Дәріс №15 Тақырыбы: Басқарудың құқықтық актілері.
Мақсаты: Мемлекеттік басқару актілерінің түрлерін анықтау және оның мемлекеттік басқару субъектілері үшін маңызын айқындап, оның топтарға жіктеу.
Жоспары: 1. Құқықтық актілер және оның белгілері.
2. Басқару актілерінің заңдылық сипаттамасы.
3. Басқару актілерінің қолданылу аясы.
4. Басқару актілері заңдық қасиеттері және қабылдану тәртібі бойынша жіктелуі.
Басқару актілері мына жағдайларға:
— басқарудың басқа да актілерін шығаруға негіз ретінде (мысалы, жоғары тұрған орган шығарған акт негізінде төмен тұрған орган акт шығарады);
— сотта дәлелдеме ретінде, соттың істі қорғауға негіз ретінде (қызметкерді жұмыстан шығару, жауаптылық шараларын қолдану);
— басқа актілердің жарамдылық жағдайына (мысалы, қару-жарақ сатып алуға берген рұқсаты және т.б.) қолданылуы мүмкін.
Басқару актісінің заңнан айырмашылығы — оның заңға тәуелділігінде, яғни ол заңның негізінде және заңды орындауға байланысты шығарылады. Заң — құқықтық акт жүйесінде ең жоғары заңдылық күші бар акт.
Басқарудың құқықтық актілері – атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың белгіленген тәртіппен шығаратын, мемлекеттік биліктік сипаты бар, басқару қатынастарын реттейтін немесе нақты басқару ісін шешетін заңға тәуелді заңды актісі.
Басқарудың құқықтық актілері атқарушы билік органдары мен лауазымды тұлғалардың заңдардың орындалуын қамтамасыз ету қызметімен тығыз байланысты болады, сондықтан да олардың актілері құқықтық сипатта болады. Атқарушы билік органдарының құқықтық актілерді шығаруы басқару міндеттерін жүзеге асыру қажеттілігінен туындайды. Сонымен, басқарудың құқықтық актілері атқарушы биліктің мақсаттарын жүзеге асырушы маңызды құралы болып есептеледі.
Заңдық қасиеттері бойынша:
а)нормативтік;
ә)жеке дара;
б)аралас құқықтық актілер болуы мүмкін.
Қабылдау тәртібіне байланысты құқықтық актілер бөлінеді:
а)алқалық;
ә)жекедаралық.