Дәрістің мақсаты: Қазақ халқының өнері, мәдениеті, әдебиетінің тарихы, дүниетанымдық ой-көзқарасы ұлттық тарихпен тығыз байланысты. Яғни, қазақ әдебиетінің тарихын, сыншылдық-эстетикалық, ғылыми-зерттеушілік ой-пікірдің туу, қалыптасу кезеңдерін қазақ халқының азаматтық тарихының өткен жолымен бірге алып, қарастыру
Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан тәсіл-құбылту, яғни троп (грекше –иін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.
Құбылтудың (троптың) түрлері көп. Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яғни метафора (грекше - көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ақындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Кейіптеу – ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл.
Ал мысал өлеңдеріндегі құбылу, көбіне, пернелеу, яки аллегория (грекше пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады.
Торптың (құбылтудың) бір түрі – астарлау, яғни символ (грекше шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру. Ең бастысы – символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат береді.
Троптың келесі бір түрі – алмастыру, яғни метонимия (грекше қайтадан атау) - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану. Мұның да әдеби тілде атқарар қызметі әжептәуір: кейде ой ықшамдығы үшін, кейде образ нұсқалығы үшін қажет.
Меңзеу – алмастырудың бір түрі – бүтіннің орнына бөлшекті немесе керісінше, жалпының орына жалқыны немесе керісінше қолдану.
Троптың бір түрі – кекесін, яғни ирония (грекше - келемеждеу); тағы бір түрі – мысқыл, яки сарказм (греше масқаралау).
Троптың бір түрі – ұлғайту, яғни гипербола (грекше үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі – кішірейту, яки литота (грекше – қарапайым, қораш). Бұлар да суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманға әсерін арттыра түседі.
Ал литота, гиперболаға керісінше, шамадан тыс ұлғайтылған құбылысты енді құлдырата кішірейтіп көрсетеді.
Көркем сөзді ажарлап қана қоймай, оны мазмұн жағынан да, пішін жағынан да құбылта құлпыртып, әр қашан «тілге жеңіл, жүрекке жылы жылы тигізудің» тәсілдері өте көп.
№6. Тақырыбы: Поэтикалық фигуралар.
1. Поэтикалық фигуралар: инверсия, арнаулар мен қайталаулар.
2. Бұл тәсілдердің идеялық-көркемдік қызметі.
3. Аллитерация мен ассонанс.
Достарыңызбен бөлісу: |