1-тапсырма. Тұрақты даму Стратегиясыныңнегізі мен мақсаты «Тұрақты даму»



бет1/2
Дата25.06.2020
өлшемі20,14 Kb.
#74516
  1   2
Байланысты:
3800 7024 99595


1-тапсырма.Тұрақты даму Стратегиясыныңнегізі мен мақсаты

«Тұрақты даму» термині ең алғаш рет табиғат пайдалануда, соның ішінде балық және орман шаруашылығында пайда болды. Тұрақты даму терминімен алғашында таусылмайтын және табиғи ұдайы өндірілуге мүмкіндігі бар табиғат ресурстарын пайдалану жүйесі деп түсіндірілген.
Адамның экономикалық және т.б. қызметтерінің негізі болып табылатын табиғат ресурстарының шектеулілігі, қоршаған ортаның ластануы секілді мәселелерге арналған ғылыми жұмыстар 1960-шы жылдан кейін жылдардан бастап пайда бола бастады. Осыған байланысты жердегі ғаламдық үрдістерді зерттеуге бағытталған Жобалы зерттеулер институтының халықаралық федерациясы (ИФИАС-международная федерация институтов перспективных исследований), Рим клубы, Жүйелік талдаудың халықаралық институты, КСРО-да жүйелік зерттеулердің бүкілодақтық институты секілді халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың пайда болуына алып келді.
1980 жылы Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудың Халықаралық Кеңесі ұсынған «табиғат қорғаудың бүкіләлемдік стратегиясында» даму тұрақты болуы үшін, тек қана экономикалық аспектілерді ғана емес, әлеуметтік және экологиялық аспектілерді де ескеру керек деп көрсетілген.
1983 жылы желтоқсан айында БҰҰ Бас хатшысының қолдауы бойынша қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия (ҚОДХК) құрылды. Оның басшысы болып Норвегияның премьер –министрі Гро Харлем Брундтланд сайланды.

1. Табиғат пен қоғам арасындағы қатынастардағы ғаламдық мәселелерге талдау жасау.
2. Осы мәселелердің пайда болу себептерін айқындау.
3. Әлемдік қауымдастық алдына қойылатын мақсаттарды қалыптастыру.
4. Ғаламдық мәселелерді шешу стратегиясы мен тұжырымдамасын ұсыну.

Қоршаған орта және даму жөніндегі халықаралық комиссия ҚОДХК –ның тұрақты дамуға өтудегі алдына қойған міндеттері келесідей:
1. Өсу үрдісін жандандыру;
2. Өсу сапасын өзгерту;
3. Негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру
4. Халық санының тұрақты деңгейін қамтамасыз ету
5. Технологияларды қайта бағыттау
6. Шешім қабылдау үрдісіндегі экологиялық және экономикалық аспектілерді интеграциялау.

Тұрақты даму принциптері
Тұрақты даму принциптері Д. Медоуздың «Өсу шегінде» атты еңбегінде ұсынылған. Онда тұрақты даму принциптері алты топқа бөлініп қарастырылған.
1. Сигналды жетілдіру. Адамның материалдық игілігінің деңгейін бақылап, тереңнен зерттеу қажет. Үкімет пен қоғамға қоршаған ортаның жағдайы және экономикалық өсу туралы жедел әрі тұрақты ақпараттандыру.
2. Пікір айту уақытын қысқарту. Қоршаған ортаға артық жүктеме туралы сигналдарды белсенді іздеу керек. Мәселе пайда болған жағдайда, оны шешу жолдарын алдын-ала жоспарлау керек. Оны тиімді шешудің институциональдық және техникалық құралдары дайын болуы керек.
3. Жаңартылмайтын ресурстарды пайдалануды төменгі деңгейге жеткізу. Пайдалы қазбалар, грунтты сулар және минералдар жоғары тиімділікпен пайдалануы керек, екінші рет қайта өңдеп, ал ерікті түрде жаңартылатын ресурстарға өту жағдайында оларды тұтынуды қысқарту керек.
4. Жаңартылатын ресурстардың бұзылуының алдын-алу. Топырақ құнарлылығы, жер үсті және жер асты сулары, орман, балық, жабайы жануарлар секілді барлық тірі ағзалар қорғалып, мүмкіндігінше қайта қалпына келуі керек.
5. Барлық ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану.
6. Физикалық капитал мен халық санының артуын баяулату және қысқарту. Жоғарыда аталған көрсеткіштерге жетудің ұтымды шектері бар. Сондықтан бұл критерийдің маңызы жоғары. Онда институциональдық және философиялық өзгерістер, әлеуметтік жаңалықтарды қарастырады. Ол өнеркәсіптік өндірістің көлемі мен халық санының тұрақты көрсеткіштерін анықтауды талап етеді. Мұнда өсу идеясына емес, анықталған даму идеясы мақсатына шақыру керек.
Тұрақты дамуға өту үшін жоғарыда аталған принциптерді өмірде кеңінен қолдану керек. 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет