Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет33/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

Химиялық символдар. Химиялық таңбалар (символдар) – химиялық элементтердің қысқартылған әріптері. Олар латын әліпбиінің бір немесе екі әрпімен белгіленеді. «– көміртегін білдіреді (carboneum), «Al» – алюминий (aluminium).
Химиялық таңба химиялық элементтің бір атомын көрсетеді. 9-кестеде бізге таныс элементтердің атаулары және таңбалары көрсетілген.
Химиялық элементтердің таңбалары және атаулары



Химиялық элементтің атауы

Химиялық таңбалары

Химиялық белгінің айтылуы

Темір

Fe

Феррум

Күкірт

S

Эс

Мыс

Cu

Купрум

Оттегі

O

Оксигениум

Күміс

Ag

Аргентум

Сутегі

H

Аш

Химиялық таңбалардың көмегімен қарапайым және күрделі молекулалардың құрамын анықтап, жазба жүргізеді. Молекуланың құрамы химиялық формула арқылы беріледі. Мысалы: қарапайым зат – О2 (оттегі), S – күкірт, күрделі зат – CO2 (көмірқышқыл газы), H2О – су


Заттың химиялық элементін біле отырып, ол туралы көптеген қажетті ақпарат алуға болады. Қарастырып көрейік: H2SO4 – күкірт қышқылы формуласынан нені білуге болады? Бұл формула – аш екі, Эс О төрт деп оқылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет