Білім беру бағдарламасы: «6В01703 Қазақ тілі мен әдебиеті»


Фольклордың ерекшелігі, жанрлары. Поэтикалық тәсілдері, құралдары



бет3/43
Дата18.11.2022
өлшемі430,76 Kb.
#158794
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Дәрістер кешені ҰДФ (копия)

Фольклордың ерекшелігі, жанрлары. Поэтикалық тәсілдері, құралдары.
Фольклор шығармалары қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінен еңбек процесінде жасалатын болғандықтан, пессимизм дегенді білмейді. Оның бас кейіпкерлері көбіне мұрат-мақсаттарына жетіп отырады. Мұны фольклорға тән оптимизм белгісі дейміз.
Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан, ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағұрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-санасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.
Бізге келіп жатқан қазақ фольклорында мифология элементі айтарлықтай елеулі емес. Ол көбіне ерте кезеңдерде туған қиял-ғажайып ертегілерінде ғана кездеседі. Қазақтың төл ұғымында туған мыстан, жезтырнақ, қарақұлақ образдары жамандық иесі болып, бірде адам, бірде аң түрінде кездеседі. Адам кейпіндегі көптеген мифтер – Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар, т.б. еңбекпен байланысты туған. Бұлар – адамның досы, қолқанаты. Ал ислам санасымен бірге келген дию, жын, пері образдарының табиғаты бұлардан өзгешелеу. Бұл тұста халық өмірінде бар адам мінездерін әлеумент теңсіздігін діни ұғымдарды әжуалайды. Мысалы, Алдар көсе жайындағы әңгімелер – ескілік пен күлкі үстінде есеп айырысудың ғажап үлгісі.
Қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің заманалар бойы ауызша сақталып, біздің дәуірімізге жетуінің өзі оның тамаша көркемдігінің, шын мәніндегі шешен тіл негізінде туғандығының кепілі. Мұндай көркемдік дәрежеге жетпеген дүние бірнеше ғасыр емес, бірнеше жыл қырқасынан да аса алмаған болар еді. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері сөз өнерінің үздік табыстары ретінде сақтала отырып, сол өнердің дамуына өлшеусіз зор үлес қосты...
Орыс және қазақ ағартушылар бағыты-демократтарының материалистік эстетикаға негізделген фольклор туралы ойлары творчествосын танып білудің кезеңі болды. Олар фольклористика ғылымымен тікелей айналыспаса да, оның халықтығы мен әлеуметтік-реалистік мәнін дұрыс таныған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет