Білім беру бағдарламасы: 6В01582 «Физика мұғалімдерін даярлау»


Гидроаэромеханика - сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттері мен олардың қозғалысын, олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын зерттейтін физиканың бір бөлімі



бет2/5
Дата12.12.2023
өлшемі3,97 Mb.
#196369
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
Суйыктар механикасы-1 8 лек Ф-22-1

Гидроаэромеханика - сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттері мен олардың қозғалысын, олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын зерттейтін физиканың бір бөлімі.

Гидроаэромеханика - сұйықтар мен газдардың механикалық қасиеттері мен олардың қозғалысын, олардың ішіндегі қатты денелердің қозғалысын зерттейтін физиканың бір бөлімі.

Гидроаэростатика - сұйықтар мен газдардың тепе-теңдiкте болуын қарастыратын, яғни олардың тыныштық күйде болуы мен қозғалысы өте аз күйін қарастыратын механиканың бөлiмi.

Гидростатиканы ғылым саласы ретінде қалыптастыруда Архимед, Э.Торричелли, Б.Паскаль сияқты ғұлама ғалымдардың еңбектері негіз болған.

Гидроаэродинамика -сұйық пен газдардың қозғалысын, ұшатын аппараттардың (ұшақтар, тікұшақтар және т.б.), су көліктерінің (суасты кемелерінің, кемелердің), атмосферадағы денелердің қозғалысын (метиориттердің, кометалардың, құстардың, жәндіктердің ұшуын және т.б.) зерттейді

Гидродинамика- сұйықтардың, аэродинамика газдардың қозғалысын зерттейтiн механиканың бөлiмi.

Газ бен сұйықтың қасиеттері

Газ бен сұйықтың қасиеттері

Газ бен сұйық заттың екі түрлі агрегаттық күйі бола тұра оларға ортақ қасиет- аққыштығы, пішінін тез өзгертетіндігі. Олардың пішіндерін тез өзгертетіндігі гидроаэростатикада өте маңызды рөл атқарады. Оларды аққыш заттар ретінде қарастыратын болсақ, аса үлкен айырмашылық бола қоймайды.

Газ бен сұйық арасындағы айырмашылық- олардың сығылғыштығында.

Газ қысымы

Газ қысымы

Сұйықтар мен газдардың серпiмдiлік қасиетi мынадан байқалады: олардың бөлiктерiнің бiр-бiрiне немесе олармен жанасатын денеге түсіретін күштерінің шамасымен, яғни қысыммен сипатталады. Бұл қысым олардың сығылу дәрежесіне байланысты.

Сонымен, сұйықтар мен газдардың қасиетін сипаттайтын ең негiзгi шамалардың бiрi - қысым. Бұл жерде қысымның табиғаты ескерілмейді, тек олардың өзгерісі ғана қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет