Курстық жобаны рәсімдеу формасы.
Титул парағы.
Мазмұны.
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
Курстық жоба А4 форматындағы ақ қағаз парағының бір жағында компьютер мен принтерді қолдана отырып, баспа түрінде Times New Roman шрифтімен, жоларалық интервал - 1 талаптарын сақтай отырып жасалуы керек.
Курстық жобаның мәтіні парақ бетінің келесі өлшемдерін сақтай отырып басылуы керек: сол жағы – 30 мм, жоғарғы жағы – 20 мм, оң жағы – 10 мм және төменгі жағы – 25 мм.
КЖ жалпы көлемі баспа парақтарының 20-25 бетін құрайды.
Курстық жобаның парақтары араб цифрларымен нөмірленіп, бүкіл мәтін бойынша үздіксіз нөмірленуі керек. Бет нөмірі парақтың төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Титулдық парақ беттердің жалпы нөмірленуіне қосылады. Титулдық парақтағы бет нөмірі қойылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |