Білім беру бағдарламасы 6В01510 «География-Тарих»


-дәріс. Заттардың жіктелуі тақырыбында оқушыларға негізгі тсініктерді меңгерту ерекшеліктері



бет32/60
Дата14.09.2022
өлшемі0,55 Mb.
#149557
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60
Байланысты:
Жаратылыстануды оқытудың теориялық негіздері

6-дәріс. Заттардың жіктелуі тақырыбында оқушыларға негізгі тсініктерді меңгерту ерекшеліктері
6.1 заттарды түзілу жолдарына қарай органикалық және органикалық емес болып жіктелуі.
6.2 Сілтілі, қышқылды бейтарап орталарды тәжірибелер жүргізу арқылы анықтау әдістері
6.3. Бейтараптану әрекеттері
6.4 Заттардың балқу және қайнау температурасы Бейтараптану реакциясын пайдалану
«Зат» туралы ұғымды бірнеше ғылым зерттейді. Қандай заттардың бар екендігі туралы сұрақтың жа- уабын химия ғылымының көзқарасы тұрғысынан қарастырамыз. Заттардың молекуладан, молекуланың атом және электроннан тұратынын сендер білесіңдер. Әрбір заттың өзіне тән белгілі бір жинақталған химиялық элементтері болады және олар сандық және сапалық құрамымен ерекшеленеді. Сондықтан да табиғатта талуан түрлі химиялық заттар кездеседі.
Заттардың көп болуы жіктеуді (классификациялау) талап етеді (ұқсас белгілері және қасиеті бойынша жеке топтарға бөлу).
Көбінесе құрылысы және құрамы сияқты негізгі көрсеткішіне байланысты жіктейді.
Органикалық заттар. Органика сөзі организм (ағза) де- ген сөзден шыққан, яғни тірі деген мағынаны білдіреді. Бірнеше жүзжылдық бұрын органикалық заттар тек қана өсімдіктер мен жануарларда кездеседі деген түсінік қалыптасқан болатын. Қазіргі таңда олардың тірі табиғаттан тыс аймақтарда да кездесетіні анықталды. Мысалы, пластмасса, желім, бояу, синтетикалық талшық және тағы басқа көптеген заттар.
Органикалық заттар – құрамында көміртегі кездесетін химиялық қосылыс. Олардың атомы бір-бірімен қосылып, әртүрлі тізбек немесе шеңбер түзеді.
Химиялық заттардың 90%-дан астамы органикалық заттар, олардың саны ондаған миллионға жетеді. Сондықтан да оларды оқып-үйрену үшін химия ғылымында жеке органикалық химия деген бөлім бар
Бейорганикалық заттар. Бейорганикалық заттардың құрамында көміртегі болмайды. Көміртегі бар қосылыстар болған жағдайдың өзінде де тізбек немесе шеңбер түзбейді. Бейорганикалық заттар екі топқа бөлінеді: қарапайым және күрделі
Органикалық заттарға қарағанда бейорганикалық заттардың саны аз.
Су 2О) – Жерде және тірі ағзалардың жасушасында ең көп тараған бейорганикалық зат. Орташа есеппен алатын болсақ, ере- сек адам денесінің 66%-ы, сүйектің – 20%-ы, бауырдың – 70%-ы,
мидың – 86%-ы су. Ағза үшін судың маңызы өте жоғары. Су зат- тарды ерітіп, оларды ағза бойымен тасымалдайды және ағзаның өміршеңдігінде көптеген үдерістерге қатынасадыҚұрамына қарай химиялық заттар екі үлкен топқа бөлінеді: органикалық және бейорганикалық Бір молекулада бірдей атомдар болса, кейбіреулерінде әртүрлі атомдар болады.
Бір түрдегі атомдарды элемент деп атаймыз (адамзатқа 110-ға жуық элемент таныс). Егер де молекула бір заттың атомдарынан тұратын болса (оттегі, сутегі, күкірт және т.б.), ол қарапайым зат- тың молекуласы. Сондықтан да оларды қарапайым заттар дейміз
Көмірқышқыл газы, су, ас тұзы және т.б. сияқты күрделі заттардың молекуласы әртүрлі элементтердің атомы арқылы құралған (8-кес- те). Қант (сахароза) үш түрлі атомнан құралған. Көміртегінің 12 атомы, сутегінің 22 атомы және оттегінің 11 атомы бар
Заттардың жіктелуі

Заттар

Қарапайым

Күрделі

Бір түрдегі атомдардан құралған

Әртүрлі атомдардан құралған

Басқа затқа айналғанда ыдырамайды

Басқа түрге айналғанда ыдырайды

Оттегі, сутегі, күкірт, темір және т.б.

Су, ас тұзы, көмірқышқыл газы, сахароза және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет