М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Кафедра ҚР тарихы
SYLLABUS
Пәннің атауы Қазақстан тарихы бойынша деректер
Білім беру бағдарламасы «6В02201 – Тарих», білім бағдарламасы бойынша гуманитарлық білім бағдарламасы
Құрастырған: Айбекова Гульфия Юсуповна ,оқытушы,магистр
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Орал, 2022ж.
SYLLABUS «6В02201 – Тарих», мамандығына арналған «Қазақстан тарихы бойынша деректер»
типтік оқу бағдарламасы (Алматы, 2007 ж.) басшылыққа алынып құрастырылды.
Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының «09» қыркүйек 2022ж.
мәжілісінің № 1 хаттамасымен қаралды
Кафедра меңгерушісі __Байбулсинова А.С.
(ТАӘ)
Пікір беруші: Дюсенгалиева М.Г., т.ғ.к.
(ТАӘ; лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Пікір беруші:Серикова Л.С., т.ғ.к.
(ТАӘ, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Сарапшылар: _Ерсаев М.Б., БҚО тарихи-өлкетану музейінің директоры; Абдрахманова Р.Л., Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, т.ғ.к.
1.Пән туралы мәліметтер:
Кредит
|
3
|
Курс
|
2
|
Семестр
|
4
|
Қорытынды бақылау түрі
|
Емтихан (аралас)
|
Дәріс (сағаты)
|
15
|
Практикалық (семинар, лабораториялық)
сабақтар (сағаты)
|
15
|
СОӨЖ (сағаты)
|
30
|
СӨЖ (сағаты)
|
30
|
Барлық сағаттар
|
90
|
1 Пән туралы мәліметтер:
Пән бойынша мағлұмат: Басқа да халықтар сияқты, қазақ халқының тарихы да негізінен өзінің төл тума деректерінің негізінде жазылады. Сондықтан ұлттық деректерімізді тану еліміз тарихын оқып білудің шешуші шарттарының біріне жатады. Қазақстан тарихы бойынша деректерді тану ісімен тарих ғылымының маңызды саласының бірі-деректану айналысады. Қазақстан тарихы бойынша деректер келешек тарихшы мамандардың теориялық-методологиялық және арнайы дайындығын қамтамасыз ететін іргелі пәндер санатына қосылады. Деректанудың іргелілігі ең алдымен тарих ғылымының өзіндік ерекшелігінен туындайды: тарих объектісі- «қоғамның өткенін»- тарихшы тікелей зерттей алмайды, ол тек тарих ғылымының тікелей зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректер арқылы ғана танылады. Деректану тарихи зерттеу тәжірибесінің барысында пайда болды. Алғаш ежелгі тарихи ескерткіштер зерттелді және нақты тарихи фактіні тануға «дерек не береді»- деген мәселенің фактілік жағына ғана көңіл аударған қолданбалы деректану қалыптасты.
Деректік базаның кеңейуіне, ғылыми айналымға жаңа деректер тобының молынан тартылуына байланысты, нақты бір тарихи оқиғаның, құбылыстың немесе процестің әр түрлі деректерге бейнеленетіндігі көріне бастады. Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, сыннан өткізу қажеттігі туындады. Эмпирикалық жолдармен жасалынған және ұзақ жылдарға созылған іс-тәжірибелік сынақтан өткен тәсілдер «дерек оқиғаны қалай бейнелейді»- деген проблеманы шешуге көмектесетін жазба деректерді зерттеу методикасына айналды. Жазба деректер заттай (археологиялық) деректерден бөлек зерттеле басталды. Бүгінгі күні деректану бірнеше салалардан тұратын, жан-жақты дамыған ғылымға айналды.
Курс мақсаты: Қазақстан тарихы бойынша деректер пәнінің мақсаты-студенттерді фактілік және теориялық мәселелер кешенімен таныстыру, деректің табиғатын белгілі бір уақыттағы әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу, тарихи заңдылықтарды ашу негізінде студенттерде тарихи ғылыми дүниетаным қалыптастыру, олардың танымдық қабілеттерімен тарихи мәліметтерге тәжірибелік жұмыс жасау дағдыларын дамыту,
Курс міндеті: - Деректанудың негізгі кезеңдерінің деректерімен және олардың ерекшеліктерімен танысу, деректанудың теориялық және методологиялық мәселелерін, әдіс-тәсілдерін, принциптерін оқып-үйрену;
-деректерді іздеп табу, таңдау және сыни талдай білу қабілетін қалыптастыру;
-тарихи зерттеудің өкілетті тарихи-ақпараттық негізін жасау;
-деректанудың ұғымдық-терминологиялық аппаратын меңгеру;
-деректерді талдау барысындағы білім жүйесін қалыптастыру және оны іс жүзінде пайдалана білу мүмкіндігін игеру;
-Қазіргі Қазақстан Республикасы тарихының құрамдас бір бөлігі ретінде пәннің тарихи орны мен маңыздылығын таныту.
Достарыңызбен бөлісу: |