Пәннің зерттеу обьектісі – оқушылардың оқу жетістіктерінкритериалды бағалау үрдісі.
Зерттеу пәні – білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыру әдістері, формалары мен құралдары.
Білім беру бағдарламасының құрылымында пәннің алатын орны:
Пәннің пререквизиттері: педагогика, мамандыққа кіріспе
Пәннің постреквизиттері: Физика, математика, информатиканы оқыту әдістемесі,
инклюзивті білім беру
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар:
Білім алушылардың жетістіктерін диагностикалау әдістері мен құралдарының қазіргі жай-күйін;
Бағалаудың мәнің,рөлін,қызметтерін,бағалау әрекетінің құрылымын;
Оқушылардың жетістіктерін бағалаудың мақсатын, қағидаларын;
Оқушыларды критериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін білуі тиіс.
Меңгеруі тиіс:
Оқушылардың оқыту нәтижелерін бағалау бойынша мұғалім жұмысының мазмұнын сипаттауды;
Нормативтік құжаттар мен бағалау обьектілерінің талаптарын ескеріп, жоспарланған нәтижелерді бағалаудың тиімді технологиясын таңдауды;
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінде жастық және дара ерекшеліктерін ескеру мен бағалау инструменттерін және процедурасын қолдануды;
Одан әрі оқыту туралы шешім қабылдау үшін критериалды бағалауды пайдалануды;
Оқушыларды обьективті бағалау үшін қазіргі АКТ құралдарын қолдануды.
І. Пәннің технологиялық картасы
Достарыңызбен бөлісу: |