Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару



бет35/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

Еншілес банк – жарғылық қордың 50 пайыздан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы басты 2 әдіспен анықталады: банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету

Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ал қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банткік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.

Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау

үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.

Банк - банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгiленедi. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.

Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.

Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған.

Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.

Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.

Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесiндегi бәсекенi шектеу, сыйақы ставкаларды, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.

Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi банк заңдарында белгiленедi. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады. Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.

Банкiнiң құрылтай құжаттары

Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, банк заңдарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады. Банк құру жөнiндегi құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:

толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттiк тiркеуден өткендiгi жөнiндегi деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;

акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

Банктер акционерлiк қоғамдар нысанында құрылады. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады. Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.

Банктiң жарғылық капиталы акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс. Жаңадан құрылған банкiнiң жарғылық капиталына оның акционерлерi Әдiлет министрлiгi банкiнi тiркейтiн кезге қарай елу процент мөлшерiнде және тiркеген күннен бастап бiр күнтiзбелiк жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс.

Банктiк операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган, Ұлттық Банк белгiлеген тәртiппен және өздерiнiң құзыретi шегiнде уәкiлеттi орган немесе Ұлттық Банк бередi.

Банк операцияларын жүргiзуге лицензиялар Ұлттық Банк белгiлеген тәртiп бойынша берiледi.

Банк операцияларын жүргiзуге лицензия алу үшiн өтiнiш берушi мемлекеттiк тiркелген күннен бастап бiр жыл iшiнде:

а) барлық ұйымдық-техникалық шараларды орындауға, оның iшiнде уәкiлеттi органның немесе Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келетiн үй-жай мен жабдықтар әзiрлеуге, сондай-ақ тиiстi бiлiктiлiгi бар қызметкерлер жалдауға;

б) уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген талаптарға сәйкес мөлшерде жарғылық капиталы болуға;

в) лицензиялық алым төлеуге тиіс.

Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін:



1) қосымша банк операцияларын жүргізуге лицензия алу үшін өтініш берген айдың алдындағы қатарынан үш ай ішінде пруденциялық нормативтердің орындалуын қамтамасыз етуге;

2) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуы бөлігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;

3) банк операцияларының қосымша түрлерін жүргізудің жалпы шарттары туралы ережені табыс етуге тиіс.

Банк операциясын жүргiзуге лицензия беру туралы өтiнiшпен бiр мезгiлде лицензиат талаптардың орындалуын растайтын құжаттарды уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен табыс етуге мiндеттi.

Банктің филиалдары мен өкілдіктерін құру, жабу



Қазақстан Республикасының резидент-банкі банктің директорлар кеңесінің шешімі негізінде уәкілетті органның келісімінсіз Қазақстан Республикасының аумағында да, сонымен қатар одан тысқары жерлерде де өзінің оқшауланған бөлімшелерін - өз филиалдары мен өкілдіктерін ашуға құқылы.

Қазақстан Республикасы аумағында банктің филиалын немесе өкілдігін құруға, жабуға жергілікті өкілді және атқарушы органдардың келісімі талап етілмейді.

Банктің филиалы - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банк атынан банк қызметін жүзеге асыратын және өзіне банк берген өкілеттік шегінде әрекет ететін банктің оқшауланған бөлімшесі. Банк филиалының банкпен бірыңғай балансы, сондай-ақ банк атауымен толық сәйкес келетін атауы болады.

Банк филиалы бір облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) шегінде бірнеше мекен-жай бойынша орналасқан үй-жайларға ие болуға құқылы.

Банктің өкілдігі - заңды тұлға болып табылмайтын, банк орналасқан жерден тысқары орналасқан, банктің атынан және оның тапсыруы бойынша әрекет ететін, банк қызметін жүзеге асырмайтын банктің оқшауланған бөлімшесі.

Банктердің банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.

Банк операцияларына жатады:

1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;

3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

4) жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;

5) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды қоса алғанда, банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оларды қабылдау және беру;

6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;

7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);

8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;

9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

10) банкаралық клиринг: төлемдерді жинау, салыстырып тексеру, сұрыптау және растау, сондай-ақ олардың өзара есебін жүргізу және клиринг қатысушылары - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау;

11) төлем карточкаларын шығару;

12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;

13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;

14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;

16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.

Банктерге осы және өзге де операцияларын жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді. Банктер, осы көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;

4) лизинг қызметін жүзеге асыру;

5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;

6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;

7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;

8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;

9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.

Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен - брокерлік;

2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен, өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;

3) кастодиандық;

4) трансфер-агенттік.

Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет