Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Көне эпос. Анықтамасы, негізгі белгілері. Тақырыбы



бет28/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)
6 топ КАСИМОВ
Көне эпос. Анықтамасы, негізгі белгілері. Тақырыбы.
Көне эпостың жекелеген үлгілері немесе белгілері жөнінде жол-жөнекей айтылған ойлар кездеседі. Фольклорды үңіле зерттеген Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, М.Ғабдуллин, Н.С.Смирнова, Т.Сыдықов еңбектерінен бұл айтылғанға мысал табамыз. Академик Ә.Марғұлан қазақ эпосын стадиялық жүйелеген еңбектерінде атам замандағы (архаикалық) эпосты жеке бір топ етіп қарастыруды ұсынып келгені көптен белгілі. өкінішке қарай бұл терең пікір әрі қарай дамытылмай, жеткілікті дәлелденбей қалған.
Белгілі фольклоршы Ә.Қоңыратбаевтың мақалалары мен зерттеулерінде көне эпосқа қатысты бағалы пікірлер мол. Ол эпостың шығу тегін, тарихын сөз еткен тұстарда бұл мәселеге әрдайым азды-көпті кідіріп отырады. Ғалымның сондай соны тұжырымдары оның «Эпос және оның айтушылары» деген зерттеуінде көбірек көрініс береді. Оның «... эпос басында ертегі, аңыз, шежіре, түрінде айтылып... бірте-бірте ертегілік сарыннан айығып, тарихи-реалдық жырларға айналған» - деген тұжырымы құптарлық. Бұдан кейін ол әлгі пікірін нақтыландыра, эпостың шыққан кезеңін дәлірек көрсетуге көшеді. «Сана мен тіл, тайпа мен эпос құрдас ... эпос тарихын біз көп жайда тайпа, ел тарихынан бөлек алып зерттедік. Схематизм, субъективтік бағалар, бос жорамалдар осыдан туады...».
Ә.Қоңыратбаевтың «Ежелгі түркі поэзиясы және фольклор» деген күрделі зерттеуінде эпостың тарихқа қатысы, түп негізі және сипаттамасы жөнінде татымды ойлар желі тартқан. Солардың бірқатары оның «Эпос және оның айтушылары» деген кітабында қысқаша, бірақ дәл қайталанып берілген.
Б.Н.Путилов ат-қабат материалдың ішінен көне қатпарларды табу, анықтау айрықша методиканы керек ететінін ескертеді. Осы мақсатпен ғалым үш түрлі шарт ұсынады. Олар: біріншіден, шығармада мемлекет кұрылғанға дейінгі (догосударственный) эпос белгілері айқын танылуы; екіншіден, ескі эпикалық дәстүр мен кейіннен қосылған сарынның айырмашылығы сезіліп тұруы; үшіншіден, типологиялық бір тектес қатарлама (параллель) материалдың болушылығы. Эпостағы архаикалық элементтерді іздестіру жеке өзіндік мақсаттан тумайды. Ол эпостың әрбір кезеңіне тән тарихи шындықтың елестеу дәрежесін пайымдау үшін қажет. Архаикалық эпостың дәстүрі уақыт өте келе қаншалық өзгерістерге ұшырайтынын анықтау да күрделі мәселе. Қаһармандық идеал мен адамдардың, тарихи түсінігіне орай көне эпос оқиғалары жаңа сипаттарға көшетіні заңдылық секілді нәрсе. Эпостың жанрлық түрлерінің бәрінде де түрлі тарихи дәуірлердің түсінік өлшемдері қатарласа жүре беруі де табиғи. Б.Н.Путилов архаикалық эпос жайындағы еңбектерді шола отырып, әділ тұжырымдарға келеді. Ол мифологиялық эпос, батырлық ертегі, мемлекет пайда болғанға дейінгі (догосударственный) эпос алғашқы қауым жемісі екенін айтады.
Қазақтың эпикалық жырларының ішінде оқиғалық жағынан ең ескісінің бірі – «Мұңлық-Зарлық». Жырдың кейбір нышандары өте көне дәуірге меңзейді. Зұлымдық иесі мыстан кемпір, алып қара дәу, жас балаларды адамша асырайтын киік бейнелері, аңшылық өмір көріністері исламнан бұрынғы бұлдыр заманнан ауысқан секілденеді. Дастанның көнелігін алғаш дәлелдеп көрсеткен Ә.Қоңыратбаев тұжырымы дұрыс деп білеміз. Ал мұндағы ғайып ерен қырық шілтен, кәміл пірлер ислам дінінің ғана қоспалары болмаса керек. Бұлардың қызметі арғы дәуірлердегі шамандық көзқарастар негізінде қалыптасқан магиялық, мифологиялық ұғымдармен сабақтас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет