Асқазанның сөл түзу және қимылдық әрекеттерінің бұзылыстарының себептері мен механизмдері.
Патологиялық секреция түрлері.
Асқазан жара ауруының этиологиясы және патогенезі.
Асқазан жара ауруының эксперименттік үлгісі.
№1. Тәжірибе. Жараны көру және қарын сөлін алу үшін асқазанды жарып көру.
Бұл тәжірибе бірінші тәжірибенің жалғасы. Бұдан 24-48 сағат бұрын операция жасалған мұжма тышқа нға наркоз, беріп шалқасынан тақтайшаға бекітеді. Жараны тіккен жіптерді қиып, тесікті ашып кеңітеді, асқазанды сыртқа шығарады. Асқазанның пилорус және кардиальды бөліктеріне лигатура салып, қатты байлайды. Екі лигатураның арасында асқазанды кесіп алады. Байқап асқазан сөлін аяқшаға жинайды. Пилорустан бастап асқазанды үлкен қыйсығы бойынша ұзына бойы жарады. Саусақтармен жазап, асқазанның кілегей қабығын дымқыл тампонмен сүртеді, лупа арқылы жараны табу керек, оның дамыған жерін, көлемдігін анықтау керек. Жараның пайда болу механизмі қандай?