Ой-пікірлерді талдай алмау, сұраққа жауапты оқытушының көмегімен қайтару;
Білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмау, жаттанды сөйлеу, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбеу.
Өзіндік жұмыс бойынша бағалау критерийлері
90-100
Оқу бағдарламасының барлық бөлімдері теориялық заңдылықтарды нақты мысалдармен дәлелдеп көрсете білу;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттерді толық әрі терең меңгеру;
Қажетті тұста қосымша материалдарды орынды қолдана білу;
Өзіндік жұмыс сабақтарында жеке шығармашылық жұмыстар орындау, топтық талқылауға белсене араласу, берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындау;
Жұмыстың берілген есеп беру стандартқа сай рәсімделуі.
Дәлелді тұжырымдар, олардың дұрыс және толық түсіндірілуі. Магситрант өзінің көзқарасын дәлелді түрде орындайды. Орындалған жұмысты қорғау кезінде сұрақтарға сенімді және дұрыс жауап береді.
70-89
Оқу бағдарламасы шеңберінде қойылған барлық мәселелер теориялық материалды дәлелдеуде мысалдарды орынды қолдана білу;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі және қосымша әдебиеттермен таныс болу;
Пән бойынша берілген қосымша жұмыс түрлерін дер кезінде орындап, тапсыру;
Өзіндік жұмыс сабақтарында жауап беріп, тапсырмаларды орындап жүру;
Қорытындыларды дұрыс, бірақ толық емес түсіндіру. Қорғау кезінде студент дұрыс, бірақ толық емес жауаптар береді, қорытындылар нақты жеткізілмейді.
50-69
Білім деңгейін төмен көрсету;
Өзіндік жұмыс сабақтарында белсенділік көрсетпеу, топтық талқылауға қатыспау, тапсырманы орташа деңгейде орындау; Оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстірт түсіну;
Пәннің оқу бағдарламасы ұсынатын негізгі әдебиеттермен толық таныс болмау;
Ереже, заңдылықтарды толық білмеу және мысалдармен дәлелдей алмау;
Жұмысты рәсімдеуде маңызды қателіктердің кездесуі.
Қорытындыларды толық емес түсіндіреді, жұмысты қорғау кезінде студент әрдайым дұрыс жауап бере бермейді.
0-49
Пән бойынша білуге тиісті негізгі ұғым, ереже, заңдылықтарды жаттанды тілмен айту, мысалмен дәлелдей алмау;