Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғи ортаның қазіргі экологиялық жағдайы мен сапасы туралы білім беруде, ауа, су, топырақтың ластануы, табиғи және ластану көздері. Ластағыш заттарды жіктеу.
Дамытушылық: Қоршаған ортаның химиялық ластануы. Химиялық улы заттар, зиянды газдар, улы заттардың химиялық құрамы туралы алғашқы түсініктер. Табиғи ортаның радиоактивті заттармен ластануы. Радиациялық туралы алғашқы түсінік.
Тәрбиелік: Топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Туған табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген
Сабақтың әдісі:
Сабақтың уақыты: 2 сағат
Сабақтың өткізілетін орны: мәжіліс залы
Пәнішілік байланыс: Адам экологиясы, қолданбалы экология
Пәнаралық байланыс: Биология, математика, әдебиет, құқық, жұқпалы ауру, әлеуметтану, қазақ тілі.
Сабақтың жабдықталуы: презентация, үлестірмелер, плакаттар, түрлі - түсті суреттер
Пайдаланған әдебиеттер:
негізгі: Ә.Бейсенова, Ж. Шілдебаев «Экология»
қосымша: Белова Чернова «Экология», Радневич, «Экология» Ф.Қ. Иштаева, Л.Г.Косторева «Экология»
Оқушы білуі тиіс: Биосфераның химиялық және радиоактивті ластануының адам денсаулығына әсері. Адам ауруларныңы даму қауіпі.
Сабақтың хронокартасы және құрылымдық-логикалық сызбасы
І Ұйымдастыру кезеңі –5 мин
ІІ Үй тапсырмасын тексеру – 10 мин
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру – 15 – 20 мин
ІҮ Жаңа тақырыпты бекіту – 45 мин
А) түсіндіру, дәптермен жұмыс
Б) әр топқа тапсырма беріледі
В) «Ой толғау стратегиясы» ой толғаныс
Г) ой сергіту сәтін «Экологиялық марафон»
Ү Қорытындылау – 5 мин
ҮІ Үйге тапсырма – 5 мин
І Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин
Сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу, білімгерлердің көңіл – күйін сұрау, бейнебаян «Релоксация» тыңдау, көру топқа бөлу, білімгерлерге сабақтың мақсатын қою.
Балалар қазір мен мына 4 түрлі түсті ұсынғалы отырмын. Осы төрт түрлі
түсті қоршаған ортаға байланыстырып отырып сөйлетіңдер.
(қызыл, сары, жасыл, көк түстер)
1.Табиғат (сары)
2.Экология (жасыл)
3.Адамзат (көк)
4.Биология (қызыл)
ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 15 мин
1.Популяция дегеніміз не ?
2.Экологиялық популяция дегеніміз не?
(Жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады.)
3.Жалпы адамзат дегеніміз не?
(Бүкіл ғаламшардың халықтары, яғни бүкіл әлемдік адам популяциясы)
4.Демография нені зерттейтін ғылым?
(грекше – демос халық, халықтың құрылымын, құрамын,динамикасы мен көбеюін, туу,өлім, өмірінің ұзақтығын, қоғамдық – тарихи тұрғыдан зерттейтін ғылым)
5.Халық санының күрт өсуі қалай аталады?
(Демографиялық дағдарыс)
6.Адам популяцияларының саны мен тығыздығының артыуы арқылы қалалардың өсуі және дамуы қалай аталады?
(Урбанизация)
7. Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс деп айтқан кім?
(Н.Ә.Назарбаев)
8. Денсаулық дегеніміз не?
(психалогиялық, физиологиялық, әлеуметтік жағынан қолайлылық)
9.Қазақстандағы халық саны қанша?
(17миллионға жуық)
10. Популяцияға қандай белгілер тән?
(генетикалық жағынан ұқсас, бір – бірімен қарым қатынас жасай алады, артынан ұрпақ қалдыра алады, топтасып өмір сүруі)
ІІІ Жаңа тақырыпты түсіндіру 15 – 20 мин
2. Білімгерлердің қызығушылығын ояту
(оқу іс - әрекетінің мотивизациясы)
Оқытушының кіріспе сөзі:
Ей, замандас! Ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік
Ала жүріп осылардың сыйлығын
Осыларды қорлау деген не сұмдық
Жер ешкімге жазбайды деп арызды,
Барың сарқып ала беру парыз ба?
Жоқ замандас әр ұрпаққа туған жер
Не берсе де беретіні қарызға.
Бүгінгі жаңа тақырыптың аты: Қоршаған ортаның ластануы және халық денсаулығы.
Мен сөзімді: Ел басымыз Н.Ә Назарбаевтың (Қазақстан – 2030) жолдауына тоқтағым келіп тұр.
«2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінаратсыз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады»
Білімгерлер: Қоршаған ортаның ластануы дегенді қалай түсінесіздер?
Қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығына кері әсері қандай?
Қазақстандағы ең лас қалаларды атап айтыңыздар?
Слайдпен жаңа тақырыпты түсіндіру.
№
|
Қоршаған ортаны ластайтын топтар
|
Түрлері
|
Адам ағзасына тигізетін әсері
|
1
|
Химиялық ластану
|
Көміртек, күкірт оксидтері, көмірсулар, ақаба сулар, пестицидтер, гербецидтер, ауыр металдар
|
Мұндай заттар мен улану адамның басын айналдырып, жүрегін айнытып, тамағын жыбырлатып, жөтел тудырады. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қаупі туғызуы мүмкін
|
2
|
Радиациялық ластану
|
радиоактифті заттар, электромагниттік сәуле шығару т.б жатады. Радиациялық ластанудың негізгі көздері – альфа, бэта және гамма сияқты радиоактивті сәулелер жатады.
|
Мамандардың айтуынша, радиоактивтік сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді. Ми, жыныс бездері, аш ішек, сілекейлі жерлер, тамыр жүйесі, ағзаның эндокриндік мүшелері, қалқанша безі, бауыр, бүйрек радиацияны тез сезіп, қабылдауға бейім. Радиоактивті сәулеленген адам өмір бойы түрлі жұқпалы аурулардан, қоздырғыш таяқшалардан қорғанып жүруге мәжбүр. Себебі иммундық жүйенің жасушалары тез қырыла бастайды. Ақыры ағза жұқпалы ауруларға қарсы тұра алмай қалады. Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін жойып жібереді.
|
3
|
Биологиялық ластану
|
ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар,қарапайымдылар жатады
|
1. сырқат адам түкіргенде, жөтелгенде, сөйлегкенде ауру қоздырғыш микробтар шашырап, ауамен бірге өзі бейімделген тыныс жолдарының, сілемейлі қабығына таралады. Мұндай жолмен тарайтын ауруларды ауа арқылы таралатындар деп атайды.Оларға тұмау, қызылша, шешек т.б аурулар жатады.
2.микробтың ауыз арқылы таралып, ішек – қарын жолдарына түсуі.Қоздырғыш микробтар үлкен жіне кіші дәрет арқылы шығады Бұл жолмен ішек – қарын жұқпалы аурулар дамиды. Оларға іш өту, тырысқақ, сальмонеллез, жатады. Жұқпалы аурулар адамның гигиенаны, тазалықты, сақтамауынан, қолды сабындап жумай, жуылмаған жеміс жидектерден болады. Әсіресе жаз айларында, шыбын шіркейлер, әр түрлі жәндіктер ауру микробын таратады Олардан сақтанудың жолы – тазалық
3. Қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, қандала, бит, сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына; безгек,бөртпе,сүзек, оба,энцефалиттер, т.б жатады.
4. Жұқпалы аурулар жыныс жолдары арқылы да таралады. Бұған жыныстық жолмен жұғатын мерез, соз, СПИД т.б аурулар жатады.
|
4
|
Антропогендік ластану
|
табиғаттың қайталанбас, сұлу ландшафтардың өзгеруі, орман – тоғайлардың жойылуы, т.б жатады.
|
Жоғарыда аталған ауруларды жатқызуға болады.
|
Инсерт кестесі
Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуінен болатын ауру тобына СПИД жатады.
Сәуле адамның денесіне ешбір кедергісіз ене береді.
Радиация іштегі шарана мен жаңа туған нәрестенің иммундық жүйесін көтереді.
Адамның гигиенаны, тазалықты, сақтамауынан пайда болатын ауруларға сәулелік аурулар жатады.
Электромагниттік сәуле шығару, химиялық ластануға жатады.
Микробтың ауыз арқылы таралып, ішек – қарын жолдарына түсуі. Қоздырғыш микробтар үлкен және кіші дәрет арқылы шығады.
Қан арқылы таралу, яғни микробтардың маса, бүрге, қандала, бит сияқты паразиттер арқылы қанға түсуі. Бұл аурулар тобына; безгек, бөртпе, сүзек, оба, энцефалиттер жатады.
Ауа арқылы таралатындарға: Тұмау, қызылша, шешек аурулары жатады.
Радиациялық ластанудың негізгі көздеріне: микроорганизмдер, құрттар,қарапайымдылар жатады
Жұқпалы аурулар жыныс жолдары арқылы да таралады.
Инсерт кестесі
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
-
|
+
|
-
|
-
|
-
|
+
|
+
|
+
|
-
|
+
|
Бағалау критериі
5 – «3» деген баға
8 - «4» деген баға
10 - «5» деген баға
Сергіту кезеңі:
IV. Жаңа тақырыпты бекіту: 45 мин
Оқытушы: Келесі әр топқа тапсырма беріледі
(экраннан тапсырмалар көрінеді)
І – топтың тапсырмасы
1. Өндірістік қалдықтармен тұрмыстық қалдықтардың бір - бірінен айырмашылығы бар ма?
2. 1 гектар орман алқабы 1 жылда 18 млн м3 ауаны көмірқышқыл газы мен шаңнан тазартады, ал 40 гектар орман алқабы 5 жылда қанша ауаны тазартады?
Жауап: Жауабы: 3600 млн м3 ( 18∙5)∙40=90∙40=3600млн.
ІІ –топтың тапсырмасы
1. Қоршаған ортаның сапасы қандай болуы керек? Табиғи орта не себептен
ластанады?
2. Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Бір ағаштың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қалада қанша ағаш өсіру керек және ол ағаштар қандай ауданға егілмек?
Жауабы: 50000 ағаш өсіру керек және ол ағаштар 600 000 шаршы метр ауданға егілу керек
ІІІ – топтың тапсырмасы
1. Қоршаған ортаның жағдайларымен таныса отырып, абиотикалық факторларды бір, ал биотикалық факторлардың астын екі сызықпен сыз.
А. Қыстағы қардың қалыңдығы
Ә. Көктемгі жарықтың ұзақтығы
Б. Ылғалы аз жаздың күндері
В. Қасқырдың сирек кездесуі
Г. Қалың орман
Д. Паразитті бунақ денелер
Е. Жыртқыш құс
Ж. Түлкінің көп болуы
З. Орманда спорттық кешен болуы
К. Химиялық өндіріс әсерінен ауаның ластануы
2.Талдықорған экологиясы
IV – топтың тапсырмасы
1 м3 қала ауасының құрамында 5000 микроб болса, бұдан 9 есе аз 1м3 орман ауасында қанша микроб болады?
Жауабы: 555 микроб болады
2.Ауаның радиоактивті ластану дегеніміз не? Радиоактивті ластану неден болады?
«Ой толғау стратегиясы» ой толғаныс.
Оқытушы: Білімгерлер «Жер - Ананың жан айқайын естіп отырып, оған көмекке қол созбау – адамзаттық парызымызға сын, қане, көмекке кім ұмытылады?»- деп білімгерлерге төмендегідей тапсырмалар беріледі:
І тапсырма « Қаратал өзені несімен қымбат» сезімнен шыққан өлең.
ІІ тапсырма « Сурет бойынша әңгіме құрау»
ІІІ тапсырма « Құдіретті Жер – Ана» адам саған табынған.эссе жазу
IV тапсырма «Мен, қоршаған ортаны қорғау министрі болсам?» жоспар құру
Оқытушы: Ал енді ой сергіту сәтін «Экологиялық марафон»
1. Абай Құнанбаевты эколог деп айтуға бола ма? Егер болса дәлелдеңдер
2. Қазақ халқы қандай аңдар мен құстарды киелі деп санаған?
3. Қазақстандағы ең алғашқы экологиялық қозғалыс қалай аталды? Оның ұйымдастырушысы кім?
4.Қала экологиясының нашарлауына қандай факторлар әсер етеді?
V.Қортынды: 5 мин
Оқытушының қортынды сөзі: Жер ғаламшары – кеме, ал адамзат – оның шолушысы. Кеме апатқа ұшыраса, адамзатта апатқа ұшырайды. Сондықтан адамзатты аман сақтау үшін бірінші Жер ғаламшарын, сондағы табиғатты сақтауымыз керек. Табиғат адамсыз өмір сүре алады, ал адамзат табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес.
Оқытушы: Бүгінгі сабағымызды ағамыз Мұқағали Мақатаевтың өлең жолымен аяқтағым келіп тұр:
Әй табиғат, шеберсің - ау шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің берерсің.
Ұлан-ғайыр бұлағыңды місе етпей,
Ашкөзденген адамдарға не дерсің.
Айың – анау, күнің - анау, жер - мынау
Ау, адамдар, жетпей жатыр енді не?
Асырайды ол сені, мені, елді де!
Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Бағалау
Топқа баға беру (сауыттағы гүлді санау)
Білімгерлерді жекелей бағалау (төс белгілерін санау)
VI. Үй тапсырмасы:
Ал енді үй тапсырмасын жазып алыңыздар. Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық, радиациялық ластануының себебі және олардың қорғау шаралары туралы реферат жазып, семинар өткізуге дайындалу.
Үй тапсырмасын орындауға байланысты сұрақтар болса, анықтап алуларыңызды сұраймын.
Рефлексия:
Аквариум дегеніміз не? оған балық пен балықшы керек.
«Аквариум» шеңбер құру; ішкі шеңбер және сыртқы шеңбер слайдтағы сұрақтарға жауап беру
1.Радиациалық ластанудың адам ағзасына тигізетін әсері қандай?
2.Биологиялық ластанудан қандай аурулар пайда болады?
3.Химиялық ластануға нелер жатады?
4.Антропогенді ластанудың жолдарын айтыңыз?
Б
О
И
Л
О
Г
И
Я
1.Өндірістік қалдықтармен тұрмыстық қалдықтардың бір - бірінен айырмашылығы бар ма?
2. 1 гектар орман алқабы 1 жылда 18 млн м3 ауаны көмірқышқыл газы мен шаңнан тазартады, ал 40 гектар орман алқабы 5 жылда қанша ауаны тазартады?
1.Қоршаған ортаның сапасы қандай болуы керек? Табиғи орта не себептен
ластанады?
2. Қалада 150 мың адам тұрады. Биіктігі орташа 1 ағаш 3 адамды оттегімен қамтамасыз етеді. Бір ағаштың қоректену ауданы 12 шаршы метр. Қала халқын толық оттегімен қамтамасыз ету үшін қалада қанша ағаш өсіру керек және ол ағаштар қандай ауданға егілмек?
Қоршаған ортаның жағдайларымен таныса отырып, абиотикалық факторларды бір, ал биотикалық факторлардың астын екі сызықпен сыз.
А. Қыстағы қардың қалыңдығы
Ә. Көктемгі жарықтың ұзақтығы
Б. Ылғалы аз жаздың күндері
В. Қасқырдың сирек кездесуі
Г. Қалың орман
Д. Паразитті бунақ денелер
Е. Жыртқыш құс
Ж. Түлкінің көп болуы
З. Орманда спорттық кешен болуы
К. Химиялық өндіріс әсерінен ауаның ластануы
2.Талдықорған экологиясы
1 м3 қала ауасының құрамында 5000 микроб болса, бұдан 9 есе аз 1м3 орман ауасында қанша микроб болады?
2.Ауаның радиоактивті ластану дегеніміз не? Радиоактивті ластану неден болады?
« Қаратал өзені несімен қымбат» сезімнен шыққан өлең.
|
«Сурет бойынша әңгіме құрау»
|
«Құдіретті Жер – Ана» адам саған табынған.эссе жазу
|
«Мен, қоршаған ортаны қорғау министрі болсам?» жоспар құру
|
Абай Құнанбаевты эколог деп айтуға бола ма? Егер болса дәлелдеңдер
|
Қазақ халқы қандай аңдар мен құстарды киелі деп санаған?
|
Қазақстандағы ең алғашқы экологиялық қозғалыс қалай аталды? Оның ұйымдастырушысы кім?
|
Қала экологиясының нашарлауына қандай факторлар әсер етеді?
|
Бағалау парағы
№
|
Білімгерлердің аты - жөні
|
Үй тапсырмасы
|
Инсерт кестесін толтыру
|
Тапсырманы орындау
|
Ой толғау стратегиясы
|
«Экологиялық марафон»
Ой сергіту
|
Жалпы баға
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |