Білім беру бағдарламасы: 6В10102- «Жалпы медицина»


Эритроциттердің патологиялық түрлері екі топқа бөлінеді



бет15/18
Дата26.09.2023
өлшемі0,82 Mb.
#182553
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Силлабус каз жм 3 курс 22-23 ж

Эритроциттердің патологиялық түрлері екі топқа бөлінеді:

  1. Дегенеративті эритроциттер (жеке негізді өзгерген).

  2. Дегенеративті (жас) эритроциттер.

Дегенеративті эритроциттер:

  1. Анизацитоз-мөлшері әртүрлі эритроциттер.

  2. Пойкилоцитоз-сырт пішіні әртүрлі эритроциттер.

  3. Анизохромия-эритроцит цитоплазмасында гемоглобиннің біркелкі орналаспауы (шетте, жинақтаулы).

  4. Жолли денешіктері-эритроциттерде ядроның қалдықтары.

  5. Эритроциттерде базофилді түйіршіктер.

Эритроциттердің регенеративті түрлері:

  1. Нормобластық-ядросы бар эритроциттер (жетілу деңгейіне қарай базофильді, полихроматофильді, оксифильді түрлерін айыру).

  2. Полихроматофилдер (цитоплазмасы күлгін түсті эритроциттер).

  3. Ретикулоциттер (егер 1000 эритроциттерге олардың саны 10-нан асса).

  4. Мегалоциттер.




8

Әр түрлі лейкоздар кезіндегі қан жасалуының және перифериялық қанның клеткалық құрамының патофизиологиялық ерекшеліктері

  1. Гемабластоздар: жалпы сипаттама және түрлері

  2. Лейкоз анықтамасы және жалпы сипаттама

  3. Лейкоздардың жіктелісі

  4. Жедел және созылмалы лейкоздардың гематологиялық және цитохимиялық ерекшеліктеріне салыстырмалы сипаттама

  5. Лейкоздардың даму себептері.

  6. Балалардағы лейкоз, этиологиясы және даму механизмі

  7. Гемостаз бұзылысы, түрлері және себептері

  8. Балалардағы геморрагиялық диатез.

№ 1 тәжірибе. Лейкозбен ауыратын науқастың қан жағындысының микроскопиялық көрінісін оқу.
Өзіндік жұмысқа 2 жағынды беріледі:
А) жедел және созылмалы лимфолейкозбен ауыратын науқастың шеткі қан жағындысы.(лейкемиялық нұсқа)
В) жедел және созылмалы миелолейкозбен ауыратын науқастың шеткі қан жағындысы.(лейкемиялық нұсқа)
Лейкоцитарлық формуланы есептеу жүргізіледі.
Келесі сұрақтарға жауап бере отырып, нәтиже және қорытынды жасалады.
1. Анықталған лейкоцитарлық формула негізінде қан жүйесінің қандай бұзылысы екенін білеміз.
2. Берілген науқаста лейкоздың қай түрі анықталды?
3. Қандай гематологиялық көрсеткіштер негізінде қорытынды жасауға болады?

2

9

Гемостаз бұзылысы. ШТҰ смндромы

  1. Тромбоцитопениялар және тромбоцитопатиялар: түрлері, себептері

  2. ШТІҰ синдромының этиологиясы

  3. ШТІҰ синдромының сатылары және патогенезі

№ 1 тәжірибе. Эритроциттердің тұну жылдамдығы.
Алдыңғы тәжірибеден қалған қанды Панченко құралының капиллярына жоғарғы белгісіне дейін толтырады. Капиллярды штативке тігінен бекітіп бір сағатқа қалдырады. Уақыт өткен соң эритроциттердің тұну
жылдамдығын анықтайды.(мм/сағ.) Сау және сәуле ауруына ұшыраған жануарлардың қанының эритроциттер тұну жылдамдығын салыстырып, қорытындылайды.

2

10

«Зәр шығару жүйесінің» модулі.
Бүйрек патологиясының кейбір түрлерінің этиологиясы және патогенезі. Жедел және созылмалы гломерулонефрит, нефротикалық синдром

  1. Жедел және созылмалы гломерулонефриттердің этиологиясы мен патогенезі.

  2. Нефротикалы, нефритикалы, зәр синдромы, этиологиясы және патогенезі

  3. Бүйрек аурулары кезіндегі зәрдегі сапалы өзгерістер

  4. Балалардағы негізгі бүйректік синдромдар.

  5. Балалардағы дизуриялық бұзылыстар және азотемиялық синдромдар.

№1 тәжірибе. Несеп тұнбасын зерттеу.
Анализге тапсырылған аурудың несебін алып, центрифугаға айналдырып, тұнбасын қалдырады. Тұнбаның 1 тамшысын заттық әйнекке тамызып, үстіне жапқыш әйнек салады. Микроскоптың 1х8, 1х 40 обьективтері арқылы қарайды. Тұнбада эритроциттер, шырыштық қабық клеткалар, цилиндрлер, тұздар болады. Суретін салу керек.

2

11

Бүйректің қабыну үрдістерінің этиологиясы және патогенезі. Бүйрек- тас ауруы

  1. Бүйрек қызметінің бұзылыстарының себептері және шумақтық сүзілудің, каналшалары реабсорбциясының және секрециясының бұзылыстары.

  2. Жедел және созылмалы қабыну процестерінің этиологиясы мен патогенезі

  3. Бүйрек қызметтерінің бұзылыстарының көріністері.

  4. Бүйрек аурулары кезіндегі зәрдегі сапалы өзгерістер

  5. Бүйрек тас ауруы. Этиологиясы, патогенезі.

№1 тәжірибе. Ауру адамның несебінің меншікті салмағын анықтау.
Несептің меншікті салмағын урометрия әдісімен анықтайды. әйнек цилиндрге (100-150мл) несеп құйып, оған урометрді жайлап салады, ол қалқып жүру керек. Қалыпты несептің меншікті салмағы 1,008-1,024 патология кезінде көбейеді немесе азаяды.

2

12

«Эндокрин жүйесінің» модулі.
Бүйрекүсті безі патофизиологиясы. Жалпы адаптациялық синдром

1. Біртұтас кортикостероидты жетіспеушілік
2. Бүйрек үсті безі созылмалы жетіспеушілігіндегі су, минералдар және көмірсу алмасуының бұзылыстары.
3. Гиперкортизолизм
4. Альдостеронизм
5. Адреногенитальдық синдромдар.
6. Жалпы бейімделушілік синдромның механизмі және сатылары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет