Экологиялық білім беруді жандандыру Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін көтерудің негізі



Дата19.02.2017
өлшемі101.59 Kb.
Экологиялық білім беруді жандандыру Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін көтерудің негізі
Г.Ө.Байташева
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Экология кафедрасының доценті.
Қазіргі таңда педагог мамандардың құзыреттілік сапалары қоғамның жаңа құрылымына сәйкес болуы керек яғни әрбір маман заман ағымына қарай жүзуі қажет. Білім-қоғамды әлеуметтік мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты-педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Еліміздің дамыған мемлекеттердің стандарттарына деген ұмтылысы жаңа сапалық деңгейге жылдам өту қажеттілігін туындатуда. Осыған орай қазіргі кезде жасалып жатқан реформалар даму институттарының қалыптасуына немесе өсуден тұрақты даму кезеңіне өтуге және саяси бағыттардағы осындай өзгерістер өмірдің барлық саласындағы шығармашыл тұлғаның мәртебесін көтеріп, мерейін үстем етуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев, кезекті жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір Қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс! – деп бекер айтпаған болар. Нәтижиеге бағыттталған білім студентті лидер орынға шығаруды талап етеді. Бұл келешек ұстаз студенттерінің білімділігі деген сөз.

  Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Ал мұндай мамандарды даярлау құзіретті педагогтың ғана қолынан келері сөзсіз.

Құзыретті мұғалім дегеніміз-адамның өз мамандығы бойынша жылдар бойы ізденіп, әлеуметтік және кәсіби пісіп-жетілуі. Мұғалім психологияны, педагогиканы, тәрбиелеу теориясын, педагогикалық технологияларды, құқықтық нормаларды білуге міндетті.

Ол үшін:

-Мемлекеттік стандартты сараптап, өз іс-әрекетіне сәйкес қолдана білу;

-Педегогикалық технологияларды сабақ үрдісінде қолдана білу;

-Кәсіби мониторингтің нәтижелерін қолдану;

-Инновациялық әдістер мен оқытудың ақпараттық технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру- міндеттерін орындау басты назарда. Бұл міндеттерді ұстаз бойына сіңіру үшін университетіміз 70 жылдан астам уақыт ықпал етуде.

Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті мамандарды талап етеді. Білімді маман болу үшін - әрбір мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отыруы тиіс. Білімін тұрақты көтеріп отыру – мұғалімдердің құқықтары әрі міндеттері, білім беру жүйесінің тұрақты дамуының кепілі, Мемлекеттің дамуының құралы болып табылады.

«Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті»- деп түйіндейді белгілі оқымысты Т. Г. Браже.

Жеке адамға бағытталған оқыту отандық және шетелдік педагогикада да кең таралған. Деңгейлеп оқыту арқылы тексеру (Ж.А.Караев, 2005), мектептегі білім берудің мазмұнын дифференциялау (М.Ж.Жадрина,1988), жекеленген компьютерлік оқыту (Р.К.Нұрғалиева, 2004) кездесетіндігі Қазақстан мұғалімдеріне жақсы белгілі. Дегенмен бүгінгі мұғалімдер мен мектеп басшылығының диагностикалық тестілерімен жұмыс жасаулары білім беруді негізгі проблемадан алшақтатып жібереді. АҚШ-тың сонымен қатар, Халықаралық бағдарламаларында оқытудың ең басында баланың сабақта қорғаныш сезімі, өзінің дамуына өз ықпалын тигізгісі келетіні тұрады. Жеке тұлғалық әдіс, ол жай тестілеу немесе шексіз диагностикалық емес. Керісінше, бұл әдіс балаға «Әлемді тануда өз көзқарасын терең және жан-жақты дамытуға» оң ықпалын тигізеді. Басқаша айтқанда, өз білімін алудағы баланың құқығын, сонымен қатар, білім беру философиясы мен сабақ беру әдісін таңдаудағы мұғалімнің құқығын сыйлау. Ойлары мен іс-әрекеттері бірдей сызба түрінде – топтар ретінде құралған оқушылар нені үйренеді, не істей алады. Кішкентай бүлдіршін схеманы бір-бірімен байланыстыра отырып, түрлі қарапайым мәселелерді елестете алады.

Мұғалімнің оқыту философиясын қалыптастыруға белгілі ықпалын тигізіп жүрген оқытудың кейбір әдіс-тәсілдері бар екені белгілі. Бұл білім берудегі атқарушы әдіс, қолдану көрсететін немесе фасилитаторлы тәсіл, босатылған несие либеральды тәсіл фасилитациялық әдіс оқушының сыныпқа қандай жағдайда келгенін жоғары бағалайды. Олар оқушының өткен тәжірибесіне қөп көңіл бөледі.

Бұл бағыттағы мұғалімдер, оқыту-тұлғаның жеке дамуына, өзін-өзі түсіну және бүгінге сай болу арқылы жоғарғы деңгейге жетуіне көмемектесетіне сенеді.

Қазіргі мұғалім тұлғасы оның жалпы және кәсіби мәдениеті қоғамның басқа мүшелері, оның ішінде, өскелең ұрпаққа қарағанда озық қарқынмен дамуы тиіс, мұғалімнің құзіреттілігі – білім негізінде, тәжірибе мен құнды көріністер, берілген мәселенің шешімін табу үшін білім мен оқиға арасында орнату бейімділігі ретінде анықталады. Қазақстан оқу Ассоцияциясы мұғалімнің гуманистік философиясының функционалдық моделін жасады. Ол негізінен «Сын тұрғысынан ойлауды оқумен жазу арқылы дамыту» халықаралық бағдарламасы негізінде құрылған. МГФ құрылымының моделі төмендегідей болуы мүмкін.

1.Концепцияның білімінің жоғары деңгейі ой толғаныс;

2.Ұлттық нормативтік құжаттар;

3.Мұғалім философиясы ой толғаныс;

4.Концепцияның білімінің төменгі деңгейі.

Мұғалім философиясы деңгейінің негізгі көрсеткіші: 1. Сабақ жоспары; 2. Сол жоспармен өткізілген сабақ; 3. Сабақ уақытысында және сабақтан соңғы мұғалімнің өз ой толғанысы болып табылады.

Қазіргі заман талабына сай мектепте сабақ үрдісіне дәстүрлі әдістердің орны жаңа технологияларды енгізе отырып, оқушылардың білімін тереңдетуге болатынын ғалымдар дәлелдеп отыр. Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы жаңа заман талабына сай наватор ұстаздардың бар болуын қажет етеді. Сондықтанда университетіміз жылдар бойы білім беру жүйесін модернизациялау бағытында жоспарлы түрде жүйелі жұмыстар атқаруда. Оқу үдерісінің қажеттілігін қамтамасыз ететін ІТ-технологиялардың негізін білу, оқу үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану; ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттарды жетік меңгеру және Интернет желісінің көмегімен ізденіс жасай алуы өз мамандығына сәйкес терең білімі болуын қамтамасыз ету үшін интернет кластар мен электронды оқу залдары студенттер үшін жұмыс атқаруда.

Білім алушылар және бітірушілер өз мамандығы бойынша қазақ-орыс-шетел (ағылшын) тілдерін жетік меңгеруі, үш тілде педагогикалық шеберлік өнерін және әлеуметтік келіспеушіліктерді шешуді, байланыс стратегиясын, құрылымдық диалогтың икемін және дағдыларын, түрлі мәдениетті, түрлі этникалық және көп кәсіптік ортада әңгімелесуді игеруі, педагогикалық қарым-қатынасқа икемді болу және төзімді болуын басты назарға алатын «Педшеберлік», «Көп тілді білім беру» орталықтарымен қатар көптеген кафедраларда Қосымша білім беру бағдарламалары жұмыс жүргізіп, студенттеріміз жылдан жылға құзіреттіліктерін арттырып келеді. Сондай-ақ, жұмыс берушілермен сан алуан кездесулер мен сұхбаттасулар өткізіліп, мамандықтарының оқу бағдарламалары заман және жұмыс берушілер талаптарына сай қайта қаралып, мазмұны жетілдірілді. Оқу бағдарламасы студенттерде қалыптастырылатын құралдық, тұлғааралық, жүйелік, пәндік құзіреттіліктерге сай болуы қамтамасыз етілген. Осы мәселені зерттеу және қалыптастыру барысында:



-құзіреттіліктер жүйесі қалыптастырылды;

-элективті пәндер каталогы құрастырылды;

-жұмыс оқу жоспары (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде);

-спецификация құжаты (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) рәсімделіп, жылда студенттерге арналған Силлабустардың мазмұны талғыланып, кемшіліктер мен ұсыныстар жасалып, толықтырулар енгізіліп отырады. Оқу бағдарламаларының мазмұнына қарай оқулықтар, оқу құралдар мен электронды оқу құралдар шығару басты назарда. Аталған бағыттардың өлшемдік бағалануы қосымша білім беру бағдарламаларының жаңа курстарында өз көріністерін тапты. Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі, білім беруді жаңғыртудың негізі екендігіне үш жыл бойы қосымша білім беру бағдарламасы бойынша дәріс алған білім алушылардың рефлексиясы дәлел іспетті.

(Сурет -1).


Сурет 1. Білім алушылардың рефлексиясы


Біз жүргізген «Биолог-Эколог фасилитаторы» аясындағы қосымша білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар курс соңында «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі, білім беруді жаңғыртудың негізі» тақырыбында қалдырған ЭССЕ –лері негізінде сараптама жасалды. Курстың соңында мамандар:

  • Интербелсенді оқыту әдістерін қолдана отырып химиядан алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде пайдалануға, химияның күрделі және олимпиадалық есептерін шығаруға, химияның қазіргі заманауи зертханалық, сарамандық (практикалық) тәжірибелік жұмыстарын орындауда пайдалана білу дағдылары мен біліктерін қалыптастыруға құзыретті болуы;

  • Заманауи құралдармен және ғылыми құрылғылармен жұмыс істеудің кең ауқымды дағдысы, өз қызметі аясындағы жоғары жетістіктерге жетуде экологияны оқытудың әдістемесі және заманауи әдістердің тиімді және пайдалы кешенін таңдай алу құзыретілігі.

  • Зерттеліп отырған экологиялық үдерістер мен құбылыстардың негізгі заңдылықтарын өздігінен шығару және орнату, экология ғылымының таңдалған бөліміндегі жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдауда құзіретті көзқарас негізінде негізгі тұжырымдар мен қорытындыларды тұжырымдау құзыретлігі.

  • Экологияны оқытуда алдыңғы қатарлы және ақпараттық әдістерді кең көлемде игеру, зерттеушілік қабілетке ие болу, осы әдістерді меңгеруге қабілетті болу және оларды қолдануда тиімді әдістерді таңдай білу.

  • Тұрақты даму заңдылықтарын зерттеу, алынған нәтижелерді өңдеу және зерттеушілік дағдыларын дамытуға құзыреттілігі.

  • Алынған нәтижелерін ғылыми журналдардың қойылған талаптарына сәйкес ғылыми мақаланы жазып шығаруға үйрену – құзіреттіліктерін игере алады.

Осы құзіреттіліктерге жету үшін «Үйрену мен үйрету тек өзара белсенді әрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы» жүзеге асырылып, Оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарға сәйкес, семинар-тренингтер, коучингтер, акциялар, флеш-мобтар өткізілді.

Сонымен қатар білім алушыларға, өзінің педагогикалық филлософиясында «Әрбір ұстаз-білікті маман, ал әрбір үйренуші – ойшыл тұлға» деген белгілі әдістемеші Ә.Қ.Әлімовтың қағидасы негізінде курс барысында үйренген әдіс тәсілдерді әрбір білім алушы өз қажеттіліктеріне икемдеп, бейімдеп, өз мақсаттарына сәйкес өзгертеді дамытады деген үміт қолданылды. Білім алушылар курс соңында бағалау критерилері бойынша өз пікірлерін үш түрлі Эссе-ге түсірді (Кесте -1).




Эссе түрлері

2014ж

2015ж

2016ж

Жетті (Эссе)

10

40

30

Талпынды (Эссе)

8

15

5

Теріс (Эссе)

2

3

1

Қорытынды (жалпы саны)

20

58

36

Кесте -1. Білім алушылардың жылдар бойғы Эссе қорытындыларының мониторингі


Кестеде көрсетілгендей әр жылы білім алушылардың саны да өзгеріп отырды. Олардың Эсселері оқылып, жылдағы курсқа өзгерістер мен толықтырулар енгіздік.

Көпшіліктің пікірі бойынша «Педагогтардың кәсіби құзыреттілігі, білім беруді жаңғыртудың негізі» екендігіне тағы көз жеткіздік. Құзіретті ұстаз болам десеңіз өмір бойы оқыңыз, ізденіңіз, өйткені Мәңгілік елдің іргесін қалаушы әрбір кірпіш сіздің алдыңыздан өтетінін ұмытпағаныңыз абзал – Құрметті Ұстаз!


Резюме В статье рассматриваются проверка эффективности предлогаемой методики применения инновационных технологий в экологическом образовании студентов
Summary

In the article was determined the model working out of non- stop ecological education of students on the bases of innovative technologies

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 28. 01. 2011 ж. Қазақстан халқына Жолдауы. Болашақтың іргесін бірге қалаймыз! [Электрондық ресурс]: http://adilet.zan.kz

2 Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 17. 01. 2014 ж. Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. [Электрондық ресурс]: http://adilet.zan.kz

3 А.Қ.Әлімов Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері.- Алматы 2013ж. 446 б.



4 Г.Ө.Байташева Экологиялық білім беру және дүниетаным. – Алматы 2013ж. 254 б.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет