Дәрістің мақсаты: Тұтас шығарма жүйесіндегі автор концепциясы немесе автор образы ретінде композициялық-сюжеттік ерекшеліктермен бірге қарастыру
Әдебиеттің даму жолында тарихи қалыптасқан ортақ көркемдік құбылыстар – ағым мен бағыт ұғымдарының зерттелу тарихына зер салсақ, бірізділікті аңғару қиын. Бірнеше суреткерлер шығармашылығына тән әлеуметтік-идеялық, танымдық-эстетикалық ұқсас сипаттардан туындайтын аталмыш әдеби-теориялық категориялардың табиғатын тану бүгінгі таңға дейін қайшылықты пікірлерден арыла алған жоқ. Тіпті әлі күнге дейін «әдеби бағыт», «әдеби ағым», «әдеби топ», «әдеби мектеп» түсініктерін бір-бірінің орнына қолданып келе жатқанының куәсіміз. Әлемдік әдеби үдерістегі ортақ құбылыстар табиғатын тарихи-салыстырмалы тұрғыда қарастыру барысында зерттеушілерді үнемі тығырыққа тіреп отырған терминологиялық мәселелердің ішінде аталған ұғымдар ерекше көзге шалынады. Әсіресе «ағым» мен «бағыт» бір-бірінен толық ажыратылмаған күйінде, кей тұстарда бір-бірінің синонимі ретінде сипаттала береді. Сонымен бірге романтизм мен реализмнің бағыт ретіндегі мәні мен әдіс ретіндегі мағынасы да ала-құлалықтардан арыла алмай келеді. Осы кезеңге дейінгі әлемдік және ұлттық әдеби-теориялық білімдер жетістіктерін пайдалана отырып, аталған ұғымдардың өзіндік табиғатын анықтау, теориялық тұрғыдан нақты баға беру аса маңызды. Академик Р. Нұрғали: «Қазіргі әдебиеттану ғылымында әрі актуалды, әрі даулы теориялық мәселенің бірі – әдеби ағым және әдеби әдіс проблемасы», – деп көрсеткен-ді. Сол уақыттан бері ұлттық көркемдік тәжірибемізді әдеби ағым мен көркемдік әдіс категориясы арқылы тұтастай алып қарастыру толықтай шешімін тапқан жоқ.
Ұлттық әдебиеттегі ағымдар мен әдістердің ауысулары сол ұлттың көркемдік дамуының аса айқын белестері және әдебиет заңдылықтарының жүзеге асуының нақты көрсеткіштері. Әдеби ағымдардың әдістермен, жанрмен қарым-қатынасы біршама ғылыми тұжырымдар жасауға жетелейді. Әдістер мен әдеби ағымдардың ішкі байланыстары белгілі бір жанрлардың дамуына жол ашты. Жанрлар үздіксіз даму үстіндегі құбылыс болғандықтан, оған әдебиет даму кезеңдеріндегі әдістер мен әдеби ағым-бағыттар өз ерекшеліктерін әкеліп отырды. Сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуына әсер еткен көркемдік әдістер мен ағымдардың ролін жүйелі қарастыру тақырыптың өзектілігін айғақтайды. Өйткені қазақ прозасының, оның ішінде романының қалыптасуы мен еңсесін тіктеп кетуіндегі реализмнен басқа да әдістердің және ағымдардың орны жете талданбай келеді. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өркендеуіндегі ерекшелікті, қандай ағым-бағыттар болғанын зерттеп, түбегейлі шешімін табуға асығу шарт», – деп жазады Т. Кәкішев. Расында да әдебиетіміздегі әңгіме, повесть, роман жанрлары натурализм, сентиментализм, экзистенциализм т.б. тәжірибелерді басынан өткерді. Әсіресе ұлттық прозадағы романтизм, көркемдік ойлаудың реалистік және романтикалық ойлау типтері, әдебиеттің ішінара бір әдістен екінші бір әдіске көшуі, ауысуы үдерісі кеңінен қаузалмаған мәселе.
№14. Тақырыбы: Әдеби дәстүр мен жаңашылдық мәселесі
1.Әдеби дәстүр мен жаңашылдық мәселесі.
2. Дәстүр жалғастығы, оның үш салада: идея мен тақырып, образ, көркемдік шеберлік тұрғысынан дамытылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |