2 БӨЛІМ . «ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ» Демографиялық мәселелер мен қоршаған ортаның жағдайы Қазіргі кездегі демографиялық және экологиялық жағдайда қоршаған ортаға тек бай (өнеркәсібі дамыған) елдер ғана емес, сонымен қатар кедей (аграрлық) елдер де теріс әсер етеді. Өнеркәсібі жоғары дамыған, бай елдердің қоршаған ортаға әсері олардың табиғатты тікелей бұзуымен емес, техногенді ластануға байланысты. Дүние жүзінің халқының 20—25%-ын құрайтын бұл елдердің халқы қоршаған ортаға ластанулардың 80%-ын шығарады. Бұл жағдайда қоршаған ортаны бұзатын фактор халықтың саны емес, өндіріс пен онымен бірге жүретін байлық болып табылады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тағы молшылық кезінде, американ маманы В. Лебоу: «Біздің өте жоғары өнімді экономикамыз тұтынуды — өмір сүру салтына айналдырып отыр, яғни затты сатып алу мен пайдалану күнделікті дәстүрге айналды. Бізге заттардың көп мөлшерде сатылып, одан соң тасталып және басқалармен көп мөлшерде ауыстырылып отырғаны қажет» — деді. Қазіргі кезде ғаламшарымыздың әрбір тұрғыны XIX—XX ғасырлар соңында өмір сүрген ата-бабаларымен салыстырғанда шамамен 4,5 есе бай болғанымен, жердегі халықтың өмір сүру жағдайының деңгейі бірдей емес. 1 млрд. өте бай адам болса, ал 1 млрд. өте мұқтаждық жағдайында өмір сүреді. Байлықты доллармен есептегенде дүние жүзінде 157 миллиардер, 2 миллионға жуық миллионерлер және күндік табысы АҚШ-тың 1 долларынан кем болатын 1,5 млрд.-тан астам адамдар бар. Америкадағы балалардың өздерінің күнделікті қажеттіліктеріне жұмсайтын ақшасының мөлшері (жылына 230 доллар), планетаның жарты млрд. кедей адамдарының өмір сүруіне жұмсайтын мөлшерінен артық. Шектен тыс көп тұтынуға қарама-қарсы кедейлік — экологиялық, әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Кедей елдерде қоршаған ортаға әсер экожүйелерге жасалатын шектен тыс қысым нәтижесінде табиғатты тікелей жоюмен байланысты. Бұл ормандардың жойылуы және басқа экожүйелердің бұзылуы, ресурстардың сарқылуы және т.б. арқылы көрінеді. Мұндай жолмен табиғаттың бұзылуының негізгі себебі кедейлік болып табылады. Себебі, күнделікті бір күнін қалай өткізуді ойлауға ғана мәжбүр адам өзін қоршаған орта мен табиғатты қорғау туралы ойлауға қабілетсіз. Қоршаган ортаиың бұзылуы адамдар өте бай болғанда да және өте кедей болғанда да орын алады. Бірақ, жердің табиғат ресурстарына келтіретін зиянкестігі үшін жауапкершіліктің басым бөлігі 1 млрд. бай адамдардың үлесіне тиеді. Өнеркәсібі дамыған елдер болат өндірудің шамамен — 2/3, қорғасын, мыс, никель, қалайы, цинктің — 2/3 астам бөлігін, энергияны пайдаланудың 3/4 көлемін құрайды. Сонымен қатар, соңғы 100 жылда индустриалды дамыған елдердің шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераға парниктік эффект туғызатын газдардың 2/3 бөлігін шығарған. Бұл елдердегі энергияны пайдалану қышқылдық жауын-шашындардың түсуіне әкеліп соқтыратын күкірт пен азот тотықтарының жалпы көлемінің шамамен 3/4 бөлігін шығарады. Дамыған елдердің өнеркәсібі зиянды химиялық қалдықтардың көп бөлігін және галогенді көмірсулардың 90%-ке жуығын береді. Өнеркәсібі дамыған елдердің экономикасының дамуының көзі — қоршаган орта есебінен тапшылықты қаржыландыру болып табылады. Яғни олар пайдаланған табиғат ресурстары мен биосфераның ластануы үшін табиғатқа келтірілген зиян өтелмейді. Бұл елдердің «экологиялық қарызы» үздіксіз өсуде: өсу жылдамдығы жыл сайын триллион доллармен есептеледі. Тек жер атмосферасындағы көмірқышқыл газының концентрациясын өнеркәсіптік қызметі нәтижесінде кеміту үшін жылына 625 млрд. доллар мөлшерінде күрделі қаржы жұмсау қажет. Көптеген дамыған елдерде зиянды заттарды қоршаған ортаға шығаруға рұқсат етілетін нормалары белгілеиген. Бұл нормалардың артып кетуіне жол берген өндірушілер табиғат қорғау шараларына жұмсалатын ірі қаржылай айыппұл төлейді. Бірақ, іс жүзінде бұл талаптар тек өзіиің еліне қатысты ғана орындалып келеді. Өз елінің территориясынан жүздеген, мыңдаған км қашықтықта орналасқан елдерге келтірілетін шығын үшін айыппұл төлеу туралы әңгіме де қозғалмайды. АҚШ және басқа да дамыған елдер экологиялық жауапкершілікті негізінен дамушы елдерге ауыстыруда. Олардың ойынша экологиялық лас өндіріс орындары үшінші әлем елдерінде орналасқан, сондықтан табиғатқа жасалған зиянкестіктің орнын солар толтыруға тиіс. Ал бұл өнеркәсіп орындарын дамыған елдердің ұйымдастырғаны, өндірілген шикізат пен өнімдік салығынан өздерінің алып кететіидігі туралы айтылмайды. Дамушы елдердің жерінде өзінің өнеркәсіп орындарын сала отырып, дамыған мемлекеттер, тек оларға жасалып жатқан «көмек» туралы айтады. Дүние жүзіндегі қаржы айналымы 1980—1990 жылдар аралығында төмендегідей болған: дамыған елдерден дамушы елдерге — 49 млрд. доллар, дамушы елдерден дамыған елдерге — 242 млрд. доллар. Олай болса, табиғат ресурстарының сарқылуы және қалпына келмейтінін түсіну дүние жүзіндегі әлеуметтік теңсіздікті одан әрі шиеленістіріп жіберді. Өкінішке орай бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер — кедейленуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады. Сөйтіп кім үйленіп, отбасын реттеп – жоспарлау “жалпыхалықтық құндылыққа” айналады. Соңғы кездердегі “Жоспарлы отбасы” атты ұғымның да қалыптасуы соның салдары. Ол түсінікке медициналық терминмен айтқанда, контрацепция (лат. тілінде жүктілікке қарсылық), аборт, тау, стерилизация (лат. тілінде жоғарғы қызу арқылы және басқа амалдармен бойға бала бітірмеу) кіреді. Осының өзінен – ақ мәселенің байыбына баруға болады ғой. Оны айтасыз, статистикалық мәліметке қарағнда, Қазақстандағы үлкен, тіпті, кейбір ауылдардағы аяғы ауыр 10 әйелдің 7-уі жасанды түсін жасатады екен. Сондықтан, кез-келген шетелдің көмегіне жығыла кетпей, түп-төркінін зерттеген жөн. Бізге қазір ұлттық – демографиялық императивті және иммунитетті қалыптастыру керек. Оны саясатпен араластыруға болмайды. Бұл бізде бұрын жақсы жетіліп, қалыпты тіршілікке айналған болатын. Оның ырғағын бұзған өзгеге еліктеу мен бейімдеушілік. Одан да батырып айтсақ сана-сезім бодандығы. Отбасындағы жоғарыдағыдай келеңсіздікке жол бермес үшін демографиялық саясат пен отбасы мәселесі бойынша үкімет аралық комитет құрылуы тиіс. Қазіргідей жағдайда оның ұлттық қауіпсіздігіміздің бірден – бір негізгі болары даусыз.