Білім беру бағдарламасы: 6В01503 -«биология»



бет1/8
Дата26.05.2022
өлшемі72,85 Kb.
#145212
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Генетика




Gen 4307, «Генетика» пәні бойынша
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)

Білім беру бағдарламасы: 6В01503 –«биология»


Курсы:_3_ , семестрі:_6_
Пәннің циклі: бейіндеуші пәндер
Компоненті: таңдау
Кредит саны: __3_
Оқыту түрі: күндізгі
Лекция:_15_сағат
Зертханалық сабақтар: _15_сағат
ОББӨЖ:_30__ сағат
БӨЖ: __30__сағат
Межелік бақылау: (7 және 15 апта)
Емтихан: 6 семестр


1. Пәннің академиялық сипаттамасы Тірі материяның екі іргелі қасиеттерін, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің материалдық негіздерін, белгілердің тұқымқуалау заңдылықтарын қарастырады. Генетика және селекция негіздерінің зандылықтарын, принциптерін қазіргі заманғы ақпараттық білім технологиясын пайдаланып, жаңа мағлұматтарды қалыптастырады.
1.1 Пәнді оқытудың мақсаты -өсімдіктер және жануарлар материяларын будандастыру эксперименттерін қою, генетикалық есептерді шығару және генетиканың фундаментальдық заңдылықтарын түсіну.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері - тыңдаушыларда генетикалық ойлауды дамыту және қазіргі генетиканың маңызды мәселелерімен жітістіктері жайлы білім қалыптастыру.


1.3 Пререквизиттер – Цитология және гистология, Биологияға кіріспе

    1. Постреквизиттер – Магистратура пәндері

1.5 Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушының қалыптасатын құзыреттері- биологияның әртүрлі салаларында және практикалық машықтанудың теориялық білімдердің жиынтығын игеруге қабілетті;
- биологиялық материалдарды далада және зертханада жинауға және өңдеуге қабілетті;
- биология саласындағы жаңа ғылыми жетістіктерді игере білуге қабілетті;
- биологияның қазіргі проблемаларын, зерттеудің негізгі әдістерін меңгеруге, қорытынды жасай білуге қабілетті;
- зертханалық жұмыстарды ұйымдастыруда және жүргізуде өзінің жеке педагогикалық технологияларын енгізуге қабілетті;
өсімдіктер организмінің өміріндегі тіршілік әрекеттерінің ішкі механизмдерін, заңды-лықтарын, сыртқы орта жағдайларына байланыстылығының негіздерін ашып, оларды 
адам қоғамының игілігіне байланысты өзгертіп,игерудің әдістерін қалыптастыруға бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет