Өзара жинақ банктері – «өзара біріккен» кәсіпорындар түрінде құрылады. Олар халық салымдарын жұмылдыра отырып, оларды жылжымайтын мүлік туралы акілер мен бағалы қағаздарды кепілге ала отырып инвестициялайды.
Қарыз-жинақ бірлестіктері – халықтың қаражатына қатысты салымдық операцияларды жүргізумен айналысып, оларды жылжымайтын мүлік сатып алуға пайдаланады.
Несиелік одақтар – ірі кәсіпорындардың, шіркеулердің ұйымдастыруымен құрылатын кооператив типтес жинақ мекемелері. Ресурстары акцияларды сату есебінен құралды. Олар көбінесе өз мүшелеріне ұсақ қарыздар беруге пайдаланады.
Сақтандыру компаниялары – біздің сақтандыру ұйымдары айналысып жүргендей операциялармен шұғылданады. Олардың пассивтері сақтандыру жарнамаларынан және активтік операциялардан түскен табыстардан құрылып, оларды сақтандыру пассивтеріне төлем төлеуден басқа ұақ мерзімді бағалы қағаздарға және ұрғын ұй құрылысын кепілдікке салынған мүлік туралы актілерге пайдаланды.
Достарыңызбен бөлісу: |