Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру.
Шаруашылық жүргізуші субъектісі өзінің нақты жағдайына, көлеміне қызмет түріне қарап бухгалерлік есепті ұйымдастыруды жүзеге асырады: бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру нысандарын дербес белгілейді; есептік саясатын қалыптастырады; қаржылық пен өндірістік есептері бойынша қызмет ету аясын белгілейді; шаруашылық операцияларына бақылау тәртібін әзірлейді, сондай-ақ бухгалтерлік есепті ұйымдастыру үшін басқа да қажет шешімдерді жасайды.
Субъектіде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға, шаруашылық операцияларын орындаған кезде оның заңдылығын сақтауға кәсіпорынның басшысы жауапты болып келеді.
Бухгалтерлік есепті жүргізген кезде субъекті мына жайларды қамтамасыз етуі керек:
есеп беру кезеңінің ішінде міндеттемелер мен активтерді бағалау
мен кейбір шаруашылық операцияларын көрсету кезінде қабылданған есеп саясатының өзгермейтіндігі, 1 БЕС белгілеген ережесімен сәйкес келетіндігі;
қаржылық міндеттемелерімен мүліктерді түгендеу нәтижесін
және есептік кезінде жүзеге асқан барлық шаруашылық операцияларының есепте толығымен көрініс табуы;
тиісті есептік кезеңіне шығыс пен табыстың дұрыс жатқызылуы;
әрбір айдың басына синтетикалық есеп шоттары бойынша
қалдығы, аналитикалық есептің айналымымен сәйкестігі сақталуы керек.
Операцияларды құжаттармен рәсімдеу процесі бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы болып саналады, сондықтан аталған процесті құжаттау деп те атауға болады.
Құжаттырдың арналымы мен мазмұнын дәл және толық түсіну үшін, оларды біршама белгілері бойынша жіктейді: арналымы бойынша, жасау тәсілі бойынша, мазмұны бойынша, жасау орны, сандық поэзиясы, толтыру тәсілі бойынша.
Құжаттау және есептік регистрлер
Құжаттар арналымы бойынша мына топтарға бөлінеді:
тәртіп орнатылатын (басқара білетін) – жарлықтың мазмұны,
шаруашылық операциясын жасауға берілген бұйрық болып танылады, бірақ ол жасалған операцияның фактісін растамайды, сондықтан операцияның ол кезеңі бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.
Көптеген жарлық ретіндегі құжаттыр, операция жасалғаннан кейін барып, ақтаушы құжаттарға айналады;
ақтаушы (атқарушы) – жасалған шаруашылық операция-
ларының фактісін растайды, яғни жасалған операция ретінде рәсімделеді. Құжаттырдың бұндай типі шаруашылық операциялары ретінде бухгалтерлік есепте көрсетуга негіз болып табылады;
бухгалтерлік рәсімдеу – тәртіп орнататын және ақтаушы құжат-
тардың негізінде жасалатын құжаттар, бірақ олардың дербестік мағынасы болмайды;
тардың бірнеше түріне тән қызметті, бір мезгілде атқаратын құжаттауларды құрастырылған құжаттау деп атайды; олардың пайдалануын жеңілдетеді, ықшамдайды және есептік құжаттауды аса көрнекті етіп көрсетеді.
Құжаттар жасау бойынша мына топтарға бөлінеді:
бір жолғы – жасалған бір немесе бірнеше шаруашылық
операцияларын рәсімдеу кезінде пайдаланады;
жинақтаушы – біртектес шаруашылық операцияларды
жасап біткеннен кейін, оларды рәсімдеу үшін пайдаланады. Олардың бір жолғыдан айырмашылығы құжаттарды рәсімдеу уақытын және олардың санын қысқартады. Олар есепке тек ең соңғы операциясы жасалғаннан кейін барып көрініс табады және барлық жазулар осы жерде қосылып жинақталады.
Құжаттар мазмұндық көлемі бойынша мына топтарға бөлінеді:
барлық алғашқы құжаттарды біріктіріп және есепке алынған операциялардан қосымша мәлімет алу мақсатында сол мәліметтерді топтастырады.
Құжаттар жасалу орны бойынша мына топтарға бөлінеді:
ішкі – кәсіпорынның өзі жасайды;
- сыртқы – басқа кәсіпорындардан, ұйымдардан, жеке тұлға-
лардан түседі.
Құжаттар толтырылуы бойынша бөлінеді:
типтік – халық шаруашылығының барлық салаларында,
өзгеріссіз және қосымшасыз пайдаланады;
арнайы – халық шаруашылығының кейбір салаларында, нақты
кәсіпорын үшін жеке әзірленген жағдайында пайдаланады.
Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолдан алғашқы құжаттардың нысаны кәсіпорынның өзінде әзірленіп бекітіледі, егер де оларға аса үлкен талаптар қойылмаса. Алғашқы құжаттар мынадай міндетті реквизиттерден тұрады:
құжаттың атауы (нысаны);
жасаған күні;
субъектінің атауы, яғни кімнің атынан құжаттардың жасалғанын
білдіреді;
шаруашылық операциялардың мазмұны (ақшалай және заттай
көрсетіледі).
қызмет бабындағы тұлғаның атқаратын қызметі, яғни жасалған
операцияға және оныің дұрыс рәсімделуіне жауапты тұлға;
жеке қолдары және олардың аты-жөні, қызметі.
Құқықтық актілердің нормативтік талабына және операцияның сипатына, сондай-ақ есеп ақпараттарының өңделу тәсіліне байланысты алғашқы құжаттардың реквизиттері енгізілуі мүмкін.
Бухгалтерлік құжаттарды жүргізу әдісіне біршама талаптар қойылады, олардың негіздері болып: құжаттылығы, жазулардың қысқа әрі түсініктілігі, жазуларды өзара бақылау жасау мүмкіндігі және т.б. жатады (жазуды корреспонденцияланған шоттары бойынша тексереді).
Құжаттардағы жазулар, цифрлар бойынша анық, әрі түсінікті болуы тиіс. Ондағы мәліметтердің дұрыстығына, оған қол қоятын тұлғалар жауап береді.
Бухгалтерияға келіп түсетін құжаттардың көпшілігі тек шаруашылық операцияларының натуралды өлшеуіштерінен ғана тұрады. Бухгалтерияда құжаттар тексеріледі (таксировка жасалынады) және соған сәйкес қорытындылар есептелініп шығарылады.
Құжаттардағы қателерді түзету дегеніміз – арифметикалық және мән-мағынасы бойынша түзетулер нәтижесінде анықталған қателер бухгалтерлік есептің талаптарына сәйкес түзету деген сөз. құжаттардағы анықталған олқылықтар оны құрастырушы жауапты адамдарға кері қайтарылады.
Бухгалтерлік есеп құжаттарының қатесін жөндеудің бірнеше әдісі бар.
Корректуралық (түзету) тәсілі - текстегі немесе сомадағы қатенің үстінен бір сызықпен сызып, қасына дұрыс мәліметті жазып қоюдан тұрады және оған осы құжатқа қол қойған тұлға қол қойып, жаңылысып кеткені туралы айтылады. Бірақ бұл тәсіл банкі мен касса құжаттарында пайдаланбайды.
«Қызыл жазу» тәсілін, шоттар корреспонденциясында жіберілген қателерді түзету үшін пайдаланады. Бұл әдісте жіберілген қатені қызыл сиямен жазады. Нәтижесінде жіберілген қате жазбасы жойылады, демек қызылмен түскен жазулар шегеріледі. Содан кейін шоттар корреспонденциясының дұрыс жазулары жасалады, ол әдеттегі сиямен (жазумен) жазылады.
Қосымша жазу (проводка) әдісі дұрыс шоттар корреспонденциясы жасалған кезде қате сомасы болған жағдайда пайдаланады. Шоттар корреспонденциясын әдеттегі сиямен (жазумен) жазу арқылы қатені түзейді.
Есептік регистрлер. Қажетті ақпараттарды алу үшін кәсіпорынның қызметін баяндайтын барлық шаруашылық операциялар бухгалтерлік құжаттарға жазылады, ол мәліметтерді тексергеннен кейін, олар экономикалық мазмұны бойынша топтастырылып өңделеді, содан кейін оларды бегілі бір жүйелілігі бойынша тіркейді. Бұндай тіркеу есептік регистрлері арқылы жүзеге асады.
Есептік регистрлер – есептік жазбаларға арналған, белгілі бір графалары бар қағаз парақтары, демек құжаттардан алынған есептік ақпараттардың регистрлерге жазылуын тіркеу деп аталады.
Бухгалтерлік есепте регистрлер арналымы бойынша, мазмұндылығы немесе мазмұнының көлемі бойынша, сыртқы түрі мен сызықтық жолы бойынша жіктеледі.