  мың  адамына  шаққанда  109.  Бұл  көрсеткіш  Канада  мен 

Швейцария көрсеткіштерінен екі есе артық. 



STEM  саласында  білім  беру  жоғары  технологиялар  саласындағы 

мамандарды  дайындаудың  негізі  болып  табылады.  Сондықтан,  Аустралия, 

Қытай,  Ұлыбритания,  Израиль,  Корея,  Сингапур,  АҚШ  секілді  көптеген 

елдер STEM-білім беру саласында мемлекеттік бағдарламалар жүргізеді.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет