Бетке перпендикуляр бағытта аудан бірлігіне әсер ететін күштің сан мәніне тең шама қысым деп аталады. Өлшем бірлігі ХБЖ –да Паскальмен есептеледі.
Сұйық қозғалысын зерттеу әдістері
Сұйық қозғалысын зерттеу әдістері
Сұйық бөлшектерiнiң қозғалысын Лагранж және Эйлер деп аталатын екі тәсiлмен зерттейді.
Лагранж тәсiлiнде әрбiр жеке сұйық бөлшегiнiң кеңiстiктегi қозғалыс заңдылығы зерттеледi.
Эйлер тәсiлiнде кеңiстiктiң белгiлi бiр нүктесiнен өтетiн сұйық бөлшектерiнiң жылдамдығы қарастырылады.
Сұйық қозғалысын жақсы түсіну үшін ағын сызықтары мен ағын түтігі деген ұғымды пайдаланамыз.
Сұйық бөлшектерiнiң қозғалысы - ағыс, ал сұйықтың қозғалысы- ағын деп аталады.
Ағын сызықтары жиі болса, онда ағыс күшті, ал сызықтар сирек болса, онда ағыс баяу болғаны. Сұйықтың ағын сызығын көзбен көру үшін оның ішіне бояу қосуға не болмаса қалқып жүзетін зат бөлшектерін салу керек
Ағын түтігі
Ағын түтігі
Сұйықтың ағын сызықтарымен шектелген бөлігін ағын түтігі деп атайды. Ағын түтігінің белгілі қимасындағы барлық бөлшектер қозғалыс кезінде ағын түтігінің ішімен қозғала отырады, одан шығып кетпейді. Сонымен қатар ағын түтігінің ішінде де сырттан ешқандай бөлшектер енбейді. Бір ағын түтігін алып, оның кез келген S1 және S2 нормаль қимасын белгілеп алады.
Ағын сызықтары
Ағын сызықтары
Мына суреттерде ағынға перпендикуляр қойылған дөңгелек цилиндрді, пластинканы немесе қимасы балық тәрізді сүйір денені сұйық орай аққан жағдайдағы ағын сызықтары көрсетілген (1 сурет).
Сұйық бөлшектерінің қозғалысын бір белгілі санау жүйесіне қатысты анықтайтын болса, онда әрбір бөлшектің өзіне лайық жылдамдық векторы болады. Барлық сұйық, қарапайым сөзбен айтқанда, жылдамдық векторының өрісі болып табылады. Жылдамдық векторының өрісімен сызықтар жүргізейік, сонда олардың әрбір нүктесінен жүргізілген жанамалар сұйық бөлшегі жылдамдығының сол нүктедегі бағытына дәл келетін болсын (2- сурет). Сондай сызықтарды ағын сызықтары деп атайды.