Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»



бет56/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

Барсакелмес қорығы 1939 жылы Арал теңізіндегі аралда ұйымдастырылған болатын. Қорықтың мақсаты жануарлардың кейбiр түрлерiн сақтау және олардың өзiн қоршаған табиғатқатбейiмделуiн зерттеп, саны азайып бара жатқан құлан, қарақұйрық, ақбөкендердi қорғау. Қазіргі таңда теңіз суының тартылуына байланысты қорық аумағы арал емес түбекке айналды. Жұмысын жалғастыруда.
Наурызым қорығының ерекшелiгi далалы, орманды, сортаңды, батпақты, шалғынды, құмды өсiмдiктердiң түйiскен жерi.
Наурызымның сұлулығын көркейтетiн кәдiмгi қарағай, көктерек және қайыңнан тұратын орман шоқтары. Көл жағасына алақаз, бiрқазан, аққу, балықшы ұя салған. Наурызым қорығының эмблемасы– сұңқылдақаққу, кейбiреулер ақиық деп есептейдi.
Қорғалжын қорығы жыл құстарының ұшар жолындаораласқан.Көктем және күз айларында, демалу және коректену үшін миллионға жуық жыл құстары келіп қонады. Қорғалжыңның символы және ең әдемі құсы – Қоқиқаз (200-сурет).
Марқакөл қорығы айналасында шыршалы, самырсынды, балқарағайлы ормандар өскен көлді сақтау мақсатында құрылған.
Үстiрт қорығы Қазақстанның шөлдi аймағын қорғауға арнап ашылған. Үстірттің батыс бөлігіндегі көтеріңкі жерлерінің аумағында орналасқан (202-сурет). Қорықтың мақтанышы үстiрт муфлоны (жабайы қой)
15-дәріс.Әлемді өзгертетін жаңалықтар тақырыбын оқыту әдістері
15.1 Өнертабыстың маңызды түрлері
15.2 Қазақстандық ғалымдардың зерттеулері
15.3 Келешектегі ғылымдар Згермелі әлемнің ашылулары
Адамзаттың дамуы ғылымға және ғылыми ашылуларға тікелей байланысты.
Адамзаттың даму тарихында сансыз көптеген ғылыми ашылулар болды. Арасындағы ерекше ғылыми жетістіктерге жеке орын берілген.
Медицина, физика, астрономия, химия, география, биология, экология және басқада ғылымдардың жетістіктерін пайдалана отырып, күнделікті тұрмыс тіршілігімізде іске асырудамыз
Ғылыми ашылулар – қоршаған дүниемізде қалыптасқан заңдылықтар, қасиеттер және құбылыстардың, бізге белгісіз болып келген тұстарын ашу. Маңызды өнертуындыларының бүгінгі өмірге әсер етуі өте жоғары. Жеке бір проблеманы шешіп қоймай, келесі идеялардың туындауына және жаңа мүмкіншіліктерге ықпалын тигізеді.
Көптеген ғылыми ашылулармен өнертуындыларының арасынан, қазіргі тіршілігіміздің қалыптасуында маңызды рөл атқарғандарын атап шығайық Адамзаттың көп жылдық тарихындағы дөңгелектің пайда болуы,механика саласындағы үлкен жетістіктерінің бірі. Бұл ежелгі қондырғы, қола дәуірінде пайда болған деп есептелінеді.
Алғашқы екі және төрт дөңгелекті арбалар, б.з.д. 3500 жылы Месопотамиядағы ежелгі Киш қаласының орнынан табылған. Алғашқы дөңгелекке ұқсас, дөңгелектер
кәдімгі бөрене болған. Ауыр салмақты тастарды, кемені, ағаштарды қозғалту үшін олардың астынаорналастырған. Осылай алыс қашықтықтарға жеткізіп отырған.
Бу қозғалтқышы көлік дамуының жаңа кезеңін ашып берді. Өнертапқыш Джеймс Уатт, XVIII ғасырда, қайнап жатқан шәйнектің қақпағының көтеріліп түсіп
тұрғанына қарай отырып, ойлап тапқан делінеді. Уатт бір кесе шай ішкенге дейін
жүздеген жылдар бұрын, бу күшінің қандай болатындығын адамдар білген болатын.
Б.з. 100 жылы Герон Александрский бу турбинасының дөңгелегін ойлап шығарған деген жазбалар бар. Бұл өнертуындысын
«Эол шары» деп атаған. Өзі тапқан өнерінің әлуетін білмегендіктен оны императорлардың ойыншығы деп ойлаған. Бірнеше ғасыр өткенненкейін нақты бу қозғалтқышы өмірге келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет