Білім беру бағдарламасы 6В04123 Қаржы, 6В04103 Есеп және аудит, 6В04122 Мемлекеттік және жергілікті басқару


Валюталық операциялардың негізгі түрлері



бет51/55
Дата27.12.2021
өлшемі428 Kb.
#128815
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
конспект лекции а қша несие банк(каз)

Валюталық операциялардың негізгі түрлері.

Валюта нарығы деп шетел валютасын сатып алу – сату операцияларын жүргізгенде туындайтын экономикалық қатынастар саласы түсініледі Валюта нарығы ресми орталық болып табылады, онда шетел валютасын белгілі бір бағам бойынша сатып алу – сату мәселелері іске асырылады. Валюта нарығында сонымен бірге капитал жылжуымен байланысты операциялар жүргізіледі.

Валюта саудасы көлеміне, сатылатын валюталардың санына байланысты валюта нарықтарын ұлттық, аймақтық, әлемдік деп бөлуге болады.

Әлемдік валюталық нарықтың өз иерархиясы бар. Жасалатын операциялардың көлемі бойынша үш орталық (Лондон, Нью – Йорк және Токио) басқа валюталық нарықтардың көш ілгері алдында. Бұнда Лондон валютамен жасалатын әр күндік мәмілелер көлемі бойыншаНью – Йорк пен Токионы бірге қоса да, басым түседі.

Еуропада аса ірі аймақтық валюталық нарық болып Майндағы Фракфурт, Цюрих, Париж, Брюссель , ал Азияда – Сингапур, Гонконг саналады.

Валюталық операциялар. Валюталық нарықта валюталық операциялар жасалады. Ол нәтижесінде ұлттық және шетелдіквалюталардың иелері ауысатын валюталарды сатып алу – сатуға байланысты мәмілелер болып табылады.Валюталық операцияларға сонымен қатар несие беру және шетелдік валютамен есеп айырысу жатады. Валюталық операциялардың негізгі түрлері болып валютаны шұғыл жеткізу мәмілесі және мерзімдік мәміле болып табылады. Соңғы жылдары мерзімдік мәмілердің жаңа түрлері өте жылдам қарқынмен өсті. Оларға опцион, фьючерс, своп операциялары жатады.

Шұғыл жеткізу мәмілесі мәміле жасалғаннан кейін екінші жұмыс күні валютаның жеткізуін қажет етеді.

Мерзімдік мәмілелер валютаны мәміле жасалған кезде тіркелген бағам бойынша болашақта жеткізу туралы келісім болып табылады.Бұл жағдайда валюталық контракт екі тарап үшін де мәмілені орындаудың кесімділігін көрсетеді.

Басқа жағдайларда банк клиентіне бұрын жасалған мәмілені орындау немесе орындамау құқын таңдап алуға мүмкіндік береді. Валюталық мәмілелер нақты клиентттермен жасалуы немесе биржаларда орталықтандырылған түрде сатылуы мүмкін. Сондықтан мерзімдік мәмілелер келесі түрге бөлінеді: форвардтық, опциондық және фьючерстік.

Ол бойынша екі тарап бір – біріне мезгіл –мезгіл төлемдер жасайды. Егер бір тарап бір валюта нарығында салыстырмалы артықшылыққа ие болса, валюталық міндеттемелерінің өзара тиімді айырбасы туралы келісім жасалатын мәмілені валюталық своп деп атайды.

Валюталық своп сонымен бірге екі конверсиялық мәмілердің, шұғыл жеткізу және келешекте жеткізу жағдайының қиыстырылуы түрінде іске асырылуы мүмкін.

Соңғы онжылдықтарда операция құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Валютаны шұғыл жеткізу мәмілесінің үлесі төмендеді, ал мерзімдік сауданың үлесі шұғыл өсті. Ол валюталық саудагерлік және валюталық қауіпті төмендетуге ұмтылу валюталық нарықтың негізгі қозғаушы факторы болғанын көрсетеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет