Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


Заттардың балқу және қайнау температурасы



бет31/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

5.3 Заттардың балқу және қайнау температурасы
Заттардың қандай қасиеттері бар екенін естеріңе түсіріңдер. Заттардың агрегаттық күйін атап шығыңдар. Заттардың ең маңыз- ды физикалық қасиеттерінің бірі – балқу және қайнау температу- расы. Балқу және қайнау кезінде заттың тек қана қасиеті өзгереді, басқа зат пайда болмайды.
Заттардың қайнауы. Қайнау – белгілі бір температура жағда- йында сұйықтың көпіршіктеніп су буларын шығаруы. Сұйық денені қыздырғанда оның ішкі энергиясы жоғарылап, молекулалардың қозғалыс жылдамдығы артады.
Зертханалық тәжірибелерге сүйене отырып, судың қайнау үдерісімен танысамыз. Ол үшін 100 мл суды ашық шыны колбада қыздырамыз. Колбаны штативке бекітіп, спирт шамының үстіне жақындатамыз (50-сурет). Судың бас- тапқы температурасы 28° С болатын.
Заттардың балқуы. Қатты денені қыздырған кезде молекула- лардың тербелісі үдей түседі және олар бастапқы күйіне қайтып келе алмайды. Бұл үдеріс болған жағдайда қатты дене балқып, сұйық денеге айналады.
Заттардың балқу үдерісіне мысал ретінде қарды аламыз. Қар – мұздың ұсақ кристалдары. 0°С температурада қар біртіндеп ери бастайды және сұйыққа айналады. Бұл үдеріс қар толығымен ерігенше жүреді. Бұл үдерісті балқу (еру) дейміз.
Кез келген қатты (кристалды) дене/зат белгілі бір температу- рада балқиды (11-кесте). Балқу кезінде дененің және пайда болған сұйықтың температурасы бірдей болады. Тұрақты температура дене/зат толық балқып болғанша ғана сақталады. Балқыған денені суытатын болсақ, ол кристаландана бастайды.
Заттардың балқу температурасы





Зат

Балқу температурасы, °С

1

Мұз, қар

0

2

Алюминий

660

3

Алтын

1064

4

Темір

1539

5

Вольфрам

3560



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет