Инвестициялық және инновациялық банктер – ұзақ мерзімге қаражатар тартуға, соның ішінде облигациялық займдар, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығару арқылы ұзақ мерзімді қарыздар беруге маманданады.
Ипотекалық банктер – жерді және жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге несиелік операцияларды жүзеге асырады. Бұл банктер пассивтерінің басым бөлігі ипотекалық облигациялар, акциялар және басқа да бағалы қағаздарды құрайды.
Мамандандырылған несие-қаржы мекемелері кез келген елдің несие жүйесінің маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кішкене аясында қызмет етеді. Бұл әр түрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы: сауда жинақ мекемелері инвестициялық қорлар және компаниялар, өзара көмек беру кассалар, ломбардтар және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |