Студент жұмысты толық жазбаша орындап, қойылған сұрақтарға дәйекті және анық жауап береді. Оқытушының тапсырмаларына жоғары деңгейде әзірленеді. Оқу курсының барлық материалдарын толық меңгерген, арнайы терминологияны біледі, өз пікірін ашық және дәлелді тұжырымдармен айта алады. Тақырыпқа қосымша мысалдар келтіре отырып, жоғары нәтижеге қол жеткізе біледі.
70-89
Берілген тапсырмаларды толық емес, тек үштен екі бөлігін орындайды. Тақырыпты анық түсінгенімен, мысалдар келтіруде қателіктер жібереді. Оқытушыға өз ойын айқын жеткізе алмауынан тиісті нәтижеге жете алмайды.
50-69
Оқутышының тапсырған практикалық жұмыстарының жартысын ғана орындайды. Жазбаша жауап беру кезінде үлгілік мысалдар келтіре алмайды. Сұрақтарға толық емес, қисынсыз жауап қайтарады және өз тұжырымдарын келтіруде өрескел қателіктер жібереді.
0-49
Тапсырманы қанағаттанарлықсыз деңгейде орындайды, оқытушының басқа да сауалдарына жауап бермейді.
Тапсырмаларға дәл және толық түрде орындаған. Өзіндік жұмыс барлық белгіленген стандартқа сай рәсімделген. Жұмыста теорияларға қатысты нақты тұжырымдамалар келтірілген және студент өз пікірін дәлелді әрі сенімді түрде қорғап, сұрақтарға толыққанды жауап береді.
70-89
Өзіндік жұмысты орташа деңгейде орындаған. Қойылған сұрақтарға жауап беру кезінде студент толық емес жауап беріп, өзінің көзқарасын нақты жеткізе алмайды. Жұмысты ережелерге сай рәсімдеуде қателіктер кездеседі.
50-69
Оқытушының тапсырған жұмыстарының екіден бірін немесе одан төмен деңгейде орындайды. Сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды. Жұмысын рәсімдеуде маңызды қателіктер бар. Тапсырмаларына қорытынды жасауда пікірін әрдайым толық білдірмейді.
0-49
Берілген тапсырмаларға қанағаттанарлықсыз жауап береді. Оларды орындау кезінде өрескел қателіктер жібереді.Тапсырмауға қатысты қорытындылары немесе өз пікірлері мүлдем жоқ, жұмысты рәсімдеуде стандарттарға сәйкес келмейді. Жұмысты қорғау кезінде нақты түсінігі жоқ, қате тұжырымдар жасайды.