Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


Экологиялық қозғалыстар мен



бет53/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

13.3 Экологиялық қозғалыстар мен ұйымдар
Экологиялық қозғалыстың мақсаты мен міндеті. Кез кел- ген экологиялық қозғалыстың немесе ұйымның жұмыс істеуі және дамуы, ұйымдастырушы және қатысушылардың алдына қойған мақсаты мен міндетінің өзектілігіне тікелей байланысты.
Экологиялық ұйымның алдына қойған мәселелер шешіліп, өзектілігін жойған күннен бастап, ұйым да өзінің жұмысын аяқтап, жабылады. Әртүрлі қоғамдық экологиялық ұйымдардың алдына қойған мақсаты мен міндеті бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар. Барлығына тән ортақ мәселе ретінде табиғи қоршаған орта алынып, тірі және өлі табиғатты қорғауда қоғамның, мемлекеттің және әртүрлі ұйымның іс-әрекеті қарастырылады.
Экологиялық ұйымдар алдына қойған мақсаты мен міндетіне жету үшін тиімді әдістерге сүйенеді. Тиімді әдістерді таңдап, бағдар- лама құруына байланысты қажетті нәтижелерге қол жеткізеді.
Экологиялық ұйымдар қоршаған ортаның ластанып жатқан- дығын халыққа жеткізу үшін, әртүрлі наразылық шараларын өткізеді. Сонымен бірге дүниежүзілік немесе аймақтық жағдайды жақсартудың жолдарын ұсынып, оның орындалуын талап етеді.
Дүниежүзінің және Қазақстанның экологиялық ұйымдары. Дүниежүзілік экологиялық ұйымның алдына қойған мақсаты – планетамыздың табиғатын қорғау және сақтап қалу. Сол үшін адам мен табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту жолында жұмыс жасап жатыр.
Дүниежүзіндегі ең әйгілі табиғатты қорғау ұйымы – Greenpeaсe. 1971 жылы кішігірім топтан құрылған белсенділер соғыс пен зорлық- зомбылыққа қарсылық көрсетіп, Канаданың Ванкувер қаласынан балықшылар кемесіне отырып ашық мұхитқа шықты. Соғысқа қарсы белсенділердің ойынша, бірнеше адамның өзі планетамызға көптеген пайда келтіруге болады деп сенді. Олар Аляска түбегіндегі жерасты жарылысы болатын кішігірім аралға жол тартты. Белсенділер өздерінің командасын Green + peaсe = Greenpeaсe (Жасыл әлем) деп атады.
Жер табиғатын және биологиялық алуан түрлілігін қорғауда Дүниежүзілік жабайы табиғатты қорғау фонды, Халықаралық Жа- сыл Крест, Халықаралық табиғатты қорғау және табиғат ресурстары ұйымы және басқа аймақтық табиғатты қорғау ұйымдары айналысады. Халықаралық ұйымдар, табиғатты қорғау жұмысын жүргізу үшін, мемлекеттердің саяси көзқарасына қарамастан, ол жердегі табиғатты қорғау ұйымдарымен тығыз бай- ланыс жасап, ортақ мәселені шешуде біріге алады.
Қазақстан Республикасы да көптеген халықаралық экологиялық ұйымдардың жұмысына белсенді араласады. Еліміздегі алғашқы экологиялық ұйымдарға «Невада – Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысы, «Арал», «Табиғат» экологиялық қозғалысы, «Каспий табиғаты» және басқаларын жатқызуға болады. Табиғатты қорғауда Жасыл құтқарушы («Зеленое спасение») экологиялық қоғамы, қоғамдық бірлестік «Эко-Образ», қоғамдық бірлестік
«PosadiDerevo.kz» және аймақтық экологиялық ұйымдар елеулі жұмыстар атқаруда. Жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясының 7-ші құндылығы «Жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі ұлттық қауіпсіздік пен біздің еліміздің жаһандық қатысуы» деп аталады. Яғни еліміздің экологиялық қауіпсіздігі ең маңызды мәселелердің біріне жатады. Әртүрлі қоғамдық экологиялық ұйымдар мен қозғалыстар еліміздің табиғатын қорғауда және табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда өз септігін тигізуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет