Реферат Тақырыбы: Туберкулез Тексерген: Әли Назым Серікқызы Орындаған: Ысқақов Алпамыс Топ: Вн-314 Туберкулез деген не?



Дата20.12.2023
өлшемі18,49 Kb.
#197782
түріРеферат
Байланысты:
Документ (5)


Еуразия аграрлық колледжі
Реферат

Тақырыбы: Туберкулез


Тексерген: Әли Назым Серікқызы
Орындаған: Ысқақов Алпамыс
Топ: Вн-314

Туберкулез деген не?

Туберкулез – ежелден келе жатқан қабынбалы өкпе мен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы аурулардың және әлемде көп таралған инфекциялардың бірі. Туберкулез – тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидық қабығы, тері, көз бен басқа да ағзалар зақымдалады. Дегенмен, өкпе туберкулезі жиі кездеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша жыл сайын туберкулезбен 10 млн астам адам ауырады, туберкулезбен ауыратын 1 адам 15-20 адамға дейін жұқтырады. Қазіргі заманның медицинасының жеткен жетістіктеріне қарамастан туберкулезбен күресуге тиімді тәсілдің бірі ол эпидемияға қарсы шараларды жүргізу болып табылады. Өлім жітім құрылымы жағынан туберкулез аурушаңдығы жетекші орындардың бірін алып отыр, жыл сайын осы аурудан 4 млн- дай адам қайтыс болады.

Туберкулез ауруы бойынша облысымыздағы эпидемиологиялық жағдайы қандай?

Облыстағы емдеу-сауықтыру мекемелері, фтизиатрия саласы және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп профилактикалық және эпидемияға қарсы жүргізілген іс-шаралар негізінде 2022 жылдың 7 айдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындарының арасында туберкулез аурушаңдығының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты болды, 2021 жылдың 7 айымен салыстырғанда – 9,9% - ға төмендеді. Балалардың аурушаңдығы – 15,7% - ға төмендеді. Туберкулезден өлім- жітім 14,3% - ға төмендеді.

Роберт Кох 1882 жылы туберкулез қоздырғышын тауып, оның жұқпалы ауру екенін дәлелдеген. Осыған байланысты жыл сайын Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні орайластырылған. Биылғы жылы «Туберкулезбен күресуге инвестиция салыңыз. Өмірлерді сақтаңыз» ұранымен 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында дүние жүзінде оның ішінде біздің облыста да туберкулезді алдын алу мәселесі бойынша белсенді түрде айлық өткізілді.

Ауру жұқтырудың басты көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады.

Науқас адам жөтелгенде қақырықпен, түшкіргенде, сөйлегенде ауада таралып, шаңмен бірге еденге, затқа қонады да, көптеген жылдар бойы тіршілік ете беретін сыртқы ортаға миллиондаған бактерия бөледі.

Туберкулезбен адамдар ғана емес, жануарлар: сиыр, ешкі, бұлан, бұғы, түйе де ауырады. Ауыру малдың сүті немесе еті адам үшін ауыру жұқтырудың көзі болып табылады.

Науқас адам тұратын жерде сақтық шаралары мен санитарлық талаптарды сақтау өте маңызды. Егер өкпе туберкулезімен ауыратын науқас барлық гигиеналық талаптарды сақтаса, онда ол айналасындағыларға қауіпсіз болып саналады. Өкпе туберкулёзі тұқым қуаламайды. Туберкулезбен ауыратын адамдардың балалары сау болып туылады. Дегенмен, барлық сақтық шаралары сақталмаған жағдайда бала туберкулез жұқтырып ауыруы мүмкін. Туберкулезбен ауыратын науқаспен тығыз, ұзақ қарым-қатынаста болу (нәрестелер үшін аздаған уақыттың өзі жеткілікті).

Туберкулезге шалдығудың қандай факторлар ықпал етеді?

Дұрыс тамақтанбау, уақытында ұйықтамау, күйзеліс, маскүнемдік, шылымқорлық, нашақорлық секілді факторлар.


Туберкулёздің қандай белгілері болады?

Екі аптадан ұзақ жөтелу, тез шаршау мен әлсіздік, дене салмағының төмендеуі, ұзақ уақыт дене қызуының көтерілуі , түнгі уақыттағы тершеңдік,

Кеуде қуысының ауруы, қан қақыру.

Туберкулезді қалай анықтауға болады?

Балаларға Манту сынамасын жасау арқылы ауру жұқтырған-жұқтырмағанын;
Рентгенологиялық (флюорография) тексеру өкпенің зақымдалғанын; 3. Қақырықты зертханалық жолмен зерттеу жөтелгенде бөлінетін микробтардың болуын анықтайды.
Туберкулездің алдын алу жөнінде ата-аналар нені білу қажет?

Туберкулездің алдын алудың алғашқы және өте маңызды қадамы туберкулезге қарсы екпе болып табылады. Бұл екпе әрбір жаңа туылған сау нәрестеге перзентханада 2-4 күн ішінде жасалады. 2022 жылы перзентханада туберкулезге қарсы егілген сәбилер 96%-ды құрады (бүкіл әлемдік денсаулық ұйымының ұсынысы бойынша 95% -дан төмен болмауы тиіс). Екпелер балаларға аурудың жұғуы мен аурушаңдылықты төмендетуге ықпал етіп, аурудың жаппай жұғуынан сақтандырады. Ата-аналар балаларына Кальметта Герен (БЦЖ) вакцинациясын жасатудан бас тартқан жағдайда туберкулезден баланың сақтандырылмағанын есте сақтау қажет. Туберкулезге қарсы егілген балалардың ағзасында иммунитет 6-7 жылдан кейін ғана әлсірейді. Дәл осы жаста балаларға туберкулезге қарсы екінші рет екпе жасалады.

Туберкулезге қарсы иммунитет жағдайын бақылау және балалардың ауруды алғаш жұқтырған сәтін анықтау үшін Манту сынамасы қойылады. Манту сынамасының зиянсыз екенін атап өту қажет. Туберкулинде тірі микроағзалар жоқ және салынатын мөлшерде ағзаның иммундық жүйесіне әсер етпейді.

Манту сынамасы туберкулез ауруларының ошақтарында байланыста болған, 2 айдан асқан жастағы, «қауіпті топта» диспансерлік есепте тұрған балалар тексеріледі. 2022 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша облыста Манту сынамасын қоюға жатқызылған балалардың қамтылуы – 93,1%- ды құрады.

Туберкулезді қандай жолмен алдын алуға болады?

Балаларды Кальметта Герен бацилласымен (БЦЖ) туберкулезге қарсы егу


Туберкулезді уақытында анықтау, ол үшін халықты (жасөспірімдер мен ересектер) жыл сайын флюорографиялық тексеруден өткізу
Салауатты өмір салты:

- Толыққанды, дәрумендерге бай тағамды тұтыну, жеткілікті және уақытылы ұйықтау, жыл мезгілдеріне қарамастан, таза ауаға көп шығу қажет.

- Жеке тазалық ережесін сақтау: қолды, ыдысты тазартқыш құралдарын пайдалану арқылы жуу, бөлмені жиі желдету, ет пен сүт тағамдарын міндетті түрде термиялық өңдеуден өткізу, гигиеналық дербес құралдар мен ыдысты қолдану, сумен құюну.

Туберкулез – бұл барлық қоғамның өзекті мәселесі, оның таралуын білетін әрбір адам өзінің білімін күнделікті өмірде қолдана отырып тоқтата алады.



Туберкулезбен ауырмай денсаулығымызды сақтау әрқайсымыздың өз қолымызда!Денсаулықтарыңыз мықты болсын!

Туберкулез (лат. Tuberculum – төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау – адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы – микобактерияны (“Кох таяқшасын”) неміс микробиологы Роберт Кох (1843 – 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 – 10, ені 0,2 – 0,6 мкм.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет