АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Институт: Сорбонна-Қазақстан институты
Кафедра: Экономикалық мамандықтар
Білім беру бағдарламасы 6В04101-Экономика, 6В04102 – Менеджмент, 6В04103 - Есеп және аудит, 6В004104 – Қаржы, 6В04105 - Мемлекеттік және жергілікті басқару, 6В04106 - Маркетинг
Оқыту түрі – күндізгі
«Микроэкономика» пәнінен студенттердің оқытушының басшылығымен өзіндік жұмыстарын орындау бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Оқытушы: PhD, ассоц.профессор Каримова Мадина Даутовна
Алматы, 2021
СОӨЖ жүргізу барысында келесідей материалдар қолданылуы қажет:
Көрнекі құралдар (техникалық құралдар);
Иллюстрациялар (плакаттар, кестелер, суреттер, карточкалар, сызбалар);
СОӨЖ жүргізу барысында әрбір сабақ кезінде СОӨЖ сабақтары қай түрі қай студентке сәйкес келетінін анықтау қажет:
Жеке сабақтар;
Лекция типтес (лекцияға ұқсас) сабақтар;
Күрделі тақырыптар, сұрақтар бойынша кеңес беру;
Реферат, баяндама жұмыстарын қорғау.
ТЕКСТПЕН ЖҰМЫС
Студент үшін маңыздысы – басқа адамнын текстіне қарап жұмыс жасай алуы, бірақ, тек оқып қана қоймай, материалға қысқаша талдау жасай алуы. Меңгерген материалының негізінде өзінің жеке текстін жасай алуға үйрену. Бұл жұмыс рефераттар, баяндамалар мен эсселер жазу арқылы орындалады. Негізгі әдебиет құралдарымен қоса, қосымша кітаптар ұсынылған дұрыс, ол талданушы материалды сауатты түрде ұсынумен қатар, дәлелдемелер жасауға, қарсы пікір білдіруге және келіссөздер жүргізуге мүмкіндік береді.
Студенттердің текстпен жасайтын жұмыстарының қатарына мыналарды да жатқызуға болады:
Маркерлік белгілер қолдану;
Текстте бұрыннан белгілі ақпараттар кездескен жағдайда, оларды «жалауша» белгісімен оқшаулау;
«+» белгісімен жаңадан алынған ақпараттар, жаңалықтар белгіленеді. Белгілер текстпен танысқаннан соң, магистрант бұл текстпен алғашқы рет кездесіп тұрған жағдайда ғана қойылады.
ЭССЕ ЖАЗУ
Эссе дегеніміз тақырып бойынша оған қатысты еркін талқылама жасау. Жалпы көлемі 5-7 бет.
Бағалану критерийлері мыналар болып табылады: зерттелген материалдың онда көрініс таба алу дәрежесі, мәселеге тоқталғандағы өзіндік ерекшелігі, дәлелдемелері, өз көзқарасын, пікірін нақты және толық ұсына алу қабілеті.
ЭССЕ құрылымы:
Кіріспе. Белсенділігі, тақырыпқа байланысты пікірлер таласы және сөздер мен сөз тіркестерінің құрастырылу деңгейі. Тақырыпты қарастыру құрылымы. Негізгі бөлімге көшу дәрежесі.
Негізгі бөлім. Талқылаулар, талқылау кезінде қолданылған негізгі түсініктерге автор (2-3) анықтама шығаруы қажет. Талқылауларды қолдайтын факттер немесе мысалдар – дәлелдемелер мен қолдаулар. Контраргументтер немесе қарама-қарсы талқылаулар қарастыру (неге олар әлсіз екендігі айқындалады, бірақ, автордың пікірі өз күшінде қалады)
Қорытынды. Меңгерілген талқылауларды қайталау. Негізгі ұсынылып отырған талқыламаны қорғаушы дәлелдемелерді қорытындылайтын бір-екі ұсыныс. Ұсынылып отырған талқыламаны қабылдамаған жағдайдағы салдарлары туралы жалпы ескертпелер мен берілген ұсыныстардың пайдалылығы туралы жалпы қорытынды жасау.
Эссе материалдарын ресімдеу
Қаріп: Times New Roman, кегль – 14, интервал – бір. Барлық өрістер 20 мм
Достарыңызбен бөлісу: |