14-дәріс.Адамның іс-әрекетінен табиғи экожүйенің өзгеру тақырыбын оқыту әдістері 14.1 Қазақстанның экологиялық проблемалары 14. 2 Табиғатты қорғау 14.3 Табиңат байлытарын тиімді пайдалану Жердің табиғаты біртіндеп өзгеруде. Бұл өзгерісті судан, ауадан, жерден, яғни, барлық жер қабығынан байқауға болады.Табиғи ортаның өзгеруі, орман өртінен, су тасқынынан, жанартаулардың атқылауынан, өсімдіктер мен жануарлардың және біртұтас табиғи бірлестіктің жойылуынан болады. Басқа табиғи өзгерістер өте баяу жылжуда. Мыңдаған жылдардан бері көбінесе жер бедері, климат, материктердің пішіні өзгеруде.
Үлкен қалалардың шоғырлануы табиғи ортаның өзгеруін жылдамдатуда. Автомашиналар мен өнеркәсіптердің көбеюі ауаны және топырақты ластауда. Қазіргі кездегі қалалар қоршаған ортаны ластаушы және қалдықтарды шығарушы болып тұр.
Қалалардағы шаң-тозаңдар ауылдық жерден көп болмаса аз емес. Қаланың ортасында тәуліктік температура оның шеткі аудандарына қарағанда 1–2 градусқа жоғары. Адамдардың электр қуатына деген сұранысының артуы жер қойнауындағы минералды ресурстардың игерілуін тездетіп, пайдалы қазбалардың сарқылуына және жер бедерінің өзгеруіне әсерін тигізуде.
Халықтың көбеюі және өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы, болашақта қоршаған ортаның өзгеруінің басты проблемасы. Яғни, ортаның ластануы жоғарылайды, табиғи ресурстар азаяды, көптеген табиғи бірлестіктер жасанды түрге ауыстырылуы әбден мүмкін.
Қоршаған орта – тек қана адамның айналасын қоршаған заттармен шектелмейді: болашақ ұрпақтарымыздың осы планетада тіршілік етуі, адамдардың денсаулығы, қоршаған ортаға тәуелді.
Кез келген адам қандай жұмыс істемесін, белгілі бір мөлшерде қоршаған ортаға әсерін тигізеді. Кейбір адамдар шын мәнісінде пайдалы істер атқаруда. Болашақ ұрпаққа – таза ауа және су, адам аяғы баспаған табиғи ортаны қалдыру үшін көптеген ізденістер, зерттеулер жүргізуде. Кейбір адамдардың іс қимылдары, керісінше әсер етіп, қоршаған ортаның ластануына алып келуде.
Адамның табиғатқа әсерінен пайда болып, қоршаған ортаның тіршілік етуге қолайсыз жағына қарай өзгеруі – экологиялық проблеманы туындатады.
Өзен және көлдердің проблемасы;
- Жарамсыз жерлердің пайда болуы және топырақтың тозу
проблемасы;
- Ауаның ластану проблемасы;
- Жануарларды және өсімдіктерді қорғау проблемасы;
Кейбіреулері мен танысып өтейік.
Қазақстанның көптеген проблемаларының арасындағы өзектілері, Арал теңізінің құрғап бара жатқандығы, Каспий теңізінің ластануы, Семей сынақ полигонындағы ядролық жарылыстардың зардабы, топырақтың тозуы, ірі қалалар мен өнеркісіп
орталықтарындағы ауа қабатының ластануы.
1960 жылға дейін Арал теңізі дүние жүзіндегі тұзды көлдердің арасында аумағы жағынан төртінші орынды алатын. Суармалы егіншіліктің қарқынды дамуынан Сырдария және Әмудария өзендерінің теңізге келіп құятын суының мөлшері азайып кетті.Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі біртіндеп төмендеп, кейбір жерлерінің тұз басқан табаны көрінді.
Каспий теңізінің экологиялық проблемасы, қайраңнан мұнайдың өндірілуіне және оны тасымалдау нәтижесінде судың ластануына байланысты. Сонымен бірге, Еділ, Жайық және басқа өзендердің жағалауында орналасқан қалалардан шыққан қалдықтардың өзен суларымен келіп қосылуынан да ластануда.
Теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаудағы мұнай ұңғымаларын және елді мекендерді су басып қалуына алып келеді. Заңсыз балық аулаушылар бекіре балықтарының санын азайтуда. Теңіз итбалықтарының, бекіре тұқымдас балықтардың, құстардың және басқа жануарлардың қырылып қалуы көбінесе мұнайды өндіру және мұнайды тасымалдаудың әсерінен болып отыр.