Ағысты сипатына байланысты ламинар және турбулентті деп екіге бөлiнедi. Егер сұйық қабаттары бiр-бiрiмен араласпай, бiр-бiрiне параллель қозғалатын болса, мұндай ағыс – ламинар (қабатты) ағыс деп аталады.
Егер сұйық қабаттары бiр-бiрiмен араласып иiрiлiп қозғалатын болса, мұндай ағыс – турбуленттi (иiрiмдi) деп аталады.
Сұйық қозғалысын зерттеу барысында көп жағдайда сұйықты мүлде сығылмайды деп және олардың қабаттарының арасында үйкеліс болмайды деп қарастырады. Мұндай идеал сұйық моделі тек зерттеулер мен есептеулер үшін қолданылады.

Суреттегiдей түрде жалғастырылған екi ыдыс алайық. Жоғарғы ыдыстағы сұйық биiктiкке h дейiн толтырылған делiк. Ендi екi ыдысты қосатын шүмегiн ашсақ, онда сұйықтың бiразы жоғарғы ыдыстан төменгi ыдысқа ағып өтедi. Айталық, t уақыт iшiнде жоғарғы ыдыстағы сұйықтың деңгейi h1-ге төмендеп, төменгi ыдыс толсын.
Сұйықты сығылмайтын және үзiлмейтін деп есептесек, онда жоғарғы ыдыстан ағып шыққан сұйық көлемi мен төменгi ыдысқа құйылған сұйық көлемi тең болады: