Білім беру бағдарламасы: 6В06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникация


Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылау жасау



бет2/2
Дата25.04.2023
өлшемі25,22 Kb.
#175348
түріБілім беру бағдарламасы
1   2
Байланысты:
ұлттық қауіпсіздік 5 нұсқа Еркен Бақытжан

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылау жасау
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiне бақылауды Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
2. Ведомстволық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасына жүктеледi.
25-бап. Ұлттық қауiпсiздiк органдарының қызметiнде заңдылықтың сақталуын қадағалау
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының анықтау, тергеу, әкімшілік іс жүргізу және жедел-iздестiру қызметi заңдылығының сақталуына жоғары қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және ол уәкiлеттік берген прокурорлар жүзеге асырады.
Қорытынды
Негізінде, қазір мемлекеттік күш органдарын қолданудың дәстүрлі тәсілдері мен принциптерін басшылыққа алу өте маңызды. Бұл үрдіс ұлттық қауіпсіздіктің қатерлеріне қарсы тұру үшін де қажет. Осыған орай Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен елімізде Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесі құрылғаны белгілі. Осы кеңестің басшылығымен елдегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау және іске асыруды бағалау тәрізді міндеттер орындалады. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі дайындаған ұсыныстар мен ұсынымдар еліміздің қауіпсіздігін одан әрі нығайтатынына сенімдіміз.
Ал жалпы, Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі функцияларын айтпай кетуге тағы болмайды. Аталмыш кеңестің негізгі міндеттеріне:
А) Ұлттық қауіпсіздікті және елдің халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру;
Ә) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
Б) Ел дамуының аса маңызды бағыттары бойынша мемлекеттің стратегиялық құжаттарының орындалу жай-күйін мониторингілеу және бағалау;
В) Мемлекеттік бағдарламаларды, заң жобаларын, маңызды сыртқы саяси және өзге де мемлекеттік маңызды бастамаларды кешенді талдау және бағалау, сондай-ақ елдегі ахуалды, әлемдік және өңірлік үрдістерді дамыту, ұлттық қауіпсіздіктің ішкі және сыртқы қатерлерін болжау;
Г) Ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы қызметтің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы баяндамасын тыңдау
Д) Елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын тыңдау
Ж) Ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілеті мен құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасы Заңдарының орындалуын, оның ішінде осы мақсаттарға бағытталған қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру
З) Орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшылары лауазымына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау енеді.

Пайдаланылған әдебиеттер


Интернет көздері:

  1. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1200000527 Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы

  2. https://qamshy.kz/article/55499-ulttyq-qauipsizdikti-qamtamasyz-etu-%E2%80%93-memleketimizdinh-ozekti-mindeti

  3. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002710_ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет