Дәріс №13 Тақырыбы: Мемлекеттік қызметті тоқтату.
Мақсаты: Мемлекеттік қызметшілердің қызметін тоқтату себептерін анықтау және олардың заңсыз жұмыстан шығарылғаны үшін шағым жасау құқығының қорғалуы арқылы азаматтардың теңдігін қамтамасыз ету мәселелерін толығымен қарастыру.
Жоспары: 1. Мемлекеттік қызметті тоқтату негіздерін топтастыру.
2. Мемлекеттік қызметті тоқтату тәртібі.
3. Заңсыз жұмыстан шығаруды сот арқылы қорғау.
Мемлекеттік қызметті әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің тоқтатуы үшін Қазақстан Республикасының «Мемлекетік қызмет туралы» Заңында қосымша негіздер қаралған. Заңның 27-бабының 1-тармағында қызметкерлер өз еркімен жұмыстан шығуы туралы өтініш бере алатындығы айтылған. Бұл жерде мемлекетік қызметкердің қызметін өз еркімен тоқтатуын жазбаша өтінішінде өзінің еркі туралы анық көрсетілген. Жалпы ереже бойынша қызметкер өзінің жеке еңбек келісім-шартын бұзуын мемлекеттік органның басшысын жазбаша түрде 1 ай бұрын ескертуі тиіс (Еңбек туралы заңның 28-бабы). Осыған сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкер ескерту аяқталғаннан кейін жұмысты тоқтатуына құқылы, ал мекеменің басшысы оған барлық есебін беруге тиісті. Мемлекеттік қызметкер жұмыстан өз еркімен шығуы туралы өтінішін демалысы кезінде және ауырған мезгілінде де беруіне құқылы. Бұл жерде демалыс уақыты мен ауырған мезгілі ескерту мерзіміне кіреді.
Заңмен қарастырылғандай, мемлекеттік қызмет туралы заңның 27-бабының 2-тармағында мемлекеттік қызметті келісімнің мерзімінің аяқталуына не келісімді бұзуына байланысты жолдары қаралады. Бұл орайда мемлекеттік қызмет келісімінің біту мерзімімен не келісімді жаңа мерзімге созу жалғастырылмауына байланысты қызметі тоқтатылады. Тәжірибе бойынша келісімнің уақыт мерзімі біткенше екі жа оны жалғастыруы не тоқтатуы туралы мәселелерді қарайды. Егер келісімге өзгертулер енгізу, не басқа да қосымшалар енгізуі туралы екі жақтың келісім-шарты бойынша келісім қайтадан жасалады. Қайта келісім-шарт жасалуы туралы екі жақтың қолдары қойылып, әкімшілік мемлекеттік қызметкердің еңбек кітапшасына жазылады.
Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 27-бабының 3-тармағы әкімшілік мемлекеттік қызметкердің өзінің табысы мен мүлкі жайлы жалған мәлімет беруіне байланысты мемлекеттік қызметті тоқтатуы туралы қарастырған. Бұл орайда әкімшілік қызметкер мемлекеттік қызметке түсуі туралы заңға қарсы шыққандығы туралы айтқанда «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (13-бап, 2-тармағы) әр азаматтың мемлекеттік қызметке орналасу үшін салық қызмет органдарына өзінің табыстары мен мүлкі туралы (жеке меншігі), салық салынатын жеке меншіктер туралы мәліметтерді беруі қажет. Ал әкімшілік мемлекеттік қызметкерінің бұл тәртіпті қатаң бұзуы мемлекетке өзінің зиянын келтіреді, сондықтан бұндай құқыққа қарсы әрекет оның мемлекеттік қызметте істеуіне мүмкіншілік бермейді.
Мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздері:
1) олардың өз тiлегi бойынша жұмыстан босату туралы арыз беруi;
1-1) тараптардың өзара келісуі бойынша еңбек шартын жасасу жолымен олардың мемлекеттік қызметте болу мерзімін жыл сайын ұзарту құқығымен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;
2) еңбек шарты мерзiмiнiң бiтуi не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша келiсiм-шарттың бұзылуы;
3) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз табысы мен мүлкi туралы көрiнеу жалған мәлiмет беруi;
4) Заңда белгiленген мiндеттер мен шектеулердi сақтамауы;
5) меншiк құқығымен тиесiлi мүлiктi сенiм бiлдiрiлген басқаруға бермеуi;
6) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;
7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауы;
7-1) соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;
7-2) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын жұмыстан босатылған адамды, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдауы; ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттық қылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы оған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот тоқтатқан не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органы бас тартқан адамды мемлекеттік әкімшілік қызметке қабылдауы;
7-3) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтатуы, сондай-ақ ұйымдасқан топтың, қылмыстық қоғамдастықтың (қылмыстық ұйымның), трансұлттық ұйымдасқан топтың, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтың (трансұлттыққылмыстық ұйымның) немесе тұрақты қарулы топтың (банданың) құрамындағы қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың тоқтатуы не Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шектегі мерзімі өткенге дейін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан қылмыстық қудалау органының бас тартуы;
7-4) мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтердi беруі;
7-5) мемлекеттiк лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
8) Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымды конкурстан тыс атқаруы;
9) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;
9-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздемелер негіз болып табылады.
Қызметтік міндеттеуін дөрекі түрде бұзу, құқыққа сай келмейтін әрекеттер жасау т.б. әрекеттер негізінде саяси мемлекеттік қызметкер жұмыстан қысқартылуы мүмкін. Қысқарту негіздері мен тәртіптерін ҚР Президенті бекітеді. Қысқарту мен отставканы шатастыруға болмайды.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметті тоқтату негіздері:
1) өз еркімен жұмыстан келу туралы өтініш беру;
2) тұлғаның зейнеткерлік жасқа келуімен. Бұл жасты ҚР-ның заңдары бекітеді.
3) ҚР заңдары қарастырған негіздер бойынша контрактіні бұзу немесе контурыктінің әрекет ету мерзімінің аяқталуы.
4) Әлеуметтік мемлекеттік қызметкердің кірістерімен мүлкі туралы жалған ақпарат беруі.
5) Осы заң бекіткен міндеттер мен құқықтарды сақтамау.
6) Меншік қарамағындағы мүлікті сенімгерлік басқаруға тапсырмау.
7) ҚР-ның азаматтығынан айырылуы.
8) Коррупциялық құқық бұзушылық жасау.