Білім беру бағдарламасы: 6В01582 «Физика мұғалімдерін даярлау»



бет1/5
Дата12.12.2023
өлшемі3,97 Mb.
#196369
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Суйыктар механикасы-1 8 лек Ф-22-1


ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ИНСТИТУТЫ
«ФИЗИКА ЖӘНЕ МАТЕМАТИКА» КАФЕДРАСЫ
Пән: «Механика»
Білім беру бағдарламасы: 6В01582 «Физика мұғалімдерін даярлау»
Бакалавр. Ф-22-1, Ф-22-1у оқу топтары
Оқытушы: п.ғ.к, аға оқытушы

АЛМАҒАМБЕТОВА АЙГҮЛ АЛДАЖАРҚЫЗЫ
ҚЫЗЫЛОРДА 2022
 

СҰЙЫҚТАР МЕН ГАЗДАР МЕХАНИКАСЫ

Дәріс №8. Сұйық пен газдағы қысым.

Жоспары:

Сабақтың мақсаты: Сұйық пен газдағы қысымның пайда болу табиғатын түсіндіру.

1. Тыныштық күйдегі сұйықтар мен газдардағы қысымның реттелуі.

2. Қысымды өлшеу. Паскаль заңы.

3.Сұйық қозғалысын зерттеу әдістері

Тұтас орта

Тұтас орта

Біз бұған дейін денелердің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын, немесе қатты денелердің бір белгілі осьтен айналуы болып табылатын қозғалыстарды қарастырдық.

Алайда, бір дененің әр түрлі бөліктері бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыратын қозғалыстың да екенін айту керек. Бұл жағдайда дене тұтас, үздіксіз, шексіз үлкен деп қарастыруға жарайтын болса, мұндай ортаны тұтас орта деп атайды.

Газдар мен сұйықтарды тепе-теңдiгi мен қозғалысын қарастырғанда оларды үздiксiз тұтас орта деп алады.

Тұтас орта -кеңістіктің қандай да бір бөлігін үздіксіз толтырып тұратын материалдық нүктелер жиынтығы деп те аталады.

-тұтас орта дегеніміз кейде серпімді қатты дене болып келуі де мүмкін, бұл жағдайда оның бір бөліктерінің екінші бөліктерімен салыстырғанда ығысуы және тербелуі (толқын пайда болуы) мүмкін;

-тұтас орта дегеніміз ағыс пайда бола алатын сығылмайтын сұйық болып келуі де мүмкін;

Қорыта келгенде тұтас орта дегеніміз ағыс та, тербеліс те пайда бола алатын сығылатын сұйық немесе газ болуы да мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет