Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


-дәріс. Экожүйе түрлерінің



бет51/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері
Спецификация суммативного оценивания за 2, Кәсіптің құпия сырлары 10Ә
13-дәріс. Экожүйе түрлерінің алуан түрлілігі тақырыбынан негізгі түсініктерді меңгерту әдістері
13.1 Туған өлкеміздің экологиялық мәселелері
13.2 Экологияның тұрақты даму тұжырымдамасы
13.3 Экологиялық қозғалыс және ұйым
Табиғи экожүйелердің алуан түрлілігі. Жерде тіршілік ететін миллиондаған жануарлар, өсімдіктер және микроағзаларды планетамыздың алуан түрлілігі деп атайды. Биологиялық алуан түрлілік Жердің биосфера, литосфера, атмосфера және гидросфера қабаттарының бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде қалыптасты.
Көптеген түрлер табиғатта популяциядан тыс жеке өмір сүре алмайды, популяция да оларсыз дами алмайды. Табиғатта әртүрлі популяциялар бірлестікке немесе биогеоценозға бірігеді.
Биогеоценоз ұғымына кез келген экожүйені жатқызуға болады. Биогеоценозға – тек сол жерде тұрақты тіршілік ететін түрлерден басқа, сол жерде белгілі бір уақытын өткізетін түрлерін де жатқызамыз. Мысалы, маса дернәсіл кезінде суқоймаларында тіршілік етсе, үлкейгенде құрлықта тіршілігін жалғастырады. Кез келген биогеоценозды (экожүйе) сипаттағанда екі түрлі ұғым қоланылады: биотоп және экотоп (өлі табиғат факторлары: кли- мат, топырақ)
Биотоп – абиотикалық фактор тұрғысынан салыстырмалы түрде біртекті биоценоздар тіршілік ететін суқоймасы немесе құрлықтың бір телімі. Мысалы, дала зонасындағы жануарлар мен өсімдіктер популяциясының биотобы – дала, шөл популяциясының биотобы – шөл, тау популяциясының биотобы – тау, су популяциясының биотобы – мұхит, теңіз, көл, өзен.
Экожүйенің түрлері мен типтерін тіршілік ететін жерінің табиғат жағдайына қарай отырып ажыратуға болады. Осылай экожүйенің үш тобын және биосфераның алуан түрлі бірлігін анықтайды. Экожүйенің негізгі табиғи жүйелері – жер беті (жерүсті), тұщы сулы және теңіздік. Экожүйедегі түрлердің алуан түрлілігі – экожүйенің өміршеңдігінің басты көрсеткіші.
Бұрынғы БҰҰ-ның бас хатшысы У. Танның 1972 жылы айтқан сөзін еске түсіре кетейік: «Адамзат пен табиғат арасында шиеленіскен жағдай туындады. Адамзаттың іс-әрекеті, қоршаған ортаның негізгі табиғи ресурстарына терең балта ша­ бумен бірге қайтымсыз әсер етуде. Егер де табиғатты қорғауды осы уақыттан бастап бақылауға алмасақ, адамзаттың болашағы және жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік аймағы бұлыңғыр. Дүние өзгереді, алайда біздің қазіргі көріп жүрген дүниеміз ол кезде болмай қалуы мүмкін. Ондай жағдай болмасын десек, нақты шешім шығарып, бүгіннен бастап бәрін қолға алуымыз керек».
Сол жылдан бері 45 жыл өтті. Әлі күнге дейін оңтайлы өзгеріс байқалатын емес. Бас хатшы бекерден бекер қауіптенбеген сияқ- ты, қазіргі таңда ол кездегі мәселеге мәселенің жаңа түрлері қосылуда. Ғаламдық экологиялық мәселелермен қатар, аймақтық экологиялық мәселелер, қалалар мен ауылдық елді мекендердің мәселелері және олармен бірге кіші және орта экожүйелердегі мәселелер кеңінен белең алуда.
Экологиялық мәселенің негізіне қандай себептерді жатқызуға бо- лады?. Бұл тізбектен байқағанымыз, барлығы халық санының өсуінен басталады екен. Аталған көрсеткіштер қалада да, ауылда да қарқынды өсуде. Араларында тура тәуелділік бар екендігі байқалады. Алайда әрбір аймақта немесе жергілікті жерде, жетекші рөлді аталған факторлардың біреуі не- месе екеуі атқарады. Мысалы Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалалары үшін халықтың қарқынды өсуі әсер етуде. Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің өсуі ықпал етуде. Көптеген ауылдық жерлерде өсімдік және малшаруашылығы өнімдерінің өсуі байқалады. Шығыс Қазақстанның қалаларында ауаның және жерүсті суларының ластануы – түсті металлургияның әсерінен болуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет