Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет26/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)
6 топ КАСИМОВ
Эсхатологиялық мифтер деп аталатын бұл әңгімелер қоғамдық сананың салыстырмалы түрде жоғары деңгейге көтерілген тұсына, басқаша айтқанда, мифтік сананың классикалық деңгейге көтерілген кезеңіне сәйкес. Ақыр заман болған жоқ, бірақ болуы мүмкі
Әпсана. Аңыз әңгімеден айырмашылығы.Түрлері.
Әпсана (парс, афсане сөзінің екі түрлі мағынасы бар, бірі-ертегі, ғажайып оқиғалы әңгіме, екіншісі-сұлу, керемет)-парсы-тәжік фольклорының жанры. Парсы тілдес халықтарда бұл сөз «ертегі» жанрының айқындамасы ретінде қолданылады. Арабтың мәшһүр энциклопедияшы-ғалымы Әбу әл-Хасан Мацуди ежелгі ирандықтардың «Хезар у як афсане», яғни «Мың ертегі» деген кітабы болғанын
Әпсана – хиқаят (парсы. Афсанс-ертегі, араб. Хикаят-әңгіме-қазақ фольклорлық прозасының жанры. Бұл терминды орыс, Еуропа әдебиеттерінде қалыптасқан «легенда» (лат. Legenda )-ұғымының баламасы ретінде қазақ фольклортануына С.Қасқабасов енгізген. Әпсана – хикаят – бағзы бір заманаларда болыпты-мыс делінетін оқиғаларға немес пайғамбардың, әулие-әмбиелердің ғажайып істерін баяндайтын діни сюжеттерге негізделген, сондай-ақ нақтылы тарихи, кітаби дерек, тиянағы жоқ, таза қиялдың жемісі ретінде туған, фольклорлық прозаның көркемдік сипаты мейлінше қанық үлгісі. Әпсана хикаяттардан аңызға да, миф, ертегілерге тән жанрлық белгілер бірдей ұшырасады. Оқиғаның тым көне, архаикалық сипаты белгілі бір идеялық, тақырыптық бағдары діттейтін сюжеттік-композициялықтың, шарттылықтың басымдығы, көп нұсқалығы - әпсана хикаятының негізгі ерекшеліктері. Шартты түрде тарихи-мекендік, діни-кітаби, әлеуметтік-утопиялық деп үшке бөлінеді. Тарихи-мекендік әпсана хикаяты есте жоқ ескі дәуірде өткен оқиғалар, тарихи тұлғалар жайына арналады (Ескендір, Қызыр, Қорқыт туралы ә.х.). Діни-кітаби әпсана хикаяты құран хикаяларын мазмұндап, әулиелердің тағдыр-талайын, тіршілік тауқыметін т.б. өзек етеді ( Аюп, Мұса, Әзірет әли, Нұх, т.б. туралы). Ал әлеуметтік-утопиялық әпсана хикаяты халықтың тәңірі қалаған абат мекен, Жерұйық хақындағы ой арманнан туындайды (Асан қайғы, Абат, Өтеген батыр іздейтін Жерұйық туралы ә.х.).
Біз өзіміз оқыған халық ауыз әдебиетіміздің асыл қазыналары тұрмыс-салт жырлары мен ертегілер, шешендік сөздер мен аңыз әңгімелерден де халқымыздың танымын білсек, қазақ фольклорлық прозасының жанры әпсана-хикаят, хиссалардан халқымыздың нанымын көреміз.

Әдебиеттер


1.Әдебиеттану терминдер сөздігі.Алматы: Ана тілі, 1998.
2.Әуесбаева П. Ыбыраев Ш. Қазақтың мифтик әңгімелері. Алматы: Ғылым, 2002.
3. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Алматы: Санат, 1996.

4модуль: Эпос. Түрлері. Зерттелуі. Жанрлық белгілері. Ерекшеліктері.


9 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет