Білім беру бағдарламасы: 7M01704 Шет тілін оқыту методикасы


Адамзаттың сандық сипаттамалары



бет2/6
Дата12.12.2023
өлшемі66,74 Kb.
#196664
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жоба философия
Сыни ойлау-1 (1), Танымал тұлғалар 5қ, Кейіпкерлер бейнесі 10ә
Адамзаттың сандық сипаттамалары
Ұлы географиялық жаңалықтар кезеңінде халық санының қарқынының артуы экспоненциалды заңдылыққа жақындады. Кейін Жердегі адамдардың санының артуы гиперболалық сипатқа ие болды. 1600 жылдан 1990 жылға дейін Жердегі халық санының өсуі дәлме-дәл дерлік (максималды ауытқу 5%) гиперболалық эмпирикалық теңдеуімен сипатталады:
Бұл теңдеу бойынша 2030 жылы халық саны шексіз болуы керек. Бірақ бұл мүмкін емес, сондықтан халық саны осы кезеңге дейін өсіп келген заңдылық өзгеруі тиіс. Шындығында соңғы жылдары 80-жылдардың аяғынан бастап, салыстырмалы өсім артпай отыр. Халық санының өсуі сызықтық өсімге жақындады (жылына абсолюттік өсім, шамамен 86 млн. адам). БҰҰ халық саны бойынша қорының эксперттерінің болжамдары бойынша (1995 ж.) бұл қарқын 2015 жылға дейін сақталады да, адам саны 7,5 млрд.-қа жетеді. XX ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Соңғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазір өмір сүретін адамдардың 3/4-і сәйкес келеді. Ғасырдың екінші жартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млн.-ға артып отырды. 50-жылдары 533 млн болса, 60-жылдарда — 66,7 млн, 70-жылдарда — 70,3 млн, 80-жылдарда — 86,4 млн. адам. Адам санының 1 млрд-тан — 2 млрд-қа өсуі үшін 107 жыл қажет болса (1820-1927 ж), ол 3 млрд.-қа дейін - 32 жыл (1959 ж) 4 млрд.-қа - 15 жыл (1974), 5 млрд-қа - 13 жыл (1987), 6 млрд.-қа - 12 жыл (1999), халық санының соңғы рет екі еселенуіне небәрі 38 жыл қажет болды
Жердегі халық санының өсуі 500 жылдан 2150, БҰҰ 2004 жылғы жобасы боййынша[1] (қызыл, сары, жасыл) және АҚШ Орталық бюро тарихи есебі[2] (black). Only the section in blue is from reliable counts, not estimates or projections.
Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторынан басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. XX ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылады, 1990-1995 жылдары дүние жүзіндегі жалпы туу коэффициенті 24,6% дейін кеміді, жалпы өлім коэффициенті 9,8% болса, табиғи өсім коэффиңиенті - 14,8% құрады. Қазір көбеюдің шамамен осындай көрсеткіштері сақталуда. Әр минут сайын жерде 270 бала өмірге келсе, әр жастағы 110 адам өледі де дүние жүзі халқы 160 адамға өсіп отырады. Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсуіне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер — Қытай, Үндістан, Индонезия берсе, ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған (8-кесте). 8-кесте Кейбір Африка мемлекеттерінде салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек — XIX ғасырда байқалған. Бұл елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән. Өтпелі кезеңдегі халық санының өзгеру сипатына қарай 4 сатыны бөліп көрсетуге болады. Бірінші сатысы кезінде өлім мен туылу күрт төмендейді, бірақ өлім коэффициентінің төмендеуі туу коэффициентінің төмендеуінен алда болады. Сондықтан, халықтың өсімі артады. Мұндай жағдай көптеген дамушы елдерде қалыптасып отыр, ал дамыған елдер бұл кезеңнен XX ғасырдың ортасында өтіп кетті. Екінші сатысыида өлім минимумға жетеді де, одан төмендемейді, бірақ туылу төмендей береді. Сондықтан, халық өсімі баяулайды. Үшінші сатысында халықтың қартаюына байланысты өлім коэффициенті артады, сонымен қатар туылудың төмендеуі баяулайды. Үшінші сатының соңына қарай туу коэффициенті халықтың жай көбеюінің деңгейіне жақындайды, ал өлім коэффициенті бұл деңгейден төмен болып қалады, себебі халықтың жастық құрамы әлі де тұрақты емес. Экономикалық жағынан дамыған елдер өтпелі кезеңнің осы сатысына жақын. Төртінші сатысында өлім коэффициенті арта отырып, туу коэффициентіне жақындайды да, демографиялық тұрақтану аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет