Білім беру бағдарламасы 6В017 «Қазақ тілі мен әдебиеті», В37 «Филология:қазақ тілі»



бет17/46
Дата10.12.2021
өлшемі0,56 Mb.
#78947
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46
Байланысты:
Адебиеттануга кириспе 2020

Дәрістің мақсаты: Әдеби шығармадағы сюжет оқиғалардың тізбегінен, яғни уақыт‑кеңістік қатынасындағы кейіпкерлерінің өмірінен, бір‑бірімен алмасып отыратын әрекет‑жағдайларды қарастыру

Реализм әдісі суреткерден өмір құбылыстарын, маңызды қоғамды мәелерлерді, күнделікті тұрмыстағы сан-алуан жайларды мейлінше кең қамтып, әлеуметтік өмірдің қайшылықтарын терең ашып көрсетуді, қарапайым адамдардың бейнесін сипаттауға жете назар аударуды талап етеді. Егер романтизм әдісі көбінесе сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсету қажеттігін мойындайды. Реалистік принцип жаңа дәуір әдебиеті мен көркем өнерде жаңа еш сипатқа ие болып, әдебиеттің халықтық демократияшылдық принциптерімен жалғастық тапты. Реализм өмірде болатын, үнемі кездесетін нақтылы жай-жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды дегенде, әрине, мұны оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс болмайды. Мысалы, Махамбет поэзиясын алсақ, онда романтикалық асқақ арман, алға ұмтылу, күрескерлік әуен қандай күшті болса, реалистік нақтылық, қоғамдық өмірдің, қайшылығын ашып көрсетер шыншылдық та соншалық айқын.

Реалистік әдістің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамьып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарында нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз.

Реализмнің тууы, қалыптасуы және дамуы туралы пікірлер де әр алуан: біреулер бағыт ретінде ХVІІІ ғасырда туды десе, біреулер ағын ретінде ХІХ ғасырда қалыптасты деседі. Ал әдіс ретінде дамуын қадағалаушылар оны ғасырлар тереңіне әкетіп, бір-біріне тұтасқан түр-түрге бөледі. Көне дүние (антика) реализмі, ояну дәуірінің реализмі, Ағарту кезінің реализмі, Қайта өрлеу кезеңінің реализмі, Сыншыл реализм, Социалистік реализм.

13. Тақырыбы: Әдеби ағым-бағыттар

1. Әдеби ағым-бағыттар ерекшелігі.

2. Орыс және қазақ әдебиеттері тарихындағы әдеби ағым-бағыттар мен мектептер.

3. Олардың әдеби процестегі орны.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет