Оқытудан күтілетін нәтижелер: (Блум таксономиясы бойынша)
Курс аяқталғаннан кейін студенттер білуі керек:
- тарихи, археологиялық, этнографиялық, топонимикалық деректерін, архив құжаттарын, ауызша халық туындыларын жинақтау, сараптау және олардың тарихи маңызын түсініп, тарихи зерттеулерге пайдалану әдіс-тәсілдері жөнінде теориялық білімді игереді;
- архив, музей, деректерін талдау, зерттеу жұмыстарына қолданудың маңызы туралы білімді игереді;
- Қазақстанда өлкетану ғылымының қалыптасу, даму барысы, зиялы қауымның өлкетанулық қызметтері жөнінде теориялық білімді игереді.
Курс аяқталғаннан кейін студенттер жасай алуы керек:
- тарихи жазба деректерді жинақтай алады, оларға деректанулық талдау жасай алады, өлкетанулық зерттеулерде дерек көздері ретінде пайдалана алады;
- тарихи деректерді құрастыра алады, оны зерттеу сараптауға қойылатын талаптарды игереді;
- архив деректерінің маңызын түсініп, талдау, тұжырым жасау жұмыстарын игереді;
- Отан, ел, ұлт, туған жер тарихын зерттеуге деген қызғушылығы артады;
- сабақтан тыс жұмыстардың жоспарын құрастыра алады, оларды оқу мен тәрбие үрдісінде пайдалана алады.
Игерілетін дағдылар:
- археологиялық, этнографиялық, топонимикалық деректерін, архив құжаттарын, ауызша халық туындыларын жинақтау, сараптау, оларды өлкелік зерттеулерге пайдалану дағдыларын игереді;
- архив, музей деректерімен, кітапханалардағы сирек қолжазбалармен қорларындағы құжаттармен жұмыс дағдыларын игереді;
Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Қазақстан тарихнамасы, Деректану, Археология, Қосалқы тарихи пәндер т.б.
Постреквизиттер: Курс соңында студенттер жазба, археологиялық деректер негізінде Қазақстан тарихы бойынша деректер курсы бойынша тарихи құбылыстарға деген жеке көзқарасын қалыптастырады және ұлттық құндылықты бағалауға жетелейді, сондай-ақ, тарихи деректерді жан-жақты талдау, құжаттарды салыстыру, деректанулық сыннан өткізу мен деректердің шынайылық дәрежесін анықтауды үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: |